Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алдар көсе Шықбермес Шығайбай

24 ақпан 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Алдар көсе Шықбермес Шығайбай

Мақсаты: Ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру. Ертегілердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау. Ым - ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау. Ертегі кейіпкерлердің сипаты арқылы жақсы қасиеттерге баулу.
Жылы лебіз:
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Балалар үстелдің үстінен не көріп тұрсыңдар?
Кітаптар.
Қандай кітаптар
Ертегі кітаптар
Ертегі қалай басталады?
Ерте, ерте ертеде. Ешкі жүні бөрте де.
Театр дегеніміз не?
Қандай театрларды білесіңдер?
Б: көлеңке театры, қуыршақ театры, саусақ театры, конус театры, т. б.

Ойын. Әр түрлі ертегі кейіпкерлерін бейнеле.
Шарты: Ертегі кейіпкерлерін алып, әртүрлі театрмен сипаттау.
Ой қараңдар мына жерде сандық тұр. Ішінде не бар екен. Сандықты ашып домбыра, тақия, қамшы, жыртық шапан алып шығады. Қандай ертегі кейіпкердікі.

Б: Алдар көсе
Алдар көсе қандай кейіпкер?
Б. Көңілді, байларды алдап, кедейлерге көмек береді, әрдайым ән айтып жүреді.
Ойын. «Алдардың бет бейнесін тап?»
Шарты. Әртүрлі бет келбеттер тұрады. Айтылған бет келбетті тауып алады.

Әнің айтып Алдар келеді. Сәлем достар мені таныдыңдар ма?
Б: Алдар көсе
Мен сендерге ұлттық ойынымды алып келдім.
Ұлттық ойын: «Теңге алу»

Б: Алдар сіз байды қалай алдайсыз? Соны бізге айтып беріңізші.
А: байды қалай алдайтынымды қараңдар.
Сахналау: Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе
Ерте ерте заманда Шықбермес Шығайбай деген бай болыпты. Оның мыңдаған қой, жылқы, түйелері болыпты. Байыған сайын сараң болыпты. Өмір бойы Шығайбай ешкімге бір үзім нан бермепті. Бір күні Алдар көсе шығайбайдың ауылына келіп, киіз үйдің артына барып тығылып қарапты. Шығайбай шұжық жасап, әйелі қаздың жүнін түтіп, үй жинастырушы қойдың басын жуып, қызы қамыр басып отыр екен. Ортада қазан қайнап тұр. Бір кезде Алдар көсе киіз үйге кіріп Ассалаумалайкум дегенде барлығы қолдарындағыны тығып тастайды..
Қош келдің Алдар. отыр қонақ бол. Бірақта үйде саған беретін тамақ жоқ.
Жылы лебізіне де рахмет.
Не көрдің, не естідің!
Мен өзім көргенді айтайын. Саған келе жатқанда жолда үлкен сұр жылан маған қарай ирелендеп келе жатыр екен. Мені көре сала сенің астыңдағы шұжық сияқты бүктетіліп қалды, мен қорыққанымнан үй жинастырушының астыңдағыдай қойдың басы сияқты тасты алып, лақтырып жіберіп едім қызыңыздың тығып қойған қамыр сияқты болып қалды. Егерде маған сенбесеңдер әйеліңнің тығып қойған қаз сияқты мені түтіп тастаңдар.
Барлығы ашуланып қайнап тұрған қазанға салып жібереді.
Бәрі: Бес ай қайна дейді.
Алдар мен ешқайда асығып отырған жоқпын, он ай демалып алайын дейді.
Түнде барлығы ұйқыға кетеді. Алдар барлығы ұйықтады дегенде жайлап тұрып, қазандағы еттің барлығын жеп, орынына қызының етігін салып қояды.
Түнде бай тұрып, етті жеп еді қатты болады. Мына ет әлі қатты ғой. Тығып қойындар ертең жейміз деп ұйықтап қалады.
Бай: мына алдардан қалай құтыламын. Қарным қатты ашып кетті. Маған күлше пісіріп берші. Бірақта Алдар көсе көрмесін. Алдар көсе бұны байқап қалады. Күлшені ыссылай байға береді. Бай үзіп жей бергенде алдар байқап қалады. Сол кезде бай ішіне тығып қояды.
Мен бүгін жол жүремін. Қонақжайлығына көп рахмет деп байды құшақтайды. Сол кезде байдың іші күйіп қалады. Ойбай ішім күйді. Мә ал күлшені. Осыны жеп кет дейді
Алдар әнін айтып шығып кетеді.

Қорытындылау Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбайды орамал театр кигізіп сипаттама беру.
Алдар көсе. көңілді, кедейлерге көмек береді. Байларды алдайды.
Бай сараң, тек өзін ойлайды, кедейлерді қорқытады, аңқау.
Мақал: Өзгені алдағаның, өзіңді алдағаның.
Өтірік сөз, өрден құлатады.
13 531
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аңыздар. Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай
Аңыздар. Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай
Аңыз жанры туралы түсінік қалыптастыру; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, адалдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауға баулу.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау. Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеті мен жүріс тұрыстарын қызығушылықтарын қалыптастыру
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апарып, театр түрлерін ажыратуға, театрға барғанда қалай отыру, өзін – өзі көпшілік ортада ұстай білуге үйрету. Ертегіні тындай білуге, ертегіні баяндауға дағдыландыру.
Ақылды лақ
Ақылды лақ
Ақылды лақ ертегінің мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, балалардың сөздік қорын молайту. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Алдар мен Алтын балық ертегісі
Алдар мен Алтын балық ертегісі
Көркем әдебиет арқылы балаларға саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үрдісті ұйымдастыру әрекетіне енгізу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×