Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дені сау бала – болашақ жемісі

01 наурыз 2019, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Баяндама
Тақырыбы: Дені сау бала – болашақ жемісі
XXI - ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан - жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата - ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді.

Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл - ойы айқын, өз - өзіне сенімді, жан - жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды.. Сондай - ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл - дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс - әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Дене жаттығуы баланың жан - жақты жетілуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді.
— Таңертеңгілік жаттығу
— Қимыл - қозғалыс ойындары, спорт ойындары.
— Спорттық жаттығулар.

«Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында» баланың дене – бітімінің жетілуі мен жеке басының дамуына дене шынықтыру сабақтары, шынықтыру әрекеттері үлкен үлес қосып отыр. Бала дене шынықтыру сабағында жалпы дамыту жаттығулары арқылы күш – жүгерлері шындай түседі. Денсаулықтарын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа үйретеді, дене бітімдерін жан – жақты дамытып, келбеттері асқақтай түседі.

Біздің басты мақсатымыз, баланың өмірі мен денсаулығын қорғау, балаларға түрлі жаттығулар жасату арқылы, дене мүсінін қалыпты, сау өсіру.

Дене тәрбиесі, сауықтыру шаралары балалардың қозғалыстарын жетілдіреді, қимылдық дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдығын, төзімділігін қалыптастырады. Сонымен қатар, балалардың ақыл – ойы, адамгершілігімен, еңбекке белсенді болуларына ықпал етеді.
Түс қайта ұйқыдан тұрғасын: балаларды біртіндеп ояту, жалпылама жаттығулар өткізіледі, содан соң құрғақ ысқылау жүргізіледі, аяқ – қол, дене мүшелерін қызарғанша ысқылау орындалады.
Шынықтыру «Құрғақ ысқылау».

Мақсаты: Балалардың денесін шынықтыруды одан әрі жалғастыру, денсаулығын сақтау, балалардың денесінің дұрыс қалыптасуына жағдай жасау.
Осы шынықтыруға керекті құралдар әр балаға (аты жазылған) 1 қолғап.
Алдын ала жұмыс кезінде - құрғақ ысқылау жүргізіледі. Бұл шынықтырудың қарапайым түрі. Бұл ысқылау кезінде балалардың денесі, тері клеткалары сыртан болған әсерге бейімделеді. Денені қызарғанға дейін ысқылайды. Содан соң ылғалды ысқылауға көшеді.

Өткізген тәрбиеші: Рахметова Н. Ж.
Дені сау бала – болашақ жемісі жүктеу
9 626
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру іс-шаралары
Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру іс-шаралары
Бүкіл халықтың, әсіресе балалардың денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты, соңғы онжылдықта мектепке дейінгі балалармен денсаулық сақтау жұмыстары ерекше маңызды болып табылады. Осыған байланысты, қазіргі жағдайды өзгерту үшін жаңа сауықтыру
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалу керек. Өмірге келген әрбір бақытты болуы тиіс. Бұл баланың басты - құқығы.
Дарынды бала және оның дамуындағы мәселелер
Дарынды бала және оның дамуындағы мәселелер
Мектепке дейінгі мекеменің негізгі мақсаты тұлғаның жан жақты дамуын қалыптастырып, болашақ өмірге даярлау.
Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту
Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата - ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді.
Қимылды ойындар жинағы
Қимылды ойындар жинағы
Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады.
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×