Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сиқырлы сандық

30 мам 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы сандық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ойын арқылы балалардың білімге ынтасын арттыру.
Геометриялық пішіндер, көлемдер туралы білімдерін тереңдету, аттарын айтып, түстерін ажырата білуін жаттықтыру.
Дамытушылық: Балалардың ой - өрісін, ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: ойын арқылы балаларды ұйымшылдыққа, өзін ұстай білуге, өзара сыйластыққа баулу.
Құралдар. Көрнекіліктер үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек картоннан қиылған, құрылыс ойыншықтар, әдемі әшекейленген сандық, қалта, асық.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Сөздік жұмыс. Сиқырлы сандық, қалта, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: балалар бүгін ерекше күн, қане балалар бәріміз бүгінгі күніміз сәтті өту үшін мына өлең жолдарымен амандасып қояйық
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын кез келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн балалар!
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Осы бір сәтті күнімізді қуанышпен, жақсылықпен өткізейік.
Ал, енді балалар, барлығың тақтадағы суретке назар аударайық.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Ауа райы суық.
- Далада жерде не жатыр?
- Қар.
- Қардың түсі қандай?
- Ақ
- Қарды қолымызбен ұстап көрсек, қар қандай?
- Салқын.
Дұрыс айтасыңдар балалар. Қазір балалар біз қандай пішіндерді білеміз сол жайында айтып өтейік.
- Мынау не?
- Дөңгелек.
- Түсі қандай?
- Сары.
- Ал, мынау қандай дөңгелек?
- Кіші дөңгелек
- Түсі қандай?
- Қызыл.
- Мынау қандай пішін?
- Төртбұрыш.
- Түсі қандай?
- Көк
- Мынау қандай төртбұрыш?
- Кіші төртбұрыш, түсі жасыл
- Мынау қай пішін?
- Үшбұрыш, түсі қара.
- Ал, мына үшбұрыш қандай?
- Кіші үшбұрыш, түсі ақ
Өте жақсы балалар сендер барлық пішіндерді, түстерді жақсы айыра білесіңдер.
(Музыка ойналып топқа, қоян кіреді)
Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар?!
Балалар: Сәлеметсіз бе?!
- Балалар, бізге қонаққа кім келді?
Балалар: - қоян.
Қоян: - Балалар мен орманда келе жатып, сандық тауып алдым. Бұл сандық жәй сандық емес, сиқырлы сандық екен. Сосын сендерге сыйлық болсын деп ала келдім.
- Рахмет саған, қоян.
Тәрбиеші: Балалар, қоянда шаршап келген болар, бәріміз қосылып орнымыздан тұрып, «Сұр қоян» әнін айтып, бойымызды сергітіп алайық.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып, ытқып секірді.
Тәрбиеші: қоян шаршап келген боларсың төрлет төрге отыр. Балалар, мына сиқырлы сандықтың ішінде не бар екен, ашып көрейік пе? Олай болса қане сендер үшке дейін санаңдар. 1 - 2 - 3 сандығым ашыл.
- Қандай керемет, мына сандықтың ішінде қаншама ойыншықтар, сыйлықтар бар.
- Мынау не, балалар?
- Доп
- Доптың түсі қандай?
- Сары
- Доп қандай пішінге ұқсайды?
- Дөңгелекке
- Ал, мынау қандай ойыншық?
- Кубик
- Кубиктің түсі қандай?
- Көк
- Қадай пішінге ұқсайды
- Төртбұрышқа
- Тағы не бар екен...
- Мынау не балалар?
- Қалта.
- Қалтаның пішіні қандай пішінге ұқсайды?
- Төртбұрышқа.
Мына қалтаның ішінде қаншама әдемі асықтар бар. Қане осы асықтармен «Асық тасу» ойынын ойнайық.
Қоян: Балалар, бәріңде жылдам, ширақ қимылдадыңдар сендерге рахмет. Мен енді орманға үйіме кетейін. Сендер ақылды, бәрін біледі екенсіңдер. Сау болыңдар!
Балалар: Сау бол, қоян.
Тәрбиеші:
- Балалар бүгін бізге кім қонаққа келді?
- Ол бізге не әкелді?
- Оның ішінен не шықты?
- Қандай ойын ойнадық?
- Ойынды немен ойнадық?
- Балалар сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар сендерге рахмет деп, сабағымызды аяқтаймыз.
2 504
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат
Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат
Барлық өткен геометриялық пішіндер, түстер туралы қайталау. Оларды бір - бірінен ажырата білуге, салыстыра білуге, айналасындағы заттар арасынан геометриялық пішіндерді таба білуге үйрету. Зейін қоюға, ыждағаттылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Жапырақтардың түсі қандай? Осы түстерді ажырата отырып, бүгінгі оқу іс - әрекетінде бүгін біздер геометриялық пішіндермен танысамыз. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Семей қаласы, №38 мектеп - лицей Шағын орталық тәрбиешісі Нугуманова Айшолпан Ел – Амановна
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×