Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ит пен Мысық біздің көршілеріміз

28 наурыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
І. Үренгішбаев атындағы орта мектебі
Шағын орталық тобының тәрбиешісі
Отарова Орынгүл Сансызбайқызы

Ит пен Мысық біздің көршілеріміз

Мақсаты: Балалардың үй жануары – мысық туралы әңгімелей білуге үйрету.
Дамытушылық: 2 - 3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін ояту. Балаларды белгілі бір заттың белгілері мен сипаттамалық ерекшеліктерін көру, есту, сезу негізінде дұрыс атай білуге, тірі табиғатпен қоғамдық өмірдің себеп - салдарлық қарапайым байланысын түсінуге, ересектердің көмегімен (күшікке) жануарға қамқорлық жасай білуге дағдыландыру. Балаларды кедергілерден өту кезінде үйлесімді қимыл - қозғалыстарды сапалы орындау арқылы шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларға шығармашылық ойын арқылы эмоциялық көңіл - күй сыйлау, баланың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл - ой, адамгершілік, имандылық тәрбиелеу.
Көрнекіліктер. Мысық, күшік суреті, жұмсақ ойыншықтар. Слайд. Суреттер. Ойыншық үй жануарлары, шынайы мысық пен күшік көрсету. Үлестірмелі құрастырма кеспе қағаздар.
Әдіс - тәсіл: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрсету, ойын.
Балалар, бізде бүгін ерекше күн! Бізге көп қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өзіміздің әдепті бала екенімізді көрсетейікші, қонақтарға не деп айтамыз?

І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасайды.
Қазір қандай мезгіл?
Жарайсыңдар балалар!
- Ағаштар қандай?
- Қар жұмсақ.
- Түсі қандай?
- Түсі ақ.
Бізде қонақта Дара саяхатшы келді.
Дара жұмбақ жасырады.
Мысық пен күшік.
Бүгінгі Қоршаған орта оқу іс – әрекетіндегі тақырыбы «Ит пен мысық көршілеріміз»
- Үй жануарлары.
Үй жануарларының пайдасы, түрлері туралы сұрайды. Иттер туралы сұрайды.
Төбеттер туралы слайдтар.
- Күшіктің жүндері қандай әдемі! Түсі қандай?
- Түсі қара.
- Балалар, күшіктің анасын не деп атаймыз?
- Ит деп атаймыз.
- Осы күшікке ат қояйықшы.
Балалар Ақтөс деп ат қояды.
- Енді Ақтөстің дене мүшелеріне тоқталып өтейік.
- Мынау несі? - Басы.
- Мынау көзі, ал құлағы нешеу? - Құлағы екеу.
- Ал, мынау тұмсығы, кеудесі, аяғы. Аяғы төртеу екен. Ал мынау құйрығы. Ақтөс адамға еркелегенде құйрығын қозғалтады. Балалар, күшік қандай дыбыс шығарады, білесіңдер ме? - Әу, әу, әу, әу.
- Күшік кішкене кезінде сүтпен қоректенеді, өскеннен кейін сүйекті жақсы көреді. Ит үй жануары, жеті қазынаның бірі. Ит иесін көргенде қуанады, құйрығын бұлғаңдатып, артқы аяғына тұрады. Адам итті жібінен ұстап далаға қыдыртады. Даладан келгеннен кейін аяқтарын жуады.
Ауырып қалса мал дәрігеріне көрсетеді. Ит ет, балық, құс етін және құрғақ жем жейді.
Иттің сүйікті тамағы, ол сүйек. ИТ – адамның досы. Үй иесі қыдырып кеткенде ит үйді күзетіп қалады, және үй жануарларын бағуға да үй иесіне көмектеседі екен. Балалар ит адамның досы, оны жәбірлеп ұруға болмайды. Ол біздің, үйімізді, ауламызды күзетеді. Ал, енді мен сендерге күшіктің анасы иттің ерлігі туралы ертегі айтып берейін.

Иттің ерлігі әңгіме оқу.
- Баяғыда кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың оншақты қойы болыпты. Қой бағып күндерін көреді екен. Бір күні қойға қасқыр шауыпты. Түнде келіп бір қойын жеп кетіпті. Кемпір мен шал «не істейміз» деп уайымға батыпты. Ойланып отырғанда үйдің қасынан бір ит өтіп бара жатады. Шал иттен ақыл сұрайды.- Ит: «Олай болса, қойларыңды мен күзетіп көрейін»- дейді. Түнде иттің ырылдаған дауысынан, кемпір мен шал далаға шығады. Қараса қойларға келген қасқырды ит сезіп, үріп жатыр екен. Содан бастап қойларына қасқыр жоламайтын болыпты. Кемпір мен шал итке рахметін айтып
«сен бізбен бірге тұр, біз саған жылы үйшік жасап берейік»- дейді.
- Ит: Жарайды мен онда, қойларың мен үйіңді күзетейін,- дейді. Ит осылай ерлік жасап, адамға дос болыпты.
- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
- Ұнады.
- Ертегіде кімдер туралы айтылған?
- Кемпір, шал, ит, қасқыр
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу іс - әрекетімізде біз күшікпен таныстық. Енді күшігімізді ортаға алып, оған арнап ән айтып берейік.

Өлеңін оқу:
Күшігім менің үріп тұр
Бір нәрсені сезіп тұр
Есікті ашып қарасам
Атам. Әжем келіп тұр
Кім ит, күшік туралы тақпақ біледі? Үреді үйшікте күшіктер,
Мысықтың дыбысы шығады.
Тәрбиеші балаларға сүт ішіп отырған мысықтың суретіне қарауды ұсынады. - Мынау - мысық. Мысық сүт ішіп отыр. Себебі мысық сүтті жақсы көреді. Мысық өте сүйкімді үй жануары. Ол көп үйде болады. Мысықтар өте мейрімді, бауырмал болады. Адам мысықты қолға үйреткеніне қарамастан, ол жабайы үй жануары болып қалады. Мысық еркіндікті жақсы көреді, сондықтан түнде қыдырады, ол адамсыз өмір сүре алады. Мысықтар ет пен балық жегенді жақсы көреді. Тағы олар сүт тағамдарын: айран, сүт, қаймақты жақсы көреді. Мысықтарға құрғақ тамақтар да береді. Үлкен мысықтар тышқан, кейбір мысықтар шөппен қоректенеді. Мысықтар өте таза жануарлар, олар уақытында жуынады, үстерін тазалап тұрады. Уақытында далаға шығады.
Мысықтар ұйықтағанды өте жақсы көреді. Мысықты сен ренжітсең ол сені тырнағымен тырнап алады. Сондықтан мысықпен абай болу керек. Құйрығынан тартуға болмайды.
Мысықтың түсі қара, екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар. Балалар мысық та адамның досы.
Иесіне әбден бауыр басқан мысық оның ауырып тұрған жерін тауып сол ауырған жерге жайғасып бар жылуын беріп пырылдаған күйде ұйықтайды екен. Мысықтың ұзын мұртшасы бар ол иісті дәл сезіп табуға көмектеседі.

Е. Елубаевтың «Ала мысық» өлеңін оқып береді.
Беті - қолын жуады.
Тышқандарды қуады,
Тазалықты сақтайды,
Апам оны мақтайды.
- Балалар, мысық қалай дыбыстайды? (Мияу, мияу). Балалар мысықтың дыбысын салады.

Мысық туралы кім тақпақ біледі?
Сағат сегіз таянды
Тарғыл мысық оянды
Жатпайды ол ерініп
Мысық бойын жазады.
Созылады керіліп,
Аяқ – қолын созады.
Дағдысы оның солай - ды
Елден бұрын тұрады.
Беті - қолын жуады,-
Жумайды - ау, жалайды. (М. Әлімбаев)

Сергіту сәті:
Мысық пен күшік қандай ертегілердің кейіпкерлері.
«Шалқан», «Мақта қыз», «Том и Джери» мултьфильм т. б.
Балалар олай болса шағын ертегі қойлымын көрейік.
Күшік пен мысық ертегісін сахналау.
Күшік: «Ав - ав» мен күшікпін,
Күшікпін күшікпін
Түні бойы жатпаймын,
Тыныштықты сақтаймын. «Ав - ав»
Ой - ой аяғым, аяғым, аяғым - ай,
Мысық: «Мияу - мияу» бұл кім, кімсің? А күшік екенсің ғой, не болды? соншама айқайлап.
Күшік: «Ав - ав» мысық мен аулада ойнап жүргенімде аяғыма ағаш кіріп кетті, мені құтқаршы аяғым ауырып тұр. «Ав - ав» жалынамын.
Мысық: Жоқ мен сенен қорқамын, сен мені күнде қуасың. Аяғыңдағы ағашты алып сені құтқарсам мені қуа жөнелесің, одан да солай отыра бер. Мен еркін ойнаймын ля - ля - ля мияу – мияу.
Күшік: Мысық кешірші енді мен саған тиіспеймін, мені құтқаршы, «Ав - ав».
Мысық: жарайды онда мен сені құтқарайын.
Күшік: Рахмет! Енді екеуміз дос болайық, бірге доп ойнайық, мен саған тиіспеймін.
Мысық: «Мияу - мияу» кел екеуміз ойнайықшы менде доп бар.
Мысық: «Мияу - мияу» мен шаршап кеттім қайтайықшы.
«Күшік» «Ав - ав» онда біздің үйге добыңды ала жүр бірге ойнайық.

Балалар 3 топқа бөлінеді. Дидактикалық ойын: «Мысық, күшік, үйшік» суретін құрастыру.»
Күшік қалай демалып жатады? Сендер күшікке үйшік жасап беріп қамқорымызға алайық. Күшік топ үйшік құрастырады, 2 – ші күшік, 3 - ші мысық суретін құрастырады.

Қосымша тапсырма: «Мысық пен күшік нені жақсы көреді?» Айырмашылығын тап.
Құрастырған үй жануарлар немен тамақтанады, мына суреттегі тамақтарды ажыратып мысық пен күшік суретінің қасына қойындар. Тамақ ішетін арнайы ыдыстары болады.
Жарайсыңдар балалар!
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқият тыңдап алыңдар.
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады. (Мысық)
Лағымның құлағы селтиіп тұрады,
Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады. (күшік)

Ендеше бейне көрініске көңіл аударайықшы. Балалар мысық пен күшік туралы мультфильмдер көп. Балалар сабақтан кейін осы мультфильмді көрсетемін. Сабағымыз аяқталып қалды. Бәріміз бірге бүгінгі сабақтағы ерекшеліктерді есте қалдыру үшін тақпақ айтамыз.
Танауы тырналып, ісіпті,
Сонда да, қуады мысықты.
Адамның сенімді серігі,
Бұл, иттің баласы - күшікті.
Бүгінгі қонаққа келген мысық пен күшікке арнап өлең айтып берейік.
Ала мысық паңданады мяу мяу мяу
Әлденеге қамданады мяу мяу мяу
Ала мысық айлалы
жан - жағына қарады мяу мяу мяу
Айналаны қорғаштап ав, ав, ав,
Ұзын тілі салақтап ав, ав, ав
Қос құлағы салбырап
Достық жайлы ән шырқайды ав, ав, ав, мяу, мяу мяу

Қонаққа келген күшіктің қарны ашып қалған болар тамақтандырайық.
Мысықайдың қарны ашқан болар сүт берейік.
Рефлексиялық – бағалау кезеңі.
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Қонаққа нелер келді?
Ит қалай дыбыстайды?
Иттің баласын «күшік» деп атаймыз, Көбіне иттер немен ойнағанды ұнатады?
итті немесе күшікті тамақтандырған соң, ойнатып болған соң қолымызды жуып отыруымыз керек. Қолымызды жумайтын болсақ түрлі ауыруларды жұқтырып алуымыз мүмкін.
Ит үйде тұра ма, әлде аулада ма?
Ит адамға қалай көмектеседі?

Мысықтың баласын біз «мысықай» деп атаймыз.
Балалар, мысық қайда тұрады?
Ол немен ойнағанды ұнатады?
Сендерге басын изеп рахмет айтып жатыр.
Жарайсыңдар балалар!
Бүгін біз мысық пен ит туралы біраз мағлұматтар білдік.
Жарайсыңдар балалар, сендер өздеріңнің бір - біріңмен жақсы дос екендеріңе сендіре білдіңдер. Олай болса достық туралы тақпақпен сабағымызды аяқтайық.

Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз
Тату - тәтті дос болып,
Достық шебін құрамыз.
Жарайсыңдар балалар! Сендер бүгін ашық сабаққа өте жақсы, жақсы қатыстыңдар сондықтан сендер ата - аналарыңды қуантыңдар.
Бағалау: Балаларға, Қуанышты хабарлама! деп жазылған хат парағы таратылды.

Толық нұсқасын жүктеу
26 623
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күшік пен мысық
Күшік пен мысық
Ауылдағы көршілес екі үйдің бірінің ала мысығы болды. Бір күні қара күшік көршінің бағына кіріп, сонда жүрген ала мысықты тура қуды. Мысық қашып барып, алма ағашына шығып кетті.
Торғай мен мысық
Торғай мен мысық
Балаларға өлеңді есте сақтауға, тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.
Ойнайық та, ойлайық!
Ойнайық та, ойлайық!
Балаларға ертегі арқылы танымдық қабілеттерін арттыру. Қарапайым математикалық ұғымдарды ойлау арқылы балаға үйрету. Балалардың есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Менің сүйікті мысығым
Менің сүйікті мысығым
Атырау обылысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, «Жасұлан» балалар бақшасы тәрбиеші Телманова Әсия
Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі
Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі Әбен Феруза
Күшікпен таныстыру
Күшікпен таныстыру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Баймағамбетова Майра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×