Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төлін тап

25 маусым 2016, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті,
№7 "Балдырған" балабақшасы
Тәрбиеші: Ербозова Бақыт

Тобы: I - кіші топ
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Төлін тап»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды жайлау табиғатын елестете отырып табиғаттың әсемдігін сезіну арқылы үй жануарлары туралы түсінігін кеңейту, олардың төлдерін танып, ажыратып айта білуге үйрету.
Дамытушылық: Дидактикалық ойын арқылы танымдық, ойлау қабілетін коммуникативтік, танымдық және әлеуметтік құдіреттілігін дамыту, сөздік қорын молайту есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды үй жануарларына деген сүйіспеншілігіне арттыру арқылы үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: Сұрақ - жауап, слайд көрсету, түсіндіру, сергіту сәт.
Сөздік қоры: Жайлау, үй жануарларының дыбыстары.
Пән аралық байланыс: Сенсорлық тәрбие, қоршаған орта, ән - әуез.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үй жануарларының дыбыстары, анимациялық суреттер, жайлау туралы ән, көлік - автобус.

Мотивациялық - қозғаушы:
Шаттық шеңбері: Балалар шеңберге тұрамыз. Шеңберіміз неге ұқсайды?
Балалар: - Күнге.
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар
- Біздің бөлмемізде күн бар ма екен?
- Күннің түсі қандай?
- Ал пішіні ше?
Балалар: - Түсі сары.
- пішіні дөңгелек.
Тәрбиеші: - Бәрекелді!
- Апайының жүрегі кім екен?
- Апайының тірегі кім екен?
Әр бала «мен» - деп көрсетеді.
Тәрбиеші: - Кішкентай менің ботақандарым, қошақандарым менің, не деген тәттісіңер!
Балалар біз бүгін үй жануарлары және олардың төлдері жайлы әңгімелейміз.
- Сенер жайлауға барғыларың келе ме? Жайлау балалар жаз мезгілінде үй жануарлары жайылатын құнарлы шөбі бар, таза суы бар жер. Олай болса барлығымыз көлікке отырып, жайлауға барып қайтайық. Ендеше балалар автобусқа отырып жайлауға бет алайық.
Жайлау көркі қандай керемет! Таза ауа, айнала көк шөп, ағып жатқан су, киіз үй, оның айналасында жайылып жүрген төрт түлік малдар.
Жайлау қандай тамаша,
Көзді тартар қараса.
Қызыл, жасыл төңірек,
Бейне жайған алаша.

Ұйымдастырушылық – ізденуші:
Тәрбиеші: - Бәрекелді, міне жайлауға да келдік. Міне мынау жайлау. Сендер не көріп тұрсыңдар?
Балалар: - Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.
Тәрбиеші: - Киіз үй, қора, жайылып жүрген малдар. Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Балалар мынау қандай үй жануары?
Балалар: - Түйе.
Тәрбиеші: - Дұрыс балалар төрт түліктің төресі – түйе. Түйенің төлін балалар бота деп айтамыз. Қане бота деп қайталайықшы. Түйе мен бота « бө - бө» - деп дыбыс шығарады.
Қане қайталайықшы. Балалар қайталайды.
- Ал мынау не қанай төрт түліктің түрі?
Балалар: - Жылқы.
Тәрбиеші: - Балалар жылқыны мінсек көлік, алыс жерді жақындатады. Жылқының төлін құлын деп атаймыз. Қайталап айтып көрейік. Құлын. Жарайсыңдар. Жылқымен құлын ио - ио - ио еп кісінейді.
- Мынау қандай үй жануары?
Балалар: - Сиыр
Тәрбиеші: - Сиырдың төлін бұзау деп атаймыз. Сиыр мен оның төлі бұзау мө - мө - мө деп мөңірейді. Сиырдың сүтін ішеміз, етін жейміз.
- Ал мынау не?
Балалар: - Қой
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар қой, қойдың төлін қозы деп атаймыз. Қой мен қозы бә - бә деп маңырайды.
- Ал мынау қандай үй жануары?
Балалар: - Ешкі
Тәрбиеші: - Ешкінің төлін лақ дейміз. Ешкі мен лақ мә - мә деп маңырайды. Қой мен ешкі өрісте бірге жайылады. Үйде бағылып еті, сүті, жүні, терісі, күші арқылы адамдарға пайда келтіретін жануарларды төрт түлік мал деп атаймыз. Мұндай жануарларды бағып, оларға жағдай жасаймыз. Балалар шаршаған боларсыңдар ендеше сергіту сәтін жасап бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті.

Бәрекелді балалар енді сендермен қызық ойын ойнағым кеп тұр.
Ойын: «Төлін тап» деп аталады. Алдымен ойын ойналатын орнымызға барайық (балалар отырады). Балалар алдымыздағы тақтада әр түрлі түстермен берілген ұяшықтар бар. Осы ұяшықтардың түсі дұрыс тауып айтылса, оның артынан жасырылған үй жануарлары шығады. Үй жануарларын дұрыс тауып, алдарыңдағы төлдердің арасынан төлінің суретін жоғары көтеріп көрсетіңдер. Мұқият қарап төлін дұрыс табуға тырысыңдар. (Ойын ойналады.) Жарайсыңдар балалар сендер ойынды өте жақсы ойнадыңдар. Үй жануарларының төлдерін дұрыс таба білдіңдер. Енді балалар бізде осы төлдер туралы тақпақтарымызды бірге айтайықшы.
Бә - бә деген қошақан
Өзі сондай момақан,
Бө - бө еген әні бар,
Жібек жүнді ботақан.
Мө - мө деген әні бар,
Бұзауым менің тағы бар,
Ио - ио дейтін құлыным,
Желбірейді тұлымың.
Шөре - шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
- Жарайсыңдар балалар. Енді осы үй жануарларына арналаған тыйым сөздер бар, тыңдап ойларыңа сақтап жүріңдер, жарай ма?
«Ақты төкпе» яғни сүтті, айранды төгуге болмайды. «Малды теппе» балалар малды тебуге болмайды.

Рефлексивтік түзетушілік:
Тәрбиеші: - Сендер бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Үй
жануарларының төлін, оның қалай дыбыстайтынын үйрендік. Маған барлығыңда ұнадыңдар, рахмет сендерге балалар.
Бүгінгі оқу іс - әрекетімізді «Жайлау» әнімен аяқтайық.

Күтілетін нәтиже.
Біледі: Төрт түліктің және оның төлдерінің атын, қалай дыбыс шығаратынын, түстерді тани біледі.
Жасай алады: ойын шартын дұрыс орындайды.
Меңгереді: үй жануарларына деген қамқорлық, сүйіспеншілік қасиеттерін меңгереді.
19 893
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Білімділік міндеттері: Үй жануарларының тіршілігімен және олардың адамдарға беретін пайдасымен таныстыру. Дамытушылық міндеттері: Есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сызба құру
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерін ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларға үй жануарларының неліктен үй жануарлары деп аталуын түсіндіру. Олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шығыс Қазақстан Облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×