Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көкөністер дауы. Сахналау

17 қазан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Драма»
Тақырыбы: Көкөністер дауы. Сахналау
Мақсаты.
Білімділік: Ертегінің мазмұнын түсіне білу, тілдік, дыбыстық мәдениетін жетілдіру. Көкөністер жөнінде түсінік қалыптастыру, олардың орындарында рольдерде ойнау қабілеттерін дамыту, диалогты сөйлеуге дағдыландыру. Көкөністердің адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы білімдерін жетілдіру. Кейіпкерлердің ерекшеліктерін бере білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың өз бетінше ойлап, ізденуін дамыту, ой - қиялын, шығармашылық қабілетін шыңдау, әр
кейіпкердің өзіндік ерекшелігін зерттеуге, сахналай білу шеберліктерін арттыру. Театрландырылған әрекеттерді бере білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды достыққа, адал болуға, мейірімділікке, қайырымдылыққа, жанашырлыққа баулып, қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Технологиялық қамтамасыз ету: Акт қолдану," «Күзгі ерекшеліктер» бейне көрініс, Әли мен Аяның көкөністер туралы әні, Караоке:"Ертегілер" әні, ғажайып сандықша, сиқырлы таяқша, көкөністер атрибуттары, сиқырлы бақша, көкөністер салынған баннер.
Билингвалды компонент: Көкөністер - овощей, қызанақ - помидор, қияр - огурцы, сәбіз - морковь, картоп - картофель, асқабақ - тыква, пияз - лук, қызылша - свекло т. б.

Жүру барысы:
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Тәрбиеші: Дұрыс, Күз мезгілінде неше ай бар? Осы күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар: Күзде күн суыта бастайды. Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. айнала сап сары алтындай түске енеді, Аспанды сұр бұлт басады, жаңбыр жиі жауады, күн қысқарып, түн ұзарады, үстімізге жылы киімдерімізді кие бастаймыз, егін жиналады.
Тәрбиеші: Күздің негізгі ерекшеліктері туралы мына бейне көріністен тамашалап жіберейік.
Бейне көрініс: Акт:«Күзгі ерекшеліктер»
Тәрбиеші: Балалар күз бізге не сыйлайды екен.
Балалар: Көкөністер мен жемістер, дәнді дақылдар сыйлайды екен.
Тәрбиеші: Көкөністердің адам ағзасына қандай пайдасы бар екен?
Балалар: Көкөністерде дәрумендер мол болады. Көкөністерді көп жесек денсаулығымыз мықты болады, ауырмаймыз.
Тәрбиеші: Балалар көкөністер қайда өседі?
Балалар: Бақшада.
Тәрбиеші: Балалар көкөністер туралы Әли мен Айяның мына әнін тыңдап бір сергіп қалайықшы.
«Әли мен Айяның «Көкөністер» әні.
Тәрбиеші: Балалар бір дыбыс естілетін сияқты, тыңдайықшы. Ой балалар бізге ертегілер әлемінен Сиқыршы қонаққа келіпті.
Сиқыршы:- Сәлеметсіздер ме балалар! Сендер ғажайыптарға сенесіңдер ме? Сендер ертегілер әлемінің ғажайып бақшасына барғыларың келеме? Ендеше мен мына сиқырлы таяқшама сендерді ертегілер әлемінің ғажайып бақшасына апаруын сұрайын. Қане бәріміз көзімізді жұмайық. Сиқыршы қолындағы сиқырлы таяқшаны айналдырып: Бір, екі, үш бізді ертегілер әлемінің ғажайып бақшасына жеткіз.
Караоке: Айгерім Қалаубаеваның «Ертегілер» әні жіберіледі.
Тәрбиеші: Ой балалар, біз міне ертегілер әлемінің ғажайып бақшасына да жеттік. Қандай тамаша. Ой мынау ертегідегі ғажайып күзгі сандық қой. Ішінде не бар екен қарайын. Ашылмайды ғой.
Сиқыршы: Ол үшін сендер менің үш шартымды орындайсыңдар.
Тәрбиеші: Ол қандай шарт?
Сиқыршы: Бірінші шартым мен жұмбақ жасырам, сол жұмбақтың шешуін табасыңдар. Келістікпе?
Тәрбиеші: Жарайды.
Сиқыршы көкөністер туралы жұмбақтар жасырады.
Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Сиқыршы: Балалар, екінші шартым. Сендер күз туралы тақпақ білесіңдерме?
Айерке мен Мейрамбек күз туралы тақпақтарын айтады.
Сиқыршы: Соңғы шартым маған күз туралы ән айтып беріңдер?
Балалар: «Күз жомарт» әнін орындап береді.
Сиқыршы сандықты ашады.
Тәрбиеші:- Алақай күзгі сандық ашылды. Ішінде не бар екен. Қандай тамаша сиқырлы бақшаның көкөністері бар екен. Атрибуттарды алады. Қазір біздің балаларымыз «Көкөністер дауы» ертегісін сахналап береді.

«Көкөністер дауы» ертегісі.
Бақшашы: Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса: Сәбіз, картоп, кәдіш пен қып - қызыл піскен қызанақ, қырыққабатқа қарашы!
Тәрбиеші: Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.
Көкөністер:- Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.
Бұршақ: Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдармен
Сый жасаймын бәріне
Тәрбиеші: Ызаланғаннан қызылша қып - қызыл болып кетті.
Қызылша: Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды
Винегрете үстелде (Данияр)
Қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда
Менсіз дәмді щи қайда
Мені қосса самсаға
Жейді бәрі тамсана
Қияр: Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Қарбыз: Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таңғалды.
Бәріне сый боламын.
Тауып көр менен дарханды!
Сәбіз:- Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!

Қызанақ:- Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген? (Мөлдір)

Пияз: Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық - барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға. (Мейіргүл)

Картоп:- Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық. (Илияс)

Көкөністер:- Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші: Көкөністер бәрі де
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!
Балалар «Көкөністер» биімен аяқтайды. Тәрбиеші сахналық қойылымға қатысқан балаларды көрермендермен таныстырып, мадақтайды.

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№ 8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай балабақшасы
Ересек топ тәрбиешісі Уразалина Гулбану Насырқызы
29 367
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы
Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы
Мектептің даярлық сыныптарында жүргізілетін «Ертегілер елінде» арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтарының атқаратын рөлі зор.
Алғыс
Алғыс
Мәтінмен жұмыс жасай білуге, топтық жұмыста негізгі ойды талқылауға, ой түйінін таба білуге, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру
«Көкөніс» өлеңі Ғ. Өкеев. «Үлкен қарбыз»
«Көкөніс» өлеңі Ғ. Өкеев. «Үлкен қарбыз»
Балалардың тілдік қарым - қатынасқа, дұрыс сөйлеу тіліне назар аудара отырып, көкөніс туралы түсініктерін қалыптастыру, оларды дәміне қарай ажыратуға үйрету.
Жемістер мен көкөністер әлемінде
Жемістер мен көкөністер әлемінде
жемістер мен көкөністер туралы мағлұмат беру, түсінік беру. Тақпақ айту бойынша ой – қиялын дамыту. Оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету. Көрнекіліктер: жемістер, көкөністер.
Fruits and vegetables, Жемістер мен көкөністер
Fruits and vegetables, Жемістер мен көкөністер
Балалар бүгінгі біздің оқу іс – әрекетіміз жемістер мен көкөністер туралы болады. Сонымен қатар «What is this? Мынау не?», «What colour is it? Түсі қандай?» сұрақтарына жауап бере білуді үйренеміз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×