Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Көкөніс» өлеңі Ғ. Өкеев. «Үлкен қарбыз»

04 қараша 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
І кіші топ «Табиғат аясында».

Білім салалары: Коммуникация. Шығармашылық
Кіріктірілген оқу қызметі: Көркем әдебиет. Сурет салу.

«Көкөніс» өлеңі Ғ. Өкеев. «Үлкен қарбыз» (саусақпен салу)
Мақсаты:
Б: Балалардың тілдік қарым - қатынасқа, дұрыс сөйлеу тіліне назар аудара отырып, көкөніс туралы түсініктерін қалыптастыру, оларды дәміне қарай ажыратуға үйрету.
Д: Сөздік қорын толықтырып, желілі суреттерді қарауға ынтасын арттыра отырып, жасыл түсті бояумен саусақ әдісі арқылы дөңгелек пішін ішіне жолақ салуға үйретіп, қол маторикасын дамыту
Т: Балаларды танымдық қызығушылыққа, бояумен жұмыс жасауда ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдістер: Әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын сергіту, сурет салу, СТО әдістері т. б
Көрнекіліктер: Көкөністер суреттері бейне таспа ойын, слайд, үлестірмелі материал.
Сөздік жұмыс: Көкөніс, қарбыз, қызанақ, бақша, бағбан т. б

Мотивациялық қозғаушылық
І. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау»
.
Тәрбиеші жыл мезгілінің табиғат құбылыстарын бейне таспадан көрсете отырып, сұрақтарға жауап алады.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде қандай өзгерістер болады екен?
- Күзде не жауады?
- Күзде құстар қайда ұшып кетеді?
- Күзде ағаштарда қандай өзгерістер байқалады?
- Көкөністер мен жемістер туралы кім тақпақ айтады?
Балалар өздері білетін тақпақтарын айтып береді.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
ІІ. Мағынаны тану. «Топтастыру»
1. Ғаббас Өкеевтің «Көкөніс» өлеңін оқып беру.
Көкөністі көп ектік
Өссін, піссін деп ектік
Көктемде еккен көкөніс
Күзде берді көп өніс.
Тәрбиеші балаларға өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіреді. Олардың тілдерін жаттықтырып, өлеңді 1 - 2 рет ілестіре қайталатады.
2. Көкөністер туралы әңгімелеу.
Көкөністерді көктемде тұқым себу арқылы өсіреміз. Күз айында жинаймыз. Жемістер бақта, ағашта, ал көкөністер бақшада өседі. Жемістер мен көкөністерді қарайтын адамды бағбан дейміз.
Көкөністер бізге мол өнім беру үшін, біз олардың топырағын қопсытуымыз керек, арам шөбін жұлу және суғаруымыз керек. Жер ана мейірімді, өйткені көкөністерді өсіреді, күн де мейірімді шуағын төгеді.
Көкөністер жылу сүйгіш, суыққа төзімді болып келеді т. б
3. Сөздік жұмыс: Көкөніс, қарбыз, қызанақ, бақша, бағбан
4. Көкөністің пайдасы
Сәбіздің құрамында дәрумендер көп. Көп жесеңдер, сендердің бойларың тез өседі.
Қарбыздың да пайдасы көп. Оны жеген адамның бүйрегіне жақсы пайдасы бар.
Пияздың тұмауға қарсы қасиеті бар. Жемістер мен көкөністерді жумай жеуге болмайды.
Тәрбиеші балаларға қарбызды сипаттап жасырады. Өзі үлкен, пішіні домалақ, түсі жасыл, сырты қатты, іші қызыл, дәмі тәтті. Балалар, ол қандай көкөніс деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауабы.....
5. Сурет салу.«Үлкен қарбыз» (саусақпен салу).
Тәрбиеші балаларға қарбыз бейнесін саусақпен салып бояйтындарын айтады.
Балаларға дөңгелек пішінді қарбыз суретінің ішіне жасыл түсті бояумен саусақ әдісі арқылы жолақ салуға үйретіп көрсетеді.
Рефлексивтік - жинақтаушы

ІІІ. Ой толғаныс. «ВЕНН» диаграммасы
«Не қайда өседі?» қимылды ойыны.

О/мақсаты: балалардың жеміс пен көкөністің қайда өсетінін ажыратуға үйрету.
Қарбыз бен пиязды салыстыру.
Пияз жеміс пе, әлде көкөніс пе?
Қарбыз ше?
Құрамында не бар екен?
Көкөністі жумай жеуге бола ма? Балалардың жауабы....
Дұрыс айтасыңдар. Яғни олардың ортақ қасиеті екеуі де көкөністер. Жарайсыңдар балалар барлықтарың дұрыс жауап бердіңдер, ойынды да жақсы ойнадыңдар.
Балаларды мақтап мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Балалар жеміс пен көкөністерді атай біледі.
Көкөністердің бақшада өсетінін, оларды жумай пайдалануға болмайтынын түсінеді.
Суреттерін танып, пішінін, түсін ажыратып, қолдана алады.
9 102
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Күз туралы білімдерін толықтыру, көкөністер мен жемістерді сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
Үлкен - кіші ұғымы
Үлкен - кіші ұғымы
Үлкен – кіші суреттерді көрсету, түстерін ажырату. (жасыл, қара)
Қызанақ
Қызанақ
Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді сала білуге үйрету. Сурет салу арқылы саусақ моторикаларын дамыту: Бейнелеу техникасы дағдылары мен біліктерін дамыту.
Көкөністі таны және оның атын ата
Көкөністі таны және оның атын ата
Көкөніс тақырыбы бойынша сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану; көкөністерді ұстап көріп, анықтау; тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру. Ой жүгіртуін, тілді ұға білуін, көріп есте сақтауын, кіші және жалпы моторикасын
Бізге күз не алып келді
Бізге күз не алып келді
Көкөніс және жеміс-жидек туралы балалардың ой - өрісін дамыту және жемістерді топтай білуге үйрету. Табиғаттағы қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға жаттықтыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×