Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс қызығы

21 қаңтар 2018, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Оқу іс - әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы
Бағдарлама тараулары: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатымен сауық, мерекелерді өткізу. Табиғат пен адам денсаулығының өзара байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Құрал - жабдық: Қыс мезгіліндегі сауықтар мен мерекелерді бейнелейтін суреттер.
Сөздік жұмыс: сауық, мереке

Мотивациялық – қозғаушы
Сабақты өлеңді оқып беру арқылы бастау
Қыс.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады.

Тақпақты жаттау
Қыс мезгіліндегі сауықтар мен мерекелерді бейнелейтін суреттерді көрсете отырып, мерекелердің мазмұны мен таныстырады және бұл мерекелердің сауықтыру, шынықтыру үшін маңызды екені туралы әңгімелейді.

Іздену - ұйымдастырушылық
Табиғаттың адам организміне тигізетін пайдасы жайлы түсінік береді. Сондықтан сауықтарды, мерекелерді табиғат аясында, таза өткізу, отбасымен бірге серуенге шығу және спорттық сауық, мерекелерге қатысып отырудың адам денсаулығына тікелей әсер ететіні туралы түсіндіреді.

Рефлексифті – корригиялық
Дидактикалық ойын: "Кім жылдам?"
- Шынығудың қандай жолдарын білесің?
- Табиғат пен адам денсаулығы арасында қандай байланыс бар?
деген сұрақтар қойылады.

Болжамды нәтиже: Салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатымен сауық, мерекелерді өткізу керектігін түсіндіру.
Білуі керек: Табиғат пен адам денсаулығының өзара байланысын
Қалыптасқан әдет: қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігі
Істей біледі: Қоршаған ортаны бақылау

Қыс қызығы. жүктеу
2 875
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еркемай бөбекжайы МКҚК бойынша жазғы сауықтыру іс - шаралар жоспары
Еркемай бөбекжайы МКҚК бойынша жазғы сауықтыру іс - шаралар жоспары
«Бақытты - балалық шақ: бұл мен және сен» апталығы баларды қорғау күніне арналған мерекелік іс - шаралар барлық топтар
«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрету
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Табиғаттағы маусымдық қыс мезгіліндегі өзгерістер (аяз, қар жауу, өзендер мен су қоймаларына мұз қату, қарлы жер, жапырақсыз ағаштар мен бұталар, жануарлардың қыс мезгіліндегі тіршілігі), адамдар мен қоршаған орта жағдайының арасындағы байланысты
Шана. Қыс қызығы
Шана. Қыс қызығы
Қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді балаларға түсіндіру. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға үйретуді жалғастыру, балаларды анықтауыш синонимдерін жинатуға жаттықтыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Балбөбек» балабақшасы» тәрбиешісі Куспангалиева Гульмира Кажмукановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×