Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс қызығы

10 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекеттің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Оқу іс - әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Қыс қызығы
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілінің өзгерістері туралы түсінік беру.
Табиғат тазалығын сақтауға, оны қорғауға үйрету. Оқу іс — әрекетке деген қызығушылығын одан әрі арттыра отырып, табиғатқа деген қызығушылығымен қатар қоршаған ортадағы аң мен құстарды бақылап қорғай білуге тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Слайд
Қостілділік компонент: Қыс - зима - winter, қар - снег - snow, табиғат - природа - nature, Қасқыр - волк - wolf, Қоян - заяц - rabbit, тиын - белка - skurril, желтоқсан - декабрь - desember, қаңтар - январь - january, ақпан - февраль - February.

Іс - әрекеті кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбер:

Қайырлы күн! Ормандар мен далалар,
Қайырлы күн! Достасқан біз балалар,
Қайырлы күн! Бізге келген қонақтар!

Іздену – ұйымдастырушы
Жарайсыңдар, балалар ойын ойнағыларың келеме?
«Иә, иә, иә - жоқ, жоқ» ойыны.

Балалар мен сендерге қазір слайдтан жыл мезгілдерінің суреттерін көрсетемін. Егер де қазіргі жыл мезгілдері кездессе «иә, иә, иә» деп, қолдарыңды шапалақтайсыңдар. Егерде басқа жыл мезгілдері кездессе «жоқ, жоқ, жоқ» деп жауап беріп, аяқтарыңды топырлатасыңдар

- Балалар, сендер аяздан қорқасыңдар ма?
- Далаға шыққанда тоңасыңдар ма?
Егер тоңатын болсаңдар, қане бір - бірімізді жылытайықшы
- Қане, жылындық па?
Жылынып, болсақ, бір сәт өзімізді сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
- Балалар айналаның бәрі қандай?
- Қардың түсі қандай?
- Ауа қандай?
- Мұның бәрі қай мезгілде болады?
- Дұрыс айтасыңдар, міне қазір қыстың нағыз қақ ортасы. Бұл мезгілді «Сықырлауық» қыс деп атайды. Далада жүргенде қардың үсті сықырлайды екен. Тыңдасаңдар сықырлаған дауыс естіліп тұрады.
- Қане, қайталап жіберейік, қандай қыс?
- Біз қыстан, аяздан қорықпаймыз, жылы киініп, далада ойнаймыз. Сендер қыста далада ойнайтын қандай ойындарды білесіңдер?
Ғажайып сәт: Қардың сықырлаған, боранның ұйытқыған дыбысы естіледі.
Балалар мынау ненің дыбысы?
Ендеше балалар, менімен бірге қысқы орманға саяхаттағыларыңыз келеме?
Ендеше көздерімізді жұмайық.
Қыс мезгіліндегі орманды елестетейік...
Қысқы орманның табиғаты қандай екен?
Орманда қандай жануарлар бар?

Олар не істеп жүр?
Орманда тағы не бар?
Өте жақсы, көздерімізді ашайық.
Сізге орман ұнады ма?
Орман адамдарға не үшін қажет?
- Орман - біздің байлығымыз!
- Орман бар жерде ауа да таза.
- Орман – жануарлар мен құстардың мекені.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 621
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Шана. Қыс қызығы
Шана. Қыс қызығы
Қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді балаларға түсіндіру. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.
Қармен тәжірибе жасау
Қармен тәжірибе жасау
Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қыс – ғажайып мезгіл
Қыс – ғажайып мезгіл
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Шежін орта мектеп - балабақшасы мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Айжарикова Гульбану Талаповна
Балабақшаға арналған жоспар топтамасы
Балабақшаға арналған жоспар топтамасы
Атырау қаласы, №6 «Гүлдер» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі Жұмағалиева Ақмарал Сәмиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×