Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дидактикалық ойын картотекасы

10 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Дидактикалық ойын картотекасы ортаңғы топқа арналған

Дидактикалық ойыны № 1
«Біреу және көп»
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу - ойыншық көп; тақта біреу - парта көп; бір аквариум - көп гүл.
Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді

Сюжетті ойын: «Дәрігер»
Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Дидактикалық ойыны № 2
«Шаршы құрастыр»
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі - түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады. 1 - нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.
2 - нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).
3 - нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.

Сюжетті ойын: «Шаштараз»
Мақсаты: Балаларды шаштараз ойынымен таныстыра отырып, шаштарын үнемі тарап әдемілеп жүруге үйрету. Шаш өрудің әр түрлі үлгісін көрсету. Әсемдікке, әдемілікке баулу.

Дидактикалық ойыны № 3
«Зат неге ұқсайды?»
Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.
1 - нұсқа.
Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.
2 - нұсқа.
Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.

Сюжетті ойын: «Дүкен»
Мақсаты: Сатушының рөлін ойнай білу біліктілікке үйрету.

Дидактикалық ойыны №4
«Айырмашылығын тап»
Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл - ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.
Мазмұны.
Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.

Сюжетті ойын: «Аурухана»
Мақсаты: Өздіктерінен рөл дерді бөле білуге үйрету. Қызығу шылықтарын арттыру. Бір - біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын картотекасы. жүктеу
30 758
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикадан дидактикалық ойындар жинағы
Математикадан дидактикалық ойындар жинағы
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу - ойыншық көп; тақта біреу - парта көп; бір аквариум - көп гүл.
Қоршаған орта дидактикалық ойындар картотекасы
Қоршаған орта дидактикалық ойындар картотекасы
Балаларды көпше етістікті қолдану арқылы, сөздік қорын молайту. Ойлау, қабылдау қабілеттерін арттыру, өз - өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Біреу және көп
Біреу және көп
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясы тәрбиеші Шахметова Анар
Сюжеттік - рөлдік ойын «Дәрігер»
Сюжеттік - рөлдік ойын «Дәрігер»
Екібастұз қаласы, №8 "Теремок"бала - бақшасының тәрбиешісі: Балдырова Бахыт Мейрамовна
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Математикадан дидактикалық ойындар
Математикадан дидактикалық ойындар
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×