Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақшақардың достары (ортаңғы топ)

17 тамыз 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ақшақардың достары (ортаңғы топ)
(Үнтаспаға жазылған дауыс немесе жүргізуші)

«Алыста, алыста, тұрыпты Аяз - атамен Ақшақар. Ақшақар күн ұзақта аңдармен орманда ойнағанды жақсы көрген оларға Ақшақар ән айтқан, бірге би билеген. Аяз - атаның шарбағында бір қоян тұрған ол шарбақта тазалықты жақсы көрген күнде жинаған, сыпырған.
Аяз - атаның Жаңа - жылдың алдында жұмысы көп. Түні бойы шыршаны безендірген Ақшақарды қуантайын деп. Ал таң атысымен жұмыстарымен кетіп қалған. Ақшақар үйде жалғыз қалған.
Ақшақар: (Үйінен шығып қуанып шыршаны айналдыра қарап)
Тамаша! Қандай шырша маған Аяз - ата әкелген!
Қанша ойыншықтары бар! Қалай жалт - жұлт етеді!
(Қайтадан айналдыра қарайды да айқайлайды)
Қоян! Әй - қоян! Мұнда кел! ( Секіріп қоян келеді)
Қоян: Шақырдың ба, Ақшақар мені?
Ақшақар: Ия, қоян. Қазір маған көп деген қонақтар келеді, сен есіктің қасында тұр.
Ал менің әлі де істелмеген көп жұмыстарым бар.
Қоян: (Секіріп ) Жарайды, Ақшақар! (Сыпырғышты алып, есіктің қасын әндетіп сыпыра бастайды). Есікті қаққан естіледі
Қоян: Кім бұл? Кім келді бізге?
Аю: Ақшақар біздерді Жаңа - жылды қарсы алуға шақырған.
Қоян: Ақшақар, мұнда аюлар келіп тұр.
Ақшақар: Кірсін, кірсін.
Аю: Сәлеметсіз бе? Ақшақар, біздер саған Жаңа - жылға тәтті бал әкелдік. Жаңа - жыл тәтті өтсін деп.
Ақшақар: Рахмет, рахмет. Төрлетіңдер. ( Есіктің артынан ызылдаған дауыс естіледі)
Қоян: Ақшақар мұнда балдың иісіне аралар толып кетті. Не істеймін?
Ақшақар: Кіргіз оларды. (Ұшып аралар кіреді шыршаны айналады).

Ән: «Аралар»
Бірінші ара: Түсінбедім бал иісі шыққан сияқты, бірақта мына гүлде ешқандай бал жоқ!
Ақшақар: Аралар, ол гүл емес ол Жаңа - жылға безендірілген шырша.
Екінші ара: Шырша дегенді білеміз бірақта Жаңа - жыл туралы естімедік.
Ақшақар: Олай болса қонақтармен жайғасып бірге Жаңа - жылды қарсы алайық сонда білесіңдер. (Тағыда бір дүрсіл естіледі)
Ақшақардың достары (ортаңғы топ). жүктеу
2 046
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік
Балалар, мен Аяз - атаның сендерге әкеле жатқан сыйлықтар салынған қабынан түсіп қалдым. Ал аяз – ата сендерге әлі келген жоқ па?
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік
Жаңа - жыл келді о, міне, Далама, қалама, жеріме. Шаттыққа бөлеп әр үйді, Шыға ғой менің төріме.
Жаңа жыл - жаңа жыр
Жаңа жыл - жаңа жыр
Мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл күйлерін көтеру. Аяз атаның қыс мезгілінде келетіні жайында түсініктерін қалыптастыру. Жүргізуші:
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жүргізуші - сайқымазақ, аққала, Ақшақар, Аяз Ата, Қаршақыз, Жалмауыз кемпір, көжектер.
Жаңа - жыл кешінде
Жаңа - жыл кешінде
Түпқараған ауданы,Баутин ауылы. "Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі Жолдыбаева Анар
Келді міне, Жаңа жыл
Келді міне, Жаңа жыл
Тамаша сый алып, Келді Аяз атамыз. Шаттанып, қуанып Шырқап ән айтамыз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×