Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің, Жаңа жыл!

08 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы,
Талшық селосы, «Балдырған» балалар бөбек бақшасының әдіскері
Хасенова Айжан Лұқманқызы

«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Кейіпкерлер: Жүргізуші - сайқымазақ, аққала, Ақшақар, Аяз Ата, Қаршақыз, Жалмауыз кемпір, көжектер.
Жаңа жылға безендірілген залға балалар кіріп келеді.
Балалар тәрбиешілермен көңілді музыка әуенімен кіреді, оларды жүргізуші қарсы алады. Жүргізуші балаларды шыршаның айналасына тұрғызып хоровод жасайды.
Жүргізуші: Әй, балалар көңіл - күйлерің қалай!
Балалар: Керемет
Жүргізуші: Бәрің солай ойлайсыңдар ма?
Балалар: Иә!
Жүргізуші: Онда мерекені бастайық! Алға достар, Алақай!
Ән: «Кел, кел жаңа жыл»

Жүргізуші: Қыс - ғажайып жыл мезгілі, тек қыста ғана көңілді мереке Жаңа жыл болады. Қанша қызықты ойындар ойнауға, шана мен шаңғы тебуге және Аққала салуға болады.
(Музыка әуенімен Аққала кіріп келеді)
Жүргізуші: Мынау не? Қандай ғажап!
Аққала: Сәлеметсіңдер ме! Мен кіммін? Мен Аққала пошташымын! Мені орманда қардан жасаған. Мені өте әдемі жасаған: басым ақылды, ішім қызыл, мұрным тамаша - сәбіз! Бірақ, менің өзімді мақтап тұруыма уақытым жоқ. Мен сендерге Аяз Ата мен Ақшақардан хабар әкелдім.
Өкінішке орай олар келуге үлгере алмай жатыр. Сондықтан олар, «Бүгін міндетті түрде келеміз және сыйлықтар бар қапты ала келеміз» деп
менен сәлем айтып жіберді. Балалар, Ақшақар мен Аяз Атаны қарсы алу үшін бәріміздің көңіл - күйіміз жақсы болу керек. Келісесіңдер ме?
Балалар: Иә, келісеміз.
Аққала: Ал, онда балалар, бәріміз билейік.
Би: «Ұлпа қарлар»

(Балалар Аққаланың көрсеткен би қимылдарын жасайды.
Музыка әуенімен Аяз Ата мен Ақшақар музыка әуенімен кіреді)
Аяз Ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!
Мен біраз кешігіп қалдым.
Жол қиын екен.
Мені кешіріңдер.
Рахмет, саған Аққала - пошташы менің өтінішімді орындағаның үшін.
Аяз Ата: Жаңа жылдарыңмен, достар!
Ақшақар: Барлығыңа зор денсаулық! Әрқашан көңілдерің көтеріңкі болсын!
Аққала: Аяз Ата! Балалар сені күтіп отыр, қазір олар сізге өз өнерлерін көрсетеді.
Ән: «Аяз Ата.»

Аяз Ата: Сендер мені өнерлеріңмен қуанттыңдар. Қазір шыршаның шамын жағатын уақыт келді. Шыршаның түрлі - түсті шамдарын жағу үшін бәріміз бірге дауыстап айтайық:
Шырша, шырша жан, жан!
(Шыршаның шамдары жанады)
Аяз Ата: Кәне, балалар, Жаңа жылдық шыршаға бәріміз бірге ән айтайық
Ән: «Шырша»

(Музыка әуенімен Жалмауыз кемпір сыпырғышымен ұшып келеді, шыршаны бірнеше рет айналады, тоқтап сыпырғышынан секіріп түседі)
Жалмауыз кемпір: Мереке керек болды ма? Аяз Атаға қуанып жатсыңдар ма? Қонақ та шақырып қойыпсыңдар. (ата - аналарға қарайды). Мені шақырмадыңдар. Ұмытып кеттіңдер ме?
Аяз Ата: Мында жақсылықпен келмейтініңді білдім, тек жамандық әкелесің.
Жалмауыз кемпір: (қабағын түйіп ашуланады) Ә... солай ма? Мерекені тоқтатуларыңды бұйырамын! Балаларды жазалаңдар! Сыйлықтарын алып қойыңдар!
Аяз Ата: Қалай дәтің барады?
Жалмауыз кемпір: Қазір көресіңдер. Қалай дәтім баратынын.
(Көңілсіз музыка әуенімен Аяз Атаны айналады, оның мойнын бөкебаймен орайды. Күліп сыпырғышпен ұшып кетеді).
Ақшақар: Қандай ашулы Жалмауыз кемпір. Рас па, Аяз Ата?
Аяз Ата (сыбырлап): Сондықтан оны ешкім балалардың мерекесіне шақырмайды.
Аққала: Аяз Ата не болды?
Аяз Ата: Өзім де білмеймін...(жөтеледі). Дауысыма бірдеңе болды... қарлығып қалды.
Ақшақар: Ой, балалар, сұмдық. Бұл кімнің ісі? (балалардың жауабы). Сендер дұрыс айтасыңдар, мұны істеп кеткен қатыгез Жалмауыз кемпір. Енді не істейміз? Аяз Атаның даусын қалай қайтарамыз?
(Аяз Ата шыршаның қасына мұңайып отырады.
Ән айтып Жалмауыз кемпір кіріп келеді, шыршаны айналып қуанады).
Ақшақар: Міне оңбаған, ұстаңдар оны.
(Жүргізуші және Аққала Жалмауыз кемпірді ұстап алады)

Ақшақар: Жалмауыз кемпір, қандай сен қатыгезсің? Аяз Атаның даусын неге жоғалтып жібердің, сен білмейсің бе Аяз Атасыз Жаңа жыл болады ма?
Жалмауыз кемпір: Білмеймін, Аяз Ата мезгілсіз уақытта ауырып қалған екен.
Ақшақар: Жалмауыз кемпір қырсық па Аяз Атаның даусын қайтарып бер.
Жалмауыз кемпір: Сендер маған мерекеге қатысуға рұқсат етесіңдер ме?
Ақшақар: Сен алдымен Аяз Атаның даусын қайтарып бер, сосын көреміз.
Жалмауыз кемпір: Ух,(қорқытады). Маған жамандық жасауға рұқсат етпейді. Жарайды, менде шөп бар. (шүберекпен алып, иіскейді, түшкіреді) қайнатайық.
Ақшақар: Не дейсің, Кемпір!!! Қандай шөп? Аяз Атаға ыстық ішуге болмайды...
Жалмауыз Кемпір: Жақсы, жақсы менің сиқырлы кітабыма қарайын. (Түйілген шүберектен шаң - шаң кітабын алып, оның шаңын үрлеп, 3 рет түшкіреді, кітапты парақтайды...) Бөренеге қалай айналдырады... Жоқ ол емес... көп уақытқа ұйықтату... Тағы ол емес... Даусын қалай қайтарамыз... Міне, міне... жоқ... О! Аяз Атаның! Енді міне!!! (Оқып, бірдеңені сыбырлайды).
Аққала: Қалай
Ақшақар: Тез оқы, Жалмауыз кемпір.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 749
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға көңілді әуенмен тәрбиеші кіреді.
Кел, кел Жаңа жыл!
Кел, кел Жаңа жыл!
Жаңа жыл, жаңа жыл жаңа жылда жаңа жыр. Жасыл шырша жанында, Жадырап бар бала жүр.
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Жаңа жыл, жаңа жыр Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Жадырап барлық бала жүр.
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Көңілді әуен ойналып тұрады. Оқушылар көңілді ән ырғағымен залға кіріп, биге қосылады
Келді міне, Жаңа Жыл
Келді міне, Жаңа Жыл
Ау, жарандар, ал қараңдар Жауып тұр қар себелеп. Көкке толды, жерге қонды Сансыз аппақ көбелек. Тым алыстан, Марстан Келіп Аяз атамыз
Келді міне, жаңа жыл
Келді міне, жаңа жыл
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалиева Раиса Мадиярқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×