Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандықтың бәрі жақсы

18 сәуір 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мамандықтың бәрі жақсы.
Мақсаты: әртүрлі мамандықтармен таныстыру; ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, демонстрациялық құрал.
Билингвальды компонент: аспаз - повар, дәмді - вкусный.
Сөздік жұмыс: қынап, жарықты жағатын бала.
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап тұрады. Педагог «Бақытты бала» деп жазылған бойтұмарды қасындағы баланың мойнына тағып: «Сен бақытты баласың, өйткені сенің достарың көп»,- дейді.
Ұйымдастырушылық ізденістік
Осы кезде есік қағылып, топқа аспазшы апай кіреді.
Аспаз:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің денсаулықтарың жақсы болсын деп дәрумендер әкелдім.
(Дәрумендерді балаларға таратады).
- Енді аспаз апайдан тамақты дәмдеу үшін қандай көкөністер қосатынын сұрайық.

Аспаз тағамға сәбіз, картоп, жуа, асқабақ қосатынын айтады.

Балалар, сендер тағы қандай мамандықтарды білесіңдер?

- Көптеген мамандық иелерін біледі екенсіңдер, бұл мамандықтардың бәрі адам баласына қажет.
- Өз ата - аналарың қандай жұмыс жасайды? Қандай мамандық иесі? Білесіңдерме?
Педагог балаларға М. Хакімжанованың «Кім немен ойнайды?» өлеңін мәнерлеп оқып береді.

Сергіту сәті:
Менің мамам - дәрігер.
Тіс ауырса,
Іш ауырса,
Мамам дәрі береді.
Барлық ана,
Барлық бала,
Оны жақсы көреді.
Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?».
Ойын шарты: әртүрлі мамандық иелеріне қандай құрал қажет, жапсырмалар орнын тауып жапсырады.
Дәптермен жұмыс:
Дәптердегі № 16 тапсырма орындалады. Жеке жұмыс жүргізеді.

Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы. Форт - Шевченко қаласы
Баутин ауылы, "Ақбота" балабақшасының тәрбиешісі
Жангожина Айман Туралиевна

Толық нұсқасын жүктеу
3 080
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандықтар
Мамандықтар
Әртүрлі мамандық иелері туралы түсінік беру; Барлық мамандық иелерінің жұмыстарын қадірлеуге үйрету;
Мамандықтар (дәрігер, аспазшы, тігінші)
Мамандықтар (дәрігер, аспазшы, тігінші)
Балаларға мамандық туралы түсіндіру, мамандық иелерін құрметтеуді үйрету. Ұқыптылыққа, әдептілікке, басқаның еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбиеші балаларды өзіне қаратады. Жылулық шеңберіне балаларды тұрғызады.
Мамандықтың бәрі жақсы. Кім немен ойнайды? (авторы М. Хакімжанова)
Мамандықтың бәрі жақсы. Кім немен ойнайды? (авторы М. Хакімжанова)
Балаларға мамандықтың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғаммен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау, және
Мамандықтар
Мамандықтар
Әртүрлі мамандықтармен таныстыру, дәрігер, тәрбиеші, аспазшы, құрылысшы, ғарышкер, жүргізуші мамандықтарының маңызымен таныстыру, мамандықтарға қызығушылығын арттыру, олардың еңбегін көрсету.
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Атырау қаласы, Дамбы селосы, № 23 «Ынтымақ» балабақшасы әдіскері Ищанова Айтбике Махыбиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×