Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біздің бақшамыз

07 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»
Оқу іс әрекеті: «Қоршаған орта мен танысу»

Тақырыбы: «Біздің бақшамыз»
Мақсаты: 1. Білімділік: Балаларды бақша орталықтарымен таныстыру, ондағы заттардың атауларын білу.
2. Дамытушылық: Заттарды не үшін пайдаланатынын әңгімелеуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны аялай білуге және үлкендердің сөзіне құлақ түруге тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Біздің балабақша картасы, суреттері. Топтардың суреттері.
Әдіс тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелеу, саяхатқа шығу.
Билингвал: «Біздің – бақшамыз» - «Наш - сад»

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы Балаларды шеңбер бойына тұрғызып келген қонақтар мен амандасу.
Балалар қазір қай жыл мезгілі? Жауап: көктем. Ия көктем мезгілі, күн жылынып, басқа жақтан құстар ұшып келіп жатыр. Енді мына күннің шуағына қыздырынып бір - бірімізге жылы тілектер айтайық. Ойыншық, күнді ұсынып бір - біріне жылы жүректен өз тілектерін айтады.
Балалар бүгін сендермен бақша орталықтарымен, онда қандай адамдар жұмыс істейтінің танысамыз.
Біздің балабақша
Бала бақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз
Бұл екінші үйіміз
Бір туғанбыз біріміз
Біз - сол үйдің гүліміз
Біз - сол үйдің сәніміз
Балалар қызыға тыңдайды. Бәріміз бірге саяхат орталығына шығамыз. Орталықта асхана, дәріхана, ұстахана, кір жуатын бөлме жабдықтары, бөлмелері жасалынған. Осы кезде ағаштың жанында қоян көнілсіз отыр екен.
- Балалар, мынау қоян ғой? Саламатсың ба? Қоян!
- Саламатсыңдар ма, балалар? Сендер қайда шықтыңдар?
- Қоян жан біз бақшамыздың орталықтарын көруге шықтық.
- Онда мені де ала барыңдаршы мен бұзық болмаймын?
- Балалар, қоян бізбен жүрсін бе? Жауап: Ия жүрсін. Қоян қуанып бізбен бірге саяхатқа шығады.
Іздену – ұйымдастыру:
Балалар мынау дәріхана. Дәріханада әр түрлі дәрілер болады. Дәрілерді адамдар ауырғанда ішеді. Сұйық майларды жарақаттанған жерлеріне жағады. Дәрігер балалардың аурып қалмауын қадағалайды. Дәрігердің құралдары: ине, дәрі, стетаскоп, мақта, дәке т. б. Дәрігер тазалықты қадағалайды. Қолыңды жумай тамақ ішсең ішің аурады. Жумаған жеміс – жидектерді жеуге болмайды. Әжетханаға барған соң, қолды жуу керек. Ал енді ұстаханаға келдік. Ұстаханада балалар сынған заттарды жөндейді. Сынған орындықты немесе ойыншық жинайтын сандық. Ұстахананың құралдары: балта, балға, шеге, ара, т. б. Балалар мұнда асхана. Асханада бізге тәтті тағамдар дайындайды. Асхананың іші таза болу керек. Асханада ыдыс аяқтар көп қазан, ожау, леген, қасық, пышақ т. б. Енді кір жуу орталығына барайық. Кір жуу бөлмесінде кір киімдер, көрпелер, төсеніштер жуады. Құралдары: кір жуғыш машина, шара, су ысытатын қазан т. б.
Дидактикалық ойын «Дәрігер»
- Балалар, менің көңілім көтеріліп қалды сендерге рахмет. Мені анам іздеп қалған шығар мен үйге қайтайын сау болыңдар.
- Сау бол қоян жан!
Рефлексивті – қорытындылау
Балалар дәрігер кімді емдейді? Ұстахана нені жөндейді? Асханада нені пісіреді? Кір жуатын бөлмеде нені жуады?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Жарайсыңдар, балалар! Енді мынау, шашылып жатқан құралдарды өз орталығына жинап бұрыс орнына қояйық.
Балалар тақпақтарын айтады.

Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Балалар толық жауап беруге үйренеді. Орталықтармен танысады.
Түсінеді: Өз беттерінен ойларын қорытындылай алу.
Қолданады: Орталықтың құралдарын.
12 266
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Үй құстары және дала құстары
Үй құстары және дала құстары
Ұй құстары туралы және дала құстары туралы түсініктерін бекіту. Оларға қамқорлық жасауға, аттарын толық білуге үйрету. Ұй құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрету.
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балабақша тәрбиешісі Жолдаева Жанаргул
Көктем келді
Көктем келді
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылы, «Ақбота» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі Орынбекова Жания Куанышбековна
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×