Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің балабақшам

21 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Менің балабақшам
Мақсаты: балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру, достық қарым - қатынас сезімдеріне тәрбиелеу.
Міндеттері:
- үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету;
- балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту
- айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу.
Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын.
Көрнекілік: балабақша суреті, балабақша қызметкерлерінің суреті.

Тәрбиеші:
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане қонақтармен сәлемдесіп алайық! (балалар амандасады)
- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «менің балабақшам»
- Ендеше балалар, барлығымыз бір - бірімізге, қонақтар мен ұстаздарға жақсы көңіл - күй сыйлайықшы! Қане, шаттық шеңберін құрайық.

«Шаттық шеңбері»
Тәрбиеші балалармен бірге Е. Өтетілеуұлының өлеңін айтады

«Ізгі сөздер»
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
«Қайырлы таң!»- деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!»- тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!»- деп кіремін.
Тәрбиеші: Керемет! Ал сендер үйде, балабақшада осындай ізгі сөздерді қолданасыңдар ма?
Ертеңгісін адамдармен қалай амандасамыз?
Қане бәріміз бірге қайталайықшы.-«Қайырлы таң!».
Тағы қандай әдепті сөз қолданамыз?-«Сәлеметсіз бе!».
Күндіз кездескен адамдарға не деп айтуымыз керек?-«Қайырлы күн!».
Ал, кешке ше?-«Кеш жарық!»

Шығармашылық жұмыс
Тәрбиеші ұжымдық жұмыс арқылы балаларға балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстырып, оларды бағалауға, құрметтеуге үйрету мақсатында «өз үйім – менің бірінші үйім, балабақша – екінші үйім»деген тақырыпта әңгіме жүргізеді.
Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа торғай ұшып келіпті. Торғайды балабақшамен таныстырып, оған өлең айтып берейік.
Тәрбиеші балалармен бірге өлең айтады

Торғай
Торғай - торғай, тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап
Бөтегесі бұлтиып
Шиқ-шиқ етіп отырмақ

Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр.
(тәрбиеші тақырыпты терең ашу мақсатында бірнеше сұрақтар қояды)
- Балалар балабақша дегеніміз не?
- Балабақшада біз не істейміз?
- Ал балабақшаны біз екінші үйіміз деп айта аламыз ба?
- Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетеді, аялайды?
- Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс істейді?
- Қане, олар кімдер және не істейді екен?
(тазалықшы, аспазшы, дәрігер, кір жуушы, тәрбиеші апайлар).
Тазалықшы – екінші үйімізде өз үйіміздей жылы, таза болсын деп бөлмемізді жуып, тазалайды.
Аспазшы - біз үшін дәмді тамақ әзірлейді.
Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды.
Кір жуушы – біздің сүлгілерімізді жуып береді.
Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.
Балалар апайларына тақпақ айтып береді.

Әдеби монтаж
Нұрасыл:
Киімдерді ілген кім?
Бәрінің жөнін білген кім?
Терезе ашып біз жоқта
Таза ауа болып кірген кім:

Мөлдір:
Жарқырап есік, терезе,
Сүртіліп шкаф, кебеже,
Тұратыны қашанда
Бұлжымайтын ереже.

Ажар:
Еденді кім жуатын,
Жолатпай шанды қуатын?
Тазалықшыға мың алғыс,
Көрінбей жүріп - тұратын!

Мансур:
Тындаушы мойнында,
Өлшеуіші қолында.
Ақ халаттыдәрігер
Әрқашан өз онында.

Санжар:
Жайдары жүз, ай қабақ,
Аузы - мұрнын байлап ап.
Дәрі исі бұрқырап,
Жүреді бізді аймалап.

Алдияр:
Маңдайымызды ұстайды,
Жүрегімізді тыңдайды.
Аузымызға қасық сап,
«А»деп айт деп ымдайды.

Дильназ:
Балабақша есігін
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіреді бақшамыз.

Сұлубай:
Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз – осы үйдің гүліміз,
Біз – осы үйдің сәніміз.
Аделя:
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз!

Сабина:
Мен бақшаға барамын,
Ойнаймын, ән саламын.
Тәрбиеші апайлар.
Досы барлық баланың.
Біздің ақылды, әрі деніміз сау, тәрбиелі, қайырымды, мейірімді болып өсуіміз үшін көп адамдар еңбектенеді.
Балабақша – біздің екінші үйіміз сияқты екен, ал бірінші үйіміз өз үйіміз, себебі онда сендерді жақсы көретін жақын адамдар тұрады, әке - шешен, ата - әжең, ағаң, апайын. Олар сендерге қамқорлық көрсетеді.

Сергіту сәті
Балалар тәрбиешілермен бірге Е. Өтетілеуұлының «Бала, бала, баламыз»өлеңін бірігіп айтып, өлең мазмұнына сәйкес қимыл – қозғалыс жасайды.

Бала, бала, баламыз
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз!
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Тәрбиеші қарайды,
Аяққа бір, қолға бір.
Міне, «вагон», кіреміз,
«Пойызбен»жол жүреміз.
«Кемеге» де мінеміз,
Толқындарды тілеміз.

Тәрбиеші: Балалар, сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтыңдаршы.
Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе! Қайырлы күн! Кеш жарық! Рахмет!
Балалар бүгінгі сабақта не жайында әңгімелестік? Балабақша біздің екінші үйіміз. Біз балабақша мүшесіміз. Балабақшаны, достарымызды, апайларымызды өте жақсы көреміз.

Жүректен жүрекке шеңбері.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығармыз.
Бізді жақтап отырған,
Сендерге де мың алғыс!
Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші: Ал осымен сабағымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет!
Сау болыңыздар!
75 159
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ағаш және оның бөліктері
Ағаш және оның бөліктері
Балалардың табиғатқа деген қамқорлық сезімін одан әрі ояту Табиғатты сүйе білуге, оның бұтақтарын сындырмауға, өзінің екінші үйіндей сезінуге үйретуді жалғастыру.
2 және 3, және 3 сандарын салыстыру
2 және 3, және 3 сандарын салыстыру
Екі топтағы заттардың тең және тең еместігін анықтауға үйрету. Үшке дейін санау машығын жетілдіру. Затарды шамасына қарай салыстыру дағдысын дамыту. Геометриялық фигуралардың аттарын атай отырып, топтастыруды жалғастыру. Ұсақ қол маторикаларын
Балабақша
Балабақша
Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету; сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту. Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым - қатынаста
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Ұлы ғұламалардың жақсы мен жаман туралы айтқандарын түсіндіру, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі: Абдуллина Зульфира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×