«Күз сыйы»
Тақырыбы: «Күз сыйы»
Залдың іші күз мезгіліне қарай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, бүлдіршіндер. Күз қандай керемет мезгіл! Қазан толып, еңбегінің жемісін көріп, адамзаттың нағыз байлығы емес пе?
- Иә, Сол ізгі дәстүр біздің бөбекжай - бақшамызда жалғасуда. Олай болса «Жұлдыздар» тобының «Күз сыйы» деп аталатын ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тәрбиеші:
Қарсы алайық бәріміз
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан келіпті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз - ырыс, береке, бірлік ала келді.
Тәрбиеші:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі
Күз мезгілінде неше ай бар?
- Қыркүйек, Қазан, Қараша
Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Күз мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
Күзде күн салқындап, кейде жаңбыр жауып, жел соғады, құстар жылы жаққа ұшып, адамдар жылы киіне бастайды. Жапырақтар сарғайып жерге түседі.
Тәрбиеші:
Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырам.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл кім, балақайлар? (Күз)
Күз ханшайымы:
Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Тәрбиеші:
Ал, енді балалар біз сіздермен ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Дәмін тап»
Ойын шарты: Балалар устел - үстіндегі жемістер мен көкөністердің дәмін ажырату.
Тәрбиеші:
- Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
Ән: «Алтын күз»
Тәрбиеші:
Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін,
Мақтанбақшы сіздергі, жемістер, көкөністер сан түрлі.
Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар оқиды.
Айқын
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Әселхан
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрган ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Нұрдаулет
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Нұрәділ
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Қалбибі
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
Жанғали
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша - бақ
Күрең қызыл шіркін - ай
Менің атым құлпынай.
Айым
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақтай болып тізілдім
Ақмаңдай
Өрік, алма, шие, алша,
Жидек жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз.
Дүкендерге түседі
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!
- Сендер жақсы - жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер!
Тәрбиеші:
Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!
Би: «Тамшылар»
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа бөбекжай - бақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болыңыздар. Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, Осымен «Жұлдыздар» тобының «Күз сыйы»- деп аталатын ертеңгілігіміз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет.

«Күз сыйы» «Күз сыйы» атты балабақшаға арналған сценарий күз мерекесі балабақшада күзге арналған тақпақтар балабақшаға
Жаңалықтар
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Берекелі, Алтын күз!
Күз мезгілі туралы және ол мезгілде қандай мерекелер болатыны жөнінде кеңінен таныстыру.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Қарсы алайық бәріміз, Жасымызбен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп.
Саңырауқұлақ саясында
Құрметті ата - аналар балалар. Сіздерді «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Қамба толы Алтын күз
Тілегім аман болсын ел іргесі Алтын күз қайта келді ел іргесі Молшылықтың жаршысы бола білді Алтын күз - ырыс береке ала келді.
Күз сыйы
Залдың іші күз мезгіліне қарай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.