Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Малефисента Нұр Шұғылада

22 қараша 2021, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Малефисента Нұр Шұғылада»
Мақсаты: Ертеңгілікте балалардың жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік ертеңгілікке деген ой - қиялын, көркемдік талғамын дамыту. Таңғажайып сәттер ұйымдастыра отырып, балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылықтарын арттыру. Шырша мерекесін көңілді ұйымдастырып өткізу.
1 Жүргізуші – Абдурахим
Төгілтіп көк жүзінен ақшақарды,
Көк көрпе жапты бүгін бақшаларды.
«Мен келдім есіктерді ашыңдар»- деп,
Жаңа жыл күллі әлемге жар салады.
Құрметті қонақтар бүгінгі «Шаттық» мектепалды даярлық тобының «Малефисента Нұр Шұғылада» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
2 Жүргізуші – Жанель
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңдайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын!- деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Құттықтау сөзді балабақшамыздың меңгерушісі Ләззат Жұмағалиқызына береміз.
Перде ашылады. Жарық өшіп тұрады.
Экраннан «Малефисента киносының трейллеры көрсетіледі»
Теледидар ішінен балалар шығып, флешмоб билейді.
Балалар: Жаңа жыл құтты болсын!!!!!
Жүргізуші - Абдурахим
- Балалар біз дұрыс келдік па?
Жүргізуші - Жанель
- Жоқ, біз шатасып кеттік ау деймін.
Жүргізуші - Абдурахим
Аяз ата қайда, ақшақар қайда? Бізді күтіп алу керек еді ғой.
Жүргізуші - Жанель
Балалар байқайсыңдарма біз теледидардың ішіне кіріп кеттік, ал теледидардан Малефасента киносы басталып жатқан, сонда біз сол киноның ішіндеміз ба?
Ғажайып сәт
Малефасента зұлым ханшайымы келеді.
Ияяяяяяя...... Мен Маленфасента зұлым ханшайымымын Мен әлемді жаулаймын Ха - ха - ха Жаңа жыл жоқ. Сендер 2020жылы мәңгі қалып қоясыңдар. Сендер мектепке де бармайсыңдар. Аяз аталарын мен ақшақарларынды мен тығып қойдым. Сендерге де жаңа жылды тойлатпаймын. Ха - хА
Қарға - Алиасхар: Мәртебелім сізге Аврора ханшайым келе жатыр. Өте ашулы.
Ханшайым - Нұрайым: - Анашым сен не істедің? Балаларға жаңа жыл мерекесін қайтар. Бәрі сәнді киініп, керемет көңіл күйде мереке тойлағылары келіп отыр. Ал сен адамдардың мерекесін бұлай бұзба.
Малефасента: Ханшайымым сен әлі ешнарсені білмейсің, екі әлем ешқашан біріге алмайды. Соны есіне сақта!!!!!
Малефасента шығып кетеді, ханшайым жылап қалады.
Ханзада жылап отырған ханшайымды көріп.
Ханзада - Ағзам; Сұлу ханшайым сіз неге жылап отырсыз?
Ханшайым: - Менің анам балалардың мерекесін құртқысы келеді. Оның адамдарға деген өшпенділігі күннен күнге артып жатыр. Мен оны тоқтатқым келеді. Өзіңіз неге көңілсізсіз??
Ханзада: - Менің де әкемнің сіздің анаңызға деген өшпенділігі күннен күнге артуда, соның нәтижесінде халқымыз меркесіз қалмақшы. Сізге келген себебім осы мәселені бірігіп шешуге қалай қарайсыз. Біз екі әлемді біріктіруіміз керек. Барша әлемге бейбітшілік пен татулық орнатуымыз қажет.
Ханшайым: Ол қалай болады екен? Менің анам оған ешқашан келіспейді.
Ханзада: - Әлемді өзгерту біздің қолымызда.
Біз екеуміз біріксек, біздің қолымыздан келуі мүмкін.
Ханшайым: Жарайды. Олай болса біріксек бірігіп, әлемді құтқарамыз.
Бірінші періште: Біз оның жолын білеміз.
Ханшайым Ханзада: Қалай? Малефисента ханшайымы туылғалы күліп көрмеген.
Екінші періште: Ол қуаныштың қандай не екенін білмейді және қуанған адамды көрсе зұлымдық жасағысы келіп тұрады.
Үшінші періште:. Біз оған қуанудың қалай болатынын сезіндіріп, жүрегін мейірімділікке толтыруымыз қажет.
Ханзада: Олай болса балалар сендердің мерекеге дайындаған өнерлерін бар шығар.
Жүргізуші - Абдурахим
- Әрине, балаларымыздың өнерлері көп.
Малефасента: Қандай өнер? Маған ешкім қарсы келе алмайды. Қолдарыңнан келгенді жасаңдар. Мен сендердің барлығына төтеп бере аламын. Ха - ха
Жүргізуші - Жанель
- Олай болсақ неге тұрмыз. Кеттік.
Жаңа жыл келеді. Жаңа жыл!
Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда біз
Жарқын, жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр
Ортада «Жаңа жыл» әні
Жүргізуші – Абдурахим
Даламызға, қаламызға жаңа жыл кіріп келеді
Қартыңызға, жасыңызға жалынды сәлем береді
Келіңіздер, келіңіздер би де билеп беріңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың тамашасын көріңіздер!- дей келе мың бұралған бишілерімді қарсы алайық.
«Ақшақарлар биі»
Нұрайым, А. Жания,, Айша, Қ. Жания, Айбибі, Жанель, Айзере, Биханым.
Жүргізуші - Абдурахим
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз,
Жарқын, жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.- дей келе «Қыс түні» жеке әнін қабыл алыңыздар.
Ерасыл,, Алихан, Нұрислам, Мағжан, Айсұлтан.
Алихан: Этот праздник любит каждый,
Этот праздник каждый ждет,
Для детей он самый важный,
А зовется — Новый год!
Ерасыл: Жаңа жылым кел, кел төрлет, үйге кір,
Берейінші мен өзіңе сый небір.
Жаңа жылда той тойласын қуанып,
Атамыздан алайықшы сый - құрмет.
Қарға: Малефисента мәртебелім Аяз ата мен ақшақарды біреу келіп алып кетті. Қамалдың есігі өзінен өзі бұзылып жатыр.
Малефисента: - Ол қалай болғаны, ааааа кішкентай айлакерлер менің жүрегімді жібітіп, мені алдап, аталарынды алып кеткілерің кеп тұр ғой ия. Бұл қалай болғаны? Менің жүрегім жібіген сайын, барлық сиқырымнан айырылып бара жатырмын.
Жүргізуші - Абдурахим
Мелофисента сен ойлама әлемде тек зұлымдық болады деп. Балалар аяз атамыз қамалдан шықса, оған жол көрсетіп, барлығымыз ақашақармен аяз атаны айқайлап осында шақырайық.
Балалар: - Аяз ата, ақшақар!!!
Аяз ата: Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
 Келе жатырмын, келе жатырмын 
 Жаңа жылдарыңмен,
 Жаңа жылдарыңмен!
 Балаларым, балғыным,
 Өмір гүлім, шарағыным.
 Тілегенім жыл бойы,
 Сендердің ден – саулығың.
 Амансың ба, ұлдармын,
 Аппақ ару қыздарым?
 Мен сендерге әкелген,
 Құтты болсын жылдарың!!!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, Ақшақар.
Ақшақар: Өздерің де аман - есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларыңды тақылдап тақпақ айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында бәріңе жететін сыйлық бар. 
Аяз ата: Шыршаларын неге көңілсіз? Кәнеки бірге шамдарын жағайық. Бір, екі, үш Шамдарынды жарқырат.
Малефисента: - Сендер сонау алыс жерден қалай келдіңдер? Мен қайта ашуға басып жатырмын. Мен ашуланған сайын, күшім қайта енеді. Ха - ха - ха
Темір жігіт: - Мен сендердің аяз аталарын мен ақшақарларынды, тышқан жылын қамалдан шығарып, ұшырып әкелдім. Малефисента сенің ашуынды басудың жолын білемін. Мен өз көмекшілеріммен келдім.
Би «Темір жігіттер»
Нұрдаулет: Айналайын, есік қаққан Жаңа жыл,
Мен өзіңе жазайыншы жаңа жыр.
Құтты болсын, еліме келген жыл,
Құт береке ала келсін ән мен жыр. 
Мұхаммеджан: Есік қағып Жаңа жылым тұр бүгін,
Сақтағалы саналы елдің бірлігін.
Жаңа жылда жақсылықтар көп болсын,
Деп арнайды бүлдіршінін жыр бүгін.
Жасұлан: Жаңа жылым келе бергін, төр дайын,
Ел - жұртыма шын қамқоршы бол әрдайым.
Тіршілікте табыс, бақыт әкелгін,
Татып көрсе тіл үйірер балдайын.
Жүргізуші – Жанель
 Жасыл шырша жанында,
Жиналдық біз асыға.
Басқа достар келгенше,
Жыр жырлайық мақтана, дей келе балалардың Jingle bens әндерін қабыл алыңыздар. А. Жания, Айша, Қ. Жания, Нұрайым.
А. Жания: Келді міне, көптен күткен жаңа жыл,
Ортамызда, міне, жасыл шырша тұр.
Келіңіздер жүзі жылы қонақтар,
 Таң қалдырар бізде қызық думан бар.
Айша: Новый год мы очень ждали,
Елку с мамой наряжали.
Чтобы добрый Дед Мороз
Нам подарки преподнес.
Аяз ата: Ескі жыл есірке,
Жаңа жыл жарылқа
( Тышқан мен сиыр жылдары шығады да ескі жыл тышқан жылы өз сөзін айтып, Сиырды қарсы аламыз).
Тышқан - Мағжан: Уа, халайық!
Тышқан жылы құт, береке әкелді. Елімізге ырыс келді. Жаңбыр мол жауып, егін бітік шықты. Халқым маған риза болды. Келе жатқан сиыр жылы мол қуаныш пен бақыт әкелсін. Мен өз тілегімді сиырға да айтқым келеді. «кел, жаңа жыл ортаға» сиыр келеді, шыршаны бір айналады. Сиыр мол бақыт, мықты денсаулық, терең табыстар тілеймін. Келесі кездескенше сау болыңдар, балалар!
Сиыр - Нұрислам: Ой рақмет, тышқан, айтқаның келсін. Келдім бүгін алдыңа,
Уа, халайық жарандар!
Сиыр жылы құтты боп
Жақсы қадам басыңдар.
Уа, жарандар, жарандар!
Мен де келдім алдыңа,
Тышқан жылы секілді.
Зор қуаныш сыйлармын.
Бақытты боп балалар.
Жақсылыққа батыңдар
Жүргізуші - Абдурахим
Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.,- дей келе сізге арналған балаларымыздың «Аркестр» әнін қабыл алыңыз.
Өмірбек: Жаңа жыл — жаңа ниет, жаңа күнсің,
Ғаламға ғашық болған жанарымсың.
Ескі жылым есіркеп, кеттің бе сен?
 Шаттықтың шарайнасы бола білген!
Әділжан: Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
 Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Нұрперзент: Келді тағы жаңа жыл
Қуантуға біздерді,
Құтты болсын қуаныш
 Құттықтаймыз сіздерді.
Жүргізуші – Абдурахим
- Маған бір ой келді. Малефисентаның зұлымдығын мүлдем жою үшін бізде ең керемет заманауи шоу болу керек. Ол үшін бізге көмекке аяз ата мен ақшақар қажет.
Балалар: Өз өтініштерін білдіреді.
Ақшақар: Мен көмектескім келеді, бірақ қалай. Менің қолымнан келер ме екен. Жарайды.
Аяз ата: Не болды ақшақар? Жап жас болып қашып. Несі бар кеттік. Тәуекел. Біз дайынбыз!!!!!
Жүргізуші: Жанель
Ортада заманауи би: «Селфи, Тик Ток және Лайк жұлдыздары»
- Абдурахим, Ағзам, Алиасқар, Мұхаммеджан, Айсұлтан, Мағжан
- А. Жания, Нұрайым, Қ. Жания, Айбибі, Айлин, Жанель
Аяз атамен ақшақармен
Жүргізуші - Абдурахим
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық,
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық, - дей келе балаларымыздың Тик - Так жеке әнін қабыл алыңыздар
Ағзам: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Бексұлтан: Жаңа жылды бар тілде,
Жаңа жырға балайды,
Жаңа жылға әркімде,
Жақсы үмітпен қарайды
Жүргізуші – Абдурахим
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтары тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Хор «Шырша жыры»
Малефисента: Менің жүрегім мейірімділікке толды. Сендерге мың алғыс. Аяз атаның сыйлығы қалып қойыпты мен соны сиқырмен сендерге ұсынамын.
Аяз ата: Рахмет қарағым. Өзгергеніне қуаныштымын.
Балаларым менің сыйлығымды қабыл алыңдар!!!
Бәрі: Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
 Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Аяз ата: Ал, қарақтарым! Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
 Жүргізуші – Абдурахим
Құрметті қонақтар, балалар! «Малефисента Нұр Шұғылада» атты мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, жаңа жыл бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Жүргізуші – Жанель
Барлық жүргізуші бірге: Қош сау болыңыздар!!!!!
Малефисента: Сендерге алғысым шексіз енді мен сендерді теледидардың ішінен шығарып өз елдеріңе аман - есен шығарып салаен - деп барлық балаларды өз еліне қайтарады
Бүгінгі «Малефисента Нұр Шұғылада» бейнефильмінде рөльдерді сомдаған: Ханзада рөлін сомдаған: Ағзам
Ханшайым рөлін сомдаған: Нұрайым
Мелофисента ханшайымы рөлін сомдаған: Гүлмайра Ертілеуқызы
Бірінші періштелер рөлін сомдаған: Қыдырбай Жания
Екінші періште рөлін сомдаған: Айша
Үшінші періште рөлін сомдаған: Аубакирова Жәния
Қарға рөлін сомдаған: Алиасқар
Филмді қазақ тіліне аударған шаттық тобының т әрбиешілері.
Филімнің соңы.
Күтілетін нәтиже;
Не білді: Балалардың жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейтуді.
Не меңгерді: Мерекелік ертеңгілікке деген ой - қиялын, көркемдік талғамын дамытуды.
 Не үйренді: Таңғажайып сәттер ұйымдастыра отырып, балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылықтарын арттыруды. Шырша мерекесін көңілді ұйымдастырып өткізуді.

Қызылорда қаласы, №2 «НұрШұғыла» балабақша тәрбиешісі
Пірназарова Гүлмайра Ертілеуқызы
1 190
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Таңғажайып Жаңа жыл
Таңғажайып Жаңа жыл
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын деген сөз Қанаттана кең әлемге тарайды
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Балалардың сөздік қорын дамыту, сөздерді анық, ашық айтуға, сөйлеуге үйрету. Мерекелік шараларда достыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі (ересектер тобы)
Жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі (ересектер тобы)
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді, Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық, Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×