Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Таңғажайып Жаңа жыл

11 ақпан 2020, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Таңғажайып Жаңа жыл
Музыка ырғағымен балалар залға кіреді
1. Бала: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген сөз
Қанаттана кең әлемге тарайды
2. Бала: Жаңа жыл келді о міне
Далама қалама жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді
Шыға ғой менің төріме
Тәрбиеші: Қуанып тұрған ананы
Талабы таудай баланы
Күмбірлеп күміс күйменен
Бөлейік әнге даланы
Ән: Жаңа жыл
Анель: Жанель осы саған қыс мезгілі ұнай ма?
Жанель: Иә Анель қыс мезгілін өте жақсы көремін, оның аппақ қары, сықырлаған аязы қандай керемет
Анель: Жанель маған да қыс мезгілі ұнайды. Әсіресе «Жаңа жыл мерекесі» жан жағыңа қарашы қандай әдемі.
Тәрбиеші: Қыздар жаңа жыл мерекесін еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін күтетіні рас - ақ. Бүгінгі шырша тойымызда көптеген қызықты әндер, билер, күтпеген таңғажайып оқиғалар болуы мүмкін.
Қыздар қуанады
(Простоквашина мултьфильмінен) пошташы Печкин кіріп келеді
Қолында газет. Фёдор деген баланы іздеп жүргенін айтады
1. Бала: Қырларды жапты күміс қар
Далада жаңа тыныс бар
Бұталар жалт - жұлт етеді
Кәдімгі бейне хрусталь
2. Бала: Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір жасқа енді
Ән: Келді міне жаңа жыл
Сабина: Бекдана осы сарбаз болу әр балаға жарасады ғой иә?
Бекдана: Иә Сабина біздің ұлдарда өскенде ел қорғайтын сарбаздар болады.
Тәрбиеші: Ондай болса туған елін қорғаймыз деп келген сарбаздардың биін тамашалайық.
Би: Сарбаздар
Тәрбиеші: Мереке басталып кетті Аяз ата неге келмей жатыр? Орманда адасып жүрмекен. Балалар Аяз атаны шақырайық.
Балалар Аяз атаны шақырады
Аяз ата кіреді балалар мен сәлемдеседі
Шыршаның көңілсіз болып тұрғаны Виталина айтады. Аяз ата шыршаны жағады
Тәрбиеші. Аяз ата балалар сізді сағынып қалды сізбен бірге ән айтып би билесек деп тұр.
Қол ұстасып бір екі үш әнін орындау
Аяз ата үсітемін ойынын балаларға ойнатады
Би: Сығандар
Простоквашина музыкасы орындалады
Фёдордың анасы баласын іздеп келгенін айтады
Тәрбиеші: Шаңғымен келген екенсіз балалармен ойын ойнасаңыз қайтеді
Ойын: Шаңғы тебу
Марлен: Диас мен саған жұмбақ жасырғым келіп тұр
Диас: Марлен маған жұмбақ шешкен өте ұнайды
Марлен: Қиырға алыс барады
От болып кейде жанады
Мың бұралып сахнада
Қимылмен сурет салады
Диас: А, білдім ол біздің биші қыздар ғой
Тәрбиеші: Марлен сен қазір қыздардың би билейтінін айтқың келген екен ғой
Би: Шығыс
Тәрбиеші: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Ән: Аяз ата
Абубакир: қазақ халқы жылдың жаманы жоқ деген екен
Олжас: Ия Абубакир сондықтан
Тышқан жылы тыныштық
Сиыр жылы сыйлық
Барыс жылы бірлік
Қоян жылы қамбалы
Ұлу жылы үлгілі
Жылан жылы жайлы деген екен
Абубакир: Ал жылқы жылы жұтсыз
Қой жылы құтты
Мешін жылы мерейлі
Тауық жылы табысты
Ит жылы игілік
Доңыз жылы дүниелі деп, қазақ халқы әр жылдың қадір қасиетін
ұлықтап түсіндіріп отырған.
Доңыз жылы келіп балаларды жаңа жылмен құттықтайды
1. Бала: Жаңа жылда жол болсын!
2. Бала: Әрбір үйде той болсын!
3. Бала: Берекелі жыл болсын!
4. Бала: Ақ дастархан мол болсын!
Келіп жеткен Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жамбыл облысы Тараз қаласы
№18 «Еркежан» бөбекжай - бақшасы
Терликбаева Жанар
2 006
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыс
Қыс
Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл - серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен сықырлаған аязымен ерекше.
Жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі (ересектер тобы)
Жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі (ересектер тобы)
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Күз әуені
Күз әуені
Думан толы асқарлы Күз мезгілі басталды. Күз әуені кеп жетті, Әнге бөлеп жастарды. Нұрға бөлеп өмірді, Жырға бөлеп көңілді, Жарқыраған сәулелі Күз әуені төгілді.
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді, Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық, Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×