Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жыл, жаңа жыр ертеңгілік

11 қараша 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жаңа жыл, жаңа жыр.
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен бірлікпен достықпен өткізуге баулу.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті бүлдіршіндер, ата - аналар, қонақтар, балабақша ұжымы.
Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге жаңа жылда табыс, бақыт тілейміз. Жаңа жылдық ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгін келді жарқырап
«Балапан» тобы тағы да
Би билейді, ән салады
Жасыл шырша жанында
Сәлем бізден баршаға
Құттықтаймыз жар сала
Бүгін бізде Жаңа жыл
Қош келіпсіз шыршаға
Жаңа жылда көңілді
Шырқалады әніміз
Ата - аналар сіздерді
Құттықтаймыз бәріміз – деп ортаға « Балапан» тобының бүлдіршіндерін шақырайық.
(Музыка әуенімен залға балалар кіреді.)
Жүргізуші: Балалар бүгін бізде қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл.
Жүргізуші: Балалар мына биік жасыл әрі әдемі болып тұрған не нәрсе?
Балалар: Шырша,
Ән. «Аппақ, аппақ жапалақтап» әнімен шыршаны айналып билейді.
Жүргізуші: Балаларымыздың жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтып берейік.
Айдана: Көрікті шыршамыз
Шамдары самғаған
Көңілді ортамыз
Айтамыз шырқап ән
Әли: Аяз ата, аяз ата
Сені күтіп жүрдік біз.
Абыл Айару: Тамаша тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Мейіржан: Той мереке салтанат
Думандатып шар тарап
Келді міне жаңа жыл
Татуларын арқалап
Сұңғат: Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Аяжан: Далада нұр, қалада нұр
Құтты болсын жаңа жыл.

Осы кезде залға сайқымазақ кіреді.
Сайқымазақ: Уа, жараңдар, жараңдар.! Баршаңызға Жаңа жыл құтты болсын.
Сайқымазақ атыммен
Көрерменді күлдірем
Жиналған қауым алдында
Өнерімді көрсетем
Ал қонақтар, бүлдіршіндер
Менімен ойнағыларың келе ме?
Ойын:
Жүргізуші: Жарайсың, Сайқымазақ, сенің ойының бізге ұнады. Сенде біздің балаларымыздың өнерін тамашала.
Би: « Ару қыздар» биін тамашалайық.
Жүргізуші: Балаларымыздың жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтып берейік
Залға қоян кіреді.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
- Балалар мен жапырақ астына сәбіздерімді жасырып қойып едім, қардың астынан таба алмай жатырмын.
Маған сәбізді тауып жинауға көмектесіздер ме?
Кәрзенкеге қар астындағы сәбізді жинайды.
Қоян: Балалар рахмет сендерге. Мен осы сәбіздерден шырын жасаймын.
Сайқымақ: Ендеше шыршамыз неге көңілсіз тұр. Бізге кім жетіспейді.
Балалар: Аяз ата мен ақша қар.
Жүргізуші: Аяз ата мен ақша қарды ортаға шақырамыз.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар!
(Аяз атамен Ақшақар залға кіреді.)
Аяз Ата: Уа, жұртым жиналған
Көңілдерін бүр жарған
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес, барлығы
Алдымыздан күллі арман
Мықтылығым мәлім ғой
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыңдар ма балалар, ата – аналар. Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты табысты жыл болсын.
Жүргізуші: Аяз ата мен Ақшақар алыс жолдан шаршап келген боларсыздар. Отырып кішкене деміңізді алып, балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Қоян: Кәне менің көжектерім қайда екен, балалармен бірге билегім келіп тұр.
Би: «Қояндар полькасы
Жүргізуші: Балалар бәріміздің Жаңа жылымыз – Тышқан. Бәріміз бірге қарсы алайық.
Қош келдініз, Жаңа жыл.
Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен ақшақарға жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтып берейік

Аян: Мерекеге келдік
Тақпақ айтып бердік
Ойыншықтары тізілген
Шыршаныда көрдік
Аслан: Жаңа жыл, жаңа жыл
Қош келдің тағыда
Бекарыс: Тұрсақ ерте оянып
Жауған екен ақша қар
Ақ мамыққа оранып
Қалыпты қыс бақшалар
Нартай: Сақалы аппақ күріштей
Тістері аппақ күмістей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны
Инабат: Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді
Альбина: Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар көп қандай
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Жүргізуші:
Ән: «Буги - буги» орындалады.
Аяз ата: Ой, бәрекелді, балалар! Жарайсыңдар! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар ғой.
Ойын:
Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен ақшақарға жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтып берейік
Айару Айбекқызы: Жаңа жылда жанаша
Тақпақ біздер айтамыз
Болсын риза балаша
Әппақ Аяз атамыз
Шапағат: Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ біздер айтамыз
Болсын риза балаша
Аппақ аяз атамыз
Мансур: Шыршамыз керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған
Іңкәр: Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз

Аяз ата: Балалар өнерлі балалар екенсіңдер. Өнерлерін үстем болсын, Қандай әдемі балаларсыңдар. Осылай әдемі болып жүре беріңіздер.
Жүргізуші: Ер балаларымыздың биін тамашалайық
Би: « Көңілді би»
Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен ақшақарға жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтып берейік
Алішер: Алақай, алақай
Жыл келді шапқылап
Қәнекей қарсы алайық жақсылап,
Ернар; Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
К. Айару: Мерекеге келдік
Тақпақ айтып бердік
Ойыншықтарын тізген
Шыршаны да көрдік
Дәурен Төрлет, төрлет, Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.

Жүргізуші: Аяз ата, біздің бүлдіршіндеріміздің дайындаған өнері ұнады.
Аяз ата: Иә, өте өнерлі балалар екен. Маған өте ұнады. Рахмет балалар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, мен дем алып қалдым. Енді менің қайтатын уақытым болды. Сендерге сыйлық алып келдім.
Жүргізуші: Әрине, әлі де басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді бөгемейміз. Жолыңыз болсын.
Құрметті бүлдіршіндер, ата - аналар, қонақтар. Осымен біздің жаңа жылдық ертенгілігіміз аяқталды. Жаңа жылда жаңа табыстарға жетіңіздер!
(Балалар музыка әуенімен залдан шығып кетеді).

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы,"Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі
Дощимова Жемісхан Қаратонқызы

Жаңа жыл, жаңа жыр ертеңгілік. жүктеу
Жаңа жыл, жаңа жыр. жүктеу
8 290
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Балаларға жаңа жыл кешінде көңілді көңіл - күй сыйлау. Мерекенің қызықты өтуіне белсенділік таныту. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту.
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Жаңа жыл 2023 жыл
Жаңа жыл 2023 жыл
Бүгін келді жаңарып, Қонжық тобы тағы да. Би билейді, ән салады, Жасыл шырша жанында.
Құтты болсын Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа жыл
Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
Кел жаңа жыл ортаға
Кел жаңа жыл ортаға
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын Шат күлкіге толы болсын маңайың Көргендерде көрмегенде арманда Жаңа жылын құтты болсын ағайын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×