Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көксерек

12 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Көксерек» әңгімесі. Мұхтар Әуезов
Сабақтың мақсаты:
1) Әңгіме мазмұнын меңгерту, ондағы тағылары мен адамдар іс - әрекетін түсіндіру. Көксеректің түз тағысы екендігін дәлелдеу.
2) Жүйелі мазмұндау, іздену, қабілеттерін дамыту, өз пікірлерін дәлелдеуге дағдыландыру.
3) Табиғатты сүюге, жақсылық пен жамандықты, ажыратуға баулу. Мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, пікірлесу, болжау.
Сабақтың көрнекілігі: «Көксерек»- фильмінен үзінді, Венн диаграммасы, суреттер, слайдтар, музыка.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.(Оқушыларды топқа бөлу, топқа ат қою)
І - топ. Табиғат.
ІІ - топ. Адам.
ІІІ - топ. Қасқыр.
ІІ. Кіріспе. Әр топ өз тобының аттары туралы пікірлер айтып, қорғайды.
ІІІ. Жаңа сабақ. М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі.
а) Слайдтан деректер: Мұхтар Әуезов (1897 - 1961)
Туған жылы – 1897
Туған жері – Семей облысы, Абай ауданы.
Таңдаулы әңгімесі – «Көксерек» - 1929ж.
Мазмұны: Қасқыр – Табиғат – Адам.
ә) «Көксерек»- фильмінен үзінді көру.
Алдымен фильмге байланысты анықтама береміз.
Кейіпкерлері: Құрмаш, әжесі, Қасен, ауыл адамдары, Көксерек, Аққасқа.
Өнер туындысы: «Көксерек» кинофильмі. Қырғыз кинофильмі.
Режиссері: Толоуш Океев. Құрмаш ролінде: Қамбар Уәлиев.
б) Сұрақтар: фильм бойынша топ мүшелері өз ойларын ортаға салады.
Қасқырлар мен адамдардың ұқсастық неде?
Көксеректің ызалану себебі неде?
Құрмаштың өліміне кім кінәлі?

Нәтиже: Осы сұрақтарға жауап ала отырып, әңгіменің негізін, яғни әңгімедегі өзекті ойды анықтау. Мәтінді сұрақ - жауап арқылы түсіндіру.
в) Кітаппен жұмыс: Мәтінді түсініп оқу
г) Дәптерге жұмыс: Әр топқа жазба жұмыстар.
І - топ. Табиғат. «Көксеректің өлімі».
ІІ - топ. Адам. «Құрмаштың қайғылы тағдыры».
ІІІ - топ. Қасқыр. «Көксерек – көкжал қасқыр».

Тақтаға: Венн диаграммасын құру
Үйге тапсырма. «Көксерек» (Менің әңгімеден алған әсерім - ой толғау жазу).
Бағалау. Әр топ, топ мүшелері бағаланады.
Қорытынды: М. Әуезов оқырманға не айтпақшы болды?
Жазушының жан айқайы не?
Құрмаштың өліміне адамдар кінәлі емес пе?
Табиғатқа қарсы тұру, оның заңдылықтарын бұзу дұрыс па?
Сөзімізді былайша аяқтасақ: ( Плакаттан хормен оқу)
Табиғат – Ана!
Табиғаттың сырын танып білейік,
Табиғаттың тілін ұғып көрейік.
Тыныштығын сақтап өмір - өзеннің,
Ізгіліктің шамын жағып жүрелік!
Енді осы «Көксерек» тақырыбын сабақта қалай өткізгенім жайлы айтсам, жаңа сабақ болғанымен жалпы балалар үшін таңсық емес еді. Себебі: балалар осыған дейін кішкентай кездерінен бері «Маугли» атты мультфильмін көргендіктен жабайы аңдар туралы көп білетін болып шықты. Сабақты түсіндіру барысында интерактив тақтадан оқиғаға байланысты қасқырдың жабайы жыртқыш аң екенін суреттер мен қасқырдың дыбысы арқылы көрсеттім. Әңгіме барысындағы бөлтіріктің кішкентай кезінен бастап өсу кезеңдеріне байланысты Құрмаш екеуінің суреттерін, әрбір көрініске байланысты сюжетті суреттерін слайдпен күй әуенін қоса отырып көрсеттім. Оқушылардың өздеріне проблемалық «Ит не үшін керек? Асырау қажет пе?»,- деген сауал бердім. Оқушылардың жауабы мен күткеннен де асып кетті. Олар: әртүрлі жауаптар берді. Ең қызықтысы сол - «Сонда иттерді адам асырамаса кім асырайды?», «Иттер адамнан басқа неге керек?»- деген сұрақтар берді. Қазақ халқы қашанда «Ит жеті қазынаның бірі»,- деп ит асырайтынын айттым. Итті аңға салуға, мал күзетуге, жолға шықса серік етуге, үй қоруға бола ұстайтынды айтып өттім. Ит орнына кішкентай Құрмаштың кішкентайынан бөлтірікті асырап, оны аяғандықтан өлімнен арашалауын, хайуанға деген шексіз қамқорлығын түсіндірдім. Қай бала болса да сезімі ақ, шынайы екенін осы тақырыптан анық байқауға болады. Соның дәлелі – Құрмаштың аянышты өлімі екенін, Қасеннің қаталдығын баяндадым. Сабақ соңында оқушылар мен күткен нәтижеге келді.

Нәтиже: 1) Тақырыпты оқи отырып оқушы жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, мейірімділік пен қаталдық сияқты адамгершілік қасиеттерін үйренді.
2) Мәтін арқылы қазақ елінің ертедегі тұрмысымен танысып,, салт – дәстүрін үйренді.
3) Түз тағысының адамға бағынбайтынын білді. Қасқыр туралы деректер, суреттері жинақтап, рефераттар жазды.
4) «Көксерек» тақырыбында бала Құрмаштың бөлтірікті асырап, оған деген шексіз адал достығын оқушылар қызыға отырып оқыды.
5) Жазушының жан айқайын түсінді. Табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу дұрыс емес екенін айыра білді.
6) Жан - жануарларға қамқор, табиғатқа жанашыр болуды түсінді.
23 799
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Әуезов  «Көксерек» әңгімесі
М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға әңгіменің идеясын жан – жақты талдай отырып ашу; “Көксерек” әңгімесін қайталай отырып, алдыңғы алған білімдерін тиянақтау. Қасқыр туралы пайымдаулар жайында ой жинақтау.
Мұхтар Әуезов "Көксерек"
Мұхтар Әуезов "Көксерек"
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темкенева Толқын
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Мұхтар Әуезов "Көксерек – табиғаттың тағы перзенті"
Мұхтар Әуезов "Көксерек – табиғаттың тағы перзенті"
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, № 21 Алға мектеп-бақшаның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мұхтар Әуезов Көксерек
Мұхтар Әуезов Көксерек
Қостанай облысы, Рудный қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шынар Даниярқызы
Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі
Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ағыбай Асылбек Абдиәлімұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×