Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұхтар Әуезов "Көксерек – табиғаттың тағы перзенті"

11 желтоқсан 2013, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: М Әуезов «Көксерек» хикаяты. Көксерек – табиғаттың тағы перзенті

Сабақтың білімдік мақсаты: «Көксерек» хикаятындағы қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін таныту
Сабақтың танымдық мақсаты: Жазушының аң мен адам арасындағы тартысын суреттеуі арқылы тіршілік үшін күрестің өте күрделі де қиын әрекет екенін дәлелдеу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: 1. Табиғатты қорғай отырып, қасқырға деген көзқарасты қайта қарау;
2. Іскерлік, біліктілік қасиеттерін арттыру;
3. арттыру.
Сабақтың түрі сын тұрғысынан ойлау
Өткізу тәсілі Интерактивті
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері

Сабақтың көрнекілігі: Оқушылар салған суреттер, Мұғалім жасаған слайд

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Қызығушылықты ояту
ІІІ. Мағынаны тану
а) шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау
ә) Кубизм әдісі
б) Ғажайып шаршылар
ІҮ. Ой шақыру
Ү. Топтастыру стратегиясы
ҮІ. Тест
ҮІІ. Қорытынды

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.

Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгін біз онлайн режимінде «Көксерек» әңгімесі бойынша сабақ өткіземіз. Бұл сабаққа 7 «А» сынып оқушылары қатысып отыр. Оқушылар екі топқа бөлінді. 1 - топ «Арлан», топ басшысы: Қожамұратова Балзия, 2 - топ - Көкжал, топ басшысы – Рахметов Думан. Әр топқа ұйымшылдықпен жұмыс істей отырып, бірін - бірі бағалап отыру тапсырылды. Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.
ІІ. Қызығушылықты ояту
Қай жазушының шығармасын алсақ та табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы.
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Табиғат дегеніміз айналадағы қоршаған орта. Біз оқып келген Көксерек те табиғаттың тағы перзенті. Олай болса табиғат туралы не айтуға болатынын әр топ жазады. Топтастыру стратегиясы бойынша топтастырады.

Табиғаттың тыныштығын бұзбау керек. Табиғаттағы барлық нәрселер өзіне жарасымды болып тұрады. Біз оқыған «Көксерек» әңгімесінде адамдар табиғатқа қиянат жасайды. Қасқыр да осы табиғаттың бір бөлшегі. Егер де біз осы табиғаттағы аң – құстарға қиянат жасасақ, табиғатқа көрік беріп тұрған барлық әсем нәрселерімізден айырыламыз.

ІІІ. Мағынаны тану
Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан, бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі, олардың іс - әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі, яғни сюжеті Көксерек іс - әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.
а) 1. Оқиға қалай басталған еді?- Қараадыр қасқырлар мекені. Тағылар тірлігі.
2. Байланысы - Адамдар шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры. Қаталдық.
3. Дамуы – Бөлтіріктің Көксерек атануы. Оның адамдардан көрген жәбірі.
4. Шарықтау шегі – Көксерек және Құрмаш. Сәбидің таза көңілі, мейірімі
5. Шиеленісуі - Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез табысуы.
Тағылардың тағылық істері.
1. Шешімі – Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары.
Міне, негізгі оқиғасы да есімізге түсті.

Ә) Кубизм
Кубизм әдісі бойынша әр топ кубиктің көрініп тұрған қырындағы тапсырманы таңдап, орындайды.

І топ – суреттеңіз
ІІ топ – қолданыңыз
І топ - Әңгіме бойынша Көксеректің ауылдағы өмірі мен тағылық өмірін салыстыр
ІІ топ - Дала тағылары мен адамдар іс - әрекетіндегі айырмашылық

Б) Екі топ оқушылары кезек шығып, интерактивті тақтаның қаламымен түртіп, өзінің таңдаған ұпайы бар сұраққа жауап береді.
Сол жақтағы 20
Оң жақтағы 20

а) Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме?
Екі топ ұжым болып кезек жауап беріп, әр топ өз пікірін дәлелдеп қорғап шығуы керек.

ІҮ. Топтастыру стратегиясы.
• Енді осы талқылап жатқан әңгімеміздің негізгі көтерген мәселесі, идеясы қандай екен, соған біршама ой жіберейік. Ол үшін барлығымыз дәптерімізді ашып, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашамыз.
• І топ. “Көксерек” әңгімесінің тақырыбы мен идеясына талдау жаса
• ІІ топ. "Көксерек" әңгімесінің тақырыбы мен идеясын ашатын мақалды тап.

Қорытынды:
Қымбатты балалар, сабағымызды табиғатпен бастап едік, табиғатпен аяқтайық. Жер - бәріміздің ортақ үйіміз. Ол аңға да, адамға да жетеді. сыйысып, сыйласып, тату өмір сүрейік. Болашақта еліміздің ертеңін ойлар осындай күрделі мәселелерді шеше алатын азамат болып өседі деп сенім білдіремін.!
Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.
Сақтайықшы табиғат заңдылығын
Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!
Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!

Үйге тапсырма:
1. 2 - 3 абзац үзінді жаттау:
2. «Қасқыр неге ұлиды?» (ертегі не әңгіме жазу):
3. Қасқыр туралы естіген, білгендерін жинау
4. Монологты аяқтау
Қымбатты балалар, бізді манадан бері толғандырып, ойландырып, айтыстырып отырған әлемге әйгілі жазушы Мұхтар Әуезов. Оның «Көксерек» әңгімесі. Оның жазушылық шеберлігі. Осындай талантқа таң қалмасқа, сүйсінбеске болмайды.
Ертеңге кәміл сенген Абайлықтар,
Мұхтар мен Абай артқан талай жүк бар.
Жаз сайын құлпырғанмен мынау өңір,
Шіркін - ай, туар ма екен Абай, Мұхтар!
15 865
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
М. Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы. Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, талбесігі. Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді? Ендеше табиғат
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Көксерек – табиғаттың тағы перзенті
Көксерек – табиғаттың тағы перзенті
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакупова Назия Казымовна
Мұхтар Әуезов «Көксерек» хикаяты Адам мен аң тартысы
Мұхтар Әуезов «Көксерек» хикаяты Адам мен аң тартысы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, «Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы Шарбекова Саулет Қабиболлақызы
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі (7 сынып)
Мұхтар Әуезов Көксерек
Мұхтар Әуезов Көксерек
Қостанай облысы, Рудный қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шынар Даниярқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×