Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсылық жасай білейік

19 қаңтар 2019, Сенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Жақсылық жасай білейік
Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейік
Мақсаты: Оқушылардың “қайырымдылық, ” “қамқорлық,” “жақсылық” құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- Жақсылық жасаудың адами қарым қатынастағы мәнділігін түсінеді.
- Жақсы істер жасай біледі және қайырымды қамқор бола алады.
- Оқушылар бойында жақсылық, адалдық, шыншылдық сыйластық қалыптасады
- Көрнекі құралдар: суреттер, жақсылық туралы сөздер, интерактивті тақта,
Сабақтың барысы
Оқушылар Шаттық шеңберіне тұрып өлең шумақты айтып береді.
Үлкенге де “Сіз,”
Кішіге “сіз,“
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз
Оқушылар түрлі кәмпиттер арқылы топқа бөлінеді.
І топ Достық
ІІ топ Мейірімділік
ІІІ топ Сыйластық
Оқушылар топтың аты, ұранын, әнін орындайды.
Оқушыларға өзіңді таны өлеңін оқып беру.
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді - өзің ая да,
Өзің үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
“Мен қандаймын?” деп ойла.
Өзіңді - өзің қолыңа ал,
Өзіңсің – ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
“Өзіңді тану” пайдасы.
Ө. Ақылбеков

ІІ Ой жинақтау
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласыңдар?
Ақынның жақсылық көрсең біреуден, “Мен қандаймын ”деп ойла деген сөзіне көз қарастарың қандай?
Мұқағали Мақатаев ағамыздың «Адамға деген сеніммен»өлең жолдарын бейне таспа арқылы көрсету.
Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір - біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір - біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершіліктің белгісі.

Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан
Ойын «ашулы бұлттар ойыны» бұлттар көзін ашу арқылы тақырыпты ашып айтады. Сабақтың тақырыбы. Жақсылық жасай білейік.
Мұғалім оқушыларға С. Бағай Жақсылық жаса өлең шумағын оқып береді
Жақынды досты аяла,
Қанаттың сонда талмады.
Барыңды жұрттан аяма,
Жақсылық жерде қалмайды.
Жайдары жүзбен жарқыра,
Қатыгез болу - сол қайғы.
Қайырымды бол халқыңа,
Жақсылық жерде қалмайды.
Жақсылыққа жақсылық ертегісін бейне таспадан тыңдату.

Сенің пікірің қандай?
Жамандыққа ерсең жаман боласың.
Жақсылыққа ерсең жақсы боласың деген ой туралы қандай пікір айта аламыз? оқушылардың пікірін тыңдау.
Мұғалім
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге
Күлімдеген күн көзі ойыны
Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? оқушылар күннің шуағына жақсы сөздер жазып постер қорғайды.
Мейірімділік жүректен,
Мейірімсіздік білектен.
Жақсылық жасай білейік
Әрқашанда ізетпен
Кемпірқосақ сырлары: Оқушылар ертегілер мазмұны бойынша ертегілерді көрініспен көрсетеді.
Көрініс
І топ Қарлығаш пен Дәуіт ертегісі.
ІІ топ Арыстан мен тышқан ертегісі.
ІІІ топ Аю мен тышқан ертегісі.
1 – топ
1. Жақсылық ағаш басында,
Жамандық аяқ астында.
2. Ұлың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Қызың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.
Жақсының әрқашанда жолы ашық
2 – топ
1. Жамандық қылсаң жасыр,
Жақсылық көрсең асыр.
Жақсы туса ел ырысы,
Жауын жауса жер ырысы.
3. Сыйласуға ел жақсы,
Сырласуға дос жақсы.
3 – топ
1. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
2. Достың жақсысынан
Тонның жаңасы жақсы.
Жақсылық жүрген жерде таршылық болмайды.
Оқушылар өздері білетін мақал - мәтелдер айтқызу.
Сиқырлы дәйек сөздер ойыны
Біреуге жақсылық етсең өз жақсылығыңды міндет етпе
Ы. Алтынсарин
Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі Халық даналығы
Шынайы жақсылық адамдарға деген шексіз мейірімділікпен көрінеді.

Жақсы сөз – жақсы тілек,
Болайық ізгі ниетті.
Жақсы ойлап кісіге,
Тілейік үлкен – кішіге
Айналадағы адамдарға қандай жақсы сөздер айтар едіңдер?
Қандай жаман қылықтардан аулақ болар едіңдер?
Оқушылар өз ойларын эссе арқылы жеткізу.
Жақсылық жасау – тым қиын емес
Жақсылық жасау, қайырымдылықпен айналысу бізге бір қиын секілді көрінеді. Ол үшін арнайы уақыт бөліп, өзге дүниені ұмытуға тура келетіндей.
Ал кейде тіпті жақсылықтың қайтарымын, бағалануын күтеміз.
Көңілі ақ, адал адам бола білу тым қиын дүние емес.
Кері байланыс парағы
Айналамызға қарап жақсылық жасай білейік.
АҚШ - та «Алғыс айту және жақсылық жасау» мерекесі аса көңілді күндердің бірі болып есептеледі. Көргеніңіздей, жақсылықтың үлкен - кішісі деп емес, оның бар болғаны ғана пейілімізді жақсылыққа бұруға көмектесе түседі. Өмірде жақсы адамдар бар, олар көп..
Себебі Жақсылықты бұлдамаған дұрыс қой. Жақсылық кейде аяқ астынан жасалады, кейде ойламаған кездерде болып қалады. Өмірдегі жақсы адамдардың саны арта берсін, сонда жақсылықтар көп болады. Адамдар бір - біріне жақсылық жасаудан жалықпаса, өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым - қатынаста болады, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнатылады.
Жақсылық жасай білейік жүктеу
5 271
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Балаларға жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, бір - бірімен достық қарым - қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Адам қарым - қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпа ету
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Жылы жүрек - жақсы тілек
Жылы жүрек - жақсы тілек
Семей қаласы. Приречное ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Карлығаш Кабыкеновна
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×