Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім

26 желтоқсан 2012, Сәрсенбі
Ақмола облысы, Степногорск қаласы
№2 Бестөбе орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Анаргүл Көкешева

Қыс мезгілі. Сын есім. (5 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қыс мезгіліне байланысты жаңа сөздерді меңгерту, Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін, белсенділігін арттыру, сын есімдерді ауызекі сөйлеу тілінде және жазба жұмыстарында дұрыс қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: қыс мезгілінің өзіне тән ерекшелігін, әсемдігін көрсете білу, оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, сурет
Көрнекілігі:
1. Жыл мезгіліне байланысты суреттер, кесте - таблица, оқулық.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшінің хабарламасы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қыс мезгіліне байланысты суреттер салып, оны қазақ тілінде қорғау.
Оқушылардың қызығушылығын ояту.
- Балалар, бір жылда неше мезгіл бар ?
- Сендерге жылдың қай мезгілі ұнайды ?
- Қыста ауа райы қандай болады ?
- Қыста қандай мерекелер болады ?
- Қазір жылдың қай мезгілі ?

ІІІ. Жаңа сабақ: Бүгінгі біздің тоқталатын тақырыбымыз «Қыс мезгілі» және грамматикалық тақырыбымыз: Сын есім.
1. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Сөздікпен жұмыс (Ауызша сөздермен сөз тіркесін және сөйлем құрастыру).
Қалың - густой;
Қалың – қалың қар; Қалың қар жауды.
Аяз - мороз;
Аяз - қатты аяз; Қаңтарда қатты аяз болады.
Шаңғы - лыжи;
Шаңғы - шаңғы тебу; Қыста шаңғы тебемін.
Тон - шуба;
Тон - жылы тон; Маған анам жылы тон сатып әперді.
- Балалар, қыс мезгілі несімен қызықты?
- Қандай мерекені асыға күтесіңдер?
- Қыс айларын атаңдар.

Оқулықпен жұмыс.
1- жаттығу. Диалогты рөлге бөліп, түсініп оқу.
Дыбыстық талдау: «Қыс, боран» сөздері (математикалық тәсілмен)
Боран - 5о= 2 +3

Т.қ.қ: жуан 2 (о,а)
жіңішке (-)

Ж.қ.қ: ашық 2 ( ( о,а)
қысаң (-)
Е.қ.қ: еріндік 1 (о)
езулік 1 (а)
Қатаң: (- )
Ұяң: 1 (б)
Үнді: 2 ( р,н)
Бо- ран- 2 буын; 1-ашық буын, 2- бітеу буын.

Грамматикалық тақырыпты меңгерту: Сын есім. (Ережесін түсіндіру, мысалдарды оқушылардың өзіне айтқызу).

Тапсырма. Мына сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғау арқылы сын есім жасап, сөйлем құрау.
Мысалы: Мереке - мерекелік; Жаңа жылдық мерекелік дастарқанға дайындалып жатырмыз.
Қыс, қар, күз, мереке, қызық, аяз, орман, кеш, қараңғы, мереке.

Рефлексия.
Үйге тапсырма
1. Жаңа сөздерді, ережені жаттау.
2. 2-жаттығу. Кесте бойынша әңгіме құрастыру.
Бағалау.
4 634
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
Қыс мезгілі
Қыс мезгілі
Астана қаласы №3 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі мұғалімі Асанова Назира Куанышовна
Қыс. Сын есім
Қыс. Сын есім
Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Маншук
Қыс
Қыс
Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін, белсенділігін, қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік мақсаты: жылдың әр мезгілі өзінің әсемдігі, қажеттілігі бар екенін таныту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×