Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағынасы қарама қарсы сөздер

19 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі жүрек тілімен
Сабақтың тақырыбы: Мағынасы қарама қарсы сөздер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөз мағыналары туралы түсінік қалыптастыру, олардың түрлерімен таныстыру, оларды бір бірінен ажырата білуге үйрету, мағынасы қарама қарсы сөздердің жасалу ерекшелігіне ерекше көңіл бөлу, іскерлік дағдыларын жетілдіру, даналық сөздердің мағынасын түсіне білуге, логикалық ой - қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту, жүйелі сөйлеуге, сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру. жауапкершілікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа, нақтылыққа, жалпыадамзаттық құндылықтарға, ізгі қасиеттерге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер
Сабақтың түрі: Аралас, ықпалдастырылған сабақ
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, репродуктивті, сызбамен жұмыс, ой шоғырландыру, жинақтау т. б.
Сабақтағы пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, көркем әдебиет.

Жоспар
І. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Тыныштық сәті «Күзгі нұр» (үнтаспадан әдемі музыка ойнайды) Денемізді тік ұстап, орындықта еркін отырамыз. 1, 2, 3. Көзімізді жұмып, терең демаламыз. Көз алдарыңда күзгі дала. Жұмсақ самал есіп тұр. Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап - жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді - ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). 1, 2, 3, көзімізді ашамыз.
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді? Қандай тілектер тіледік?
Мұғалім:
Бүгінгі сабағымыздың басшысы ЖЕТЕЛІ ЖЕТІ СӨЗ. ЖЕТЕЛІ ЖЕТІ СӨЗдің сиқырын аша отырып жұмыс жасаймыз.
І. А.... ой (саналы ой) Жақсы ой адамды жақсылыққа жетелейді. Сондықтан ойлаған ойымыз тек саналы болу керек. Себебі біздің ойымыз іске ұласады.
ӨТКЕНГЕ ШОЛУ:
Сөз таптарын ата. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Сөйлем мүшелері туралы не білеміз?
Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтарын ата. Жайылма сөйлем дегеніміз не?
Мәтін қандай бөліктерден тұрады? Сөз тіркестерінің бірінші сыңары қалай жасалады?
Сөз тіркестерінің екінші сыңары қалай жасалады?
ІІ. Н....(нағыз дос ) Нағыз достар қандай болу керек? Сондай қасиеттер біздің бойымызда қалыптасу керек.
Үй тапсырмасын тексеру. Сөз мағынасы туралы не білеміз?
Семасиология деген не?
ІІІ Т....(талап) Абай атамыз айтқандай талап асыл қасиет. Талапты бала талпынған құстай. Талапты болуға ұмтылуымыз керек.

Жаңа сабақ: Өткен сабақта сөз мағынасы туралы жалпы түсінік алдық. Бүгінгі сабақта Мағынасы қарама қарсы сөздер туралы білімдерімізді кеңейтеміз.
АНТОНИМ Ежелгі грек сөзінен шыққан.
АНТИ - ҚАРСЫ, ОНИМ - ЕСІМ
Сабақты түсіну үшін мына нақыл сөздер мен мақал мәтелдерге назар аударайық!
Адалдық жолы жанған шамдай,
Арамдық жолы көк ала шаңдай.
Сөз мағынасын ашу; Мағынасы қарама қарсы сөздерді табу: Осы мақалдан қай қасиетті аламыз? Қайсысынан сақ боламыз?
Біреуге қуаныш сыйлай білу БАҚЫТ
Сөз мағынасын ашу; ҚУАНЫШ сөзіне мағынасы қарама қарсы сөзді тауып айту. РЕНІШ
Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақта, бақыт та қонбайды. Ж. Баласағұни Адамды қуанта білу бір бақыт. Ендеше бір бірімізге қуаныш сыйлауға асығайық.
Сөз мағынасын ашу; ЖАҚСЫ сөзіне мағынасы қарама қарсы сөзді тауып айту. ЖАМАН
Жақсылыққа жақсылық ету - ПАРЫЗ
Жамандыққа жақсылық ету - АДАМГЕРШІЛІК Амандық шешен
Сөз мағынасын ашу; Көмек беру, жақсылық жасау адамгершілікке жатады. Адамгершілігі бар адамды нағыз адам деуге болады. Ендеше нағыз адам болуға тырысайық! Мағынасы қарама қарсы сөздерді табу:

IV..... О.(терең ой) Ой тереңіне үңілу жақсы көрсеткіш. НАЗАР АУДАРЫП, ЕСІҢЕ САҚТА!
Антонимдер көбінесе сын есімдерден құралады. Басқа сөз табынан кездесуі тілде сирек кездеседі.
Сөздердің бәрі АНТОНИМ бола бермейді. Мысалы: көк - көк емес, таулы жер - таусыз жер
Антонимдер мақал мәтел, нақыл сөздерде жиі кездеседі.
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы
АНЫҚТАМА шығару
Мағынасы қарама қарсы сөздерді АНТОНИМ дейміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 987
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әңгіме оқимын. Сөз.
Әңгіме оқимын. Сөз.
Қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Мағыналары қарама - қарсы сөздер
Мағыналары қарама - қарсы сөздер
Барлық оқушылар: мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік алады. Сөз және оның мағынасына қарап ереже шығара алады.
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Қызылорда қаласы, №112 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Караулова Гүлбарам Нұрсұлтанқызы
Математика жүрек тілімен
Математика жүрек тілімен
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп – гимназияның бастауыш класс мұғалімі Каирова Клара Урбисиновна
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Темірғалиева Назым Фатихқызы Бастауыш сынып мұғалімі БҚО, Казталов ауданы, Сатыбалы ОЖББМ
Қарсы мәндес сөздер
Қарсы мәндес сөздер
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №42 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сейпіл Гүлжан Жеткергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×