Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зерделі болсаң биік шыңға жетерсің

27 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Зерделі болсаң биік шыңға жетерсің. (топтық сайыс)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін тексере отырып, ақыл - ой өрісін жан - жақты дамыту, оқушыларды өз бетінше ізденуге баулу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұпайлық сандар

Жүру барысы: 1. Ұйымдастыру. 2. Негізгі бөлім. Мұғалім: Жер үстінде адам өмір өткізер Бар нәрсеге білім қолын жеткізер Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменен сапарға жол салынар.
Қадірлі болашақтың бастауы балғын шақты балалар! Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімдеріңізді көрсететін «Зерделі болсаң биік шыңға жетерсің» атты топтық сайысымызды тамашалайсыздар.
Сайысқа екі топ қатысқалы отыр. Топтар ортаға шақырылады.
топ «Тұлпар» 2 - топ «Сұңқар»
Шын жүйріктер сыналады жарыста Жарыстың ба орта жолда қалыспа Әділқазы бағалайды сіздерді, Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп, осы сайыстың бағасын беретін әділқазыларды таныстырып өтейін....
Сайысымыз бірнеше айналымнан тұрады.
Ал, қанеки келіңдер, Біріңе - бірің еріңдер. Біліміңді тексеріп, Ойынға қатысып көріңдер.

I бөлім. «Дода» Сұрақтар:
1. Құстың аузын қалай атайды?
2. Жердің табиғи серігі не?
3. Ең киелі құс?
4. Дүние жүзіндегі ең терең көл?
5. Басты байлық?
6. Аққудың баласы қалай аталады?
7. Адам денесінің тірегі?
8. Орман дәрігері?
9. Жерге ең жақын жұлдыз?
10. Ұя салмайтын құс?

II бөлім. «Ұшқыр ой»
Бұл бөлім қисынды ойлауды талап етеді. Әр топқа жұмбақтар беріледі. Шешуін табамыз. Жұмбақтар: Алғашқы орны заттың түсі «Жылпыс» деп ұқ екіншісі Көлдің сәні - сымбатты құс Атын тауып айқындай түс (аққу)
Бірінші буыны жылға кірмей қалатын, Екінші буыны әуелеп ұша алатын Таптың ба, кәне, балақай Сонда бұл қай құс болады? (түйеқұс)
Көктемде көгереді, Жазда ырысқа кенеледі. Күзде пісіп марқаяды, Қыста бірден қартаяды. (жер)
Өмірде одан мол ештеме болмайды, Құшақтасаң құшағыңа толмайды. (ауа)
Дәмі де жоқ, түсі жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ (ау)
Ертеменен ол неме, Терезеден қарайды. Сәуле шашып бөлмеге, Шұғыласы тарайды. (күн)

III бөлім «Бәйге»
Мәңгі бақи есте қалар, Қызықты бір ойын болсын. Тек білімді шәкірт озар, Сұрақтары қиын болсын.
Сұрақтар:
1. Табиғатты игеру үшін кім керек? (адам) 2. Табиғатты қандай заттар құрайды? (орман, тау, өзен, су, ағаш) 3. Әр адамның шағын Отаны? (отбасы) 4. Судың үш күйін ата? (қатты, сұйық, газ) 5. Қазақстандағы тұзды теңіздер мен көлдерді ата? (Каспий, Арал, Балқаш) 6. Ауа температурасын өлшейтін құрал? (термометр) 7. Кеуде қуысының сол жағында орналасқан өз жұдырығыңдай мүше? (жүрек) 8. Өсімдік мүшелерін ата? (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым) 9. Табиғат заттары мен құбылыстарын көріп, ұстап, тыңдап, естіп, зерделеу жұмыстары. (бақылау әдісі) 10. Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал? (құбылнама)

IV бөлім «Білімпаз»
Ұлылардың ұрпағымыз кешегі, Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі. «Білімпаздар» сайысына қатысып, Жалғасы мен жауабын кім шешеді?
Мақал - мәтелдер
1. Дана көптен шығады…
2. Ауырып ем іздегенше,...
3. Аққу құссыз көл жетім,..
4. Таулы жер бұлақсыз болмас,..
5. Су жүрген жер береке,...
6. Сулы жер -.....

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 638
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыс кереметі (сыныптан тыс іс-шара)
Қыс кереметі (сыныптан тыс іс-шара)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Аимбетова Гульмира
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Білім мен парасат сайысы
Білім мен парасат сайысы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Зерделі болсаң биік шыңға жетесің
Зерделі болсаң биік шыңға жетесің
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Рахимбекова Клара Ораловна
XXI ғасыр көшбасшы
XXI ғасыр көшбасшы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектеп биология пән мұғалімі Тілеген Қаракөз Ертасқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×