Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білгірлер мен тапқырлар тартысы

25 қазан 2015, Жексенбі
Білгірлер мен тапқырлар тартысы
Сәлем, достар аман ба?
Мына бейбіт заманда,
Қуантамын бәріңді.
Білімдіден қалам ба?!
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздер «Білгірлер мен тапқырлар» атты сайысқа келіп отырсыздар.
Ақыл - тон, аңдағанға тозбайтұғын,
Білім - кең, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын - деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымыз қатысқалы кеп отыр.
(Байқауға қатысушылар ортаға келеді

1. Сулейманов Ренат.
Жауап берер дәл анық,
Ренаттың жеңетіні дәл анық.

2. Аверкиева Дарья.
Есепті түрлі шығарады.
Арасында қазақ тілінде сөйлеп жарысады.

3. Мустафина Рамина.
Жібек мінез, үлбіреген Рамина,
Тосылмашы, ұпай санын көп жина.

4. Мушанова Айгерім.
Айгерім біздің естігенін есте тұтқан.
Оқығанын миға тоқыған.

5. Беркенов Канат.
Білім қуған Қанат.
Нақты ғылымға қызыққан.

Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділ қазы бағалайды Сіздерді,
Жеңіс - мәре жақын ба әлде алыс па - демекші, қазылар алқасымен таныстырайық.
(Әділқазылармен таныстыру)
(Сайыстың өтілу барысымен таныстыру)
Сайыс 5 бөлімнен тұрады:
1 - бөлім: «Бәйге»
2 - бөлім: «Тіл - Өнер»
3 - бөлім: «Төрт жұмбақ»
4 - бөлім: «Грамматикаң қалай?»
5 - бөлім: «Жорға».

(1 - бөлімнің шартын түсіндіріп кету)
Тест сұрақтары бойынша жарыс. 6 сұрақ беріледі, әр сұраққа 3 жауаптан бар, 1 жауабы дұрыс.
Ал, іске сәт!
Бәйге десе бұлқынбас жас болар ма - деп, 1 - бөлім «Бәйгені» бастайық.
1. Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
... Ал екінші бақытым - Тілім менің.
... Бақытым бар үшінші - Отан деген. Кімнің өлеңі?
а) Мұқағали Мақатаев
б) Бауыржан Момышұлы.
в) Мұхтар Шаханов
2. Ұлы Отан Соғысына қатысып, Отанымызды жаудан қорғаған халық батыры кім?
а) Сәбит Мұқанов
б) Бауыржан Момышұлы
в) Бердібек Соқпақбаев
3. Абай мен Ыбырайдың ізін жалғастырған ұлы ғалым, ақын - аудармашы кім?
а) Мағжан Жұмабаев
б) Сәбит Мұқанов
в) Ахмет Байтұрсынов
4. Мәңгілік Өмірді аңсаған кім?
а) Асан Қайғы
б) Құрманғазы
в) Қорқыт
5. Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар.
1) Тасбақа
2) Бақа
3) Көлбақа
6. Өлеңмен жазылған шығарма
1) Әңгіме
2) Поэма
3) Повесть
Әділқазылар бірінші бөлімді қорытындылағанша біз сіздермен жұмбақ шешейік.
1. Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (қоян)
2. Ауаға шықса ауырады,
Су ішінде сауығады. (балық)
3. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз)
4. Сөз сөйлесең қозғалыста болады. (тіл)
5. Таяқ жеген сайын ойнақтаған. (доп)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 073
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жас биолог - 2018 интеллектуалды сайыс
Жас биолог - 2018 интеллектуалды сайыс
Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын, Білім – кен, қанша болса азбайтұғын. Қатарың оза шауып бара жатса, Арқаңның ауруы не қозбайтұғын
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі шет тілі пәні мұғалімі Жусупбекова Салтанат Зейнуллаевна
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Білім мен парасат сайысы
Білім мен парасат сайысы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Көшбасшы - биолог (интеллектуалды ойын)
Көшбасшы - биолог (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×