Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім мен парасат сайысы

09 наурыз 2014, Жексенбі
Тақырыбы: Білім мен парасат сайысы
Мақсаты:
Оқушылардың қазіргі заман талабына сай терең білім алуына ынталандыру;
Ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру;
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту;
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, т. б
Барысы:

Жүргізуші:
Сәлем достар аман ба?
Мына бейбіт заманда,
Қуантамын бәріңді.
Білімдіден қалам ба?

Армысыздар ұстаздар мен оқушылар, сайыскерлер. Бүгінгі 6 - снып оқушылары арсында өткелі отырған білім сайысын ашық деп жариялаймыз!

Ақыл – тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім – кен қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын – дей келе кезекті топты таныстыруға береміз

І топ - «Талап»
ІІ топ –«Дарын»
Шын жүйріктер сыналады сайыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па?
Сонымен достар, іске сәт! Жұлдыздарың жансын!
Ойынның шарттары:
1. Таныстыру
2. Кім көп біледі?
3. Тіл өнері
4. Тірліктің өзі - жұмбақ!
5. Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы
6. Тапқырлық
7. Марапаттау

ІІ бөлім І топ - «Талап»
Кім көп біледі?
1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті қай жылы алды?
2. Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы кім?
3. Жеті қазынаға не жатады?
4. Сан есімнің мағыналық түрлерін ата
5. “Шығамын тірі болсам адам болып” өлеңінің авторы кім, ол жайында не білесіздер?
6. Абайдың отыз бірінші қара сөзі не жайында?
7. Күрделі сөздің неше түрі бар, ата.
8. Қазақтың би - шешендерін ата.
9. Абайдың әжесі кім?
10. Жұмбақ дегеніміз не?

ІІ топ –«Дарын»
1. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні қай күн?
2. Қазақстанның тұңғыш саяхатшысы кім?
3. Үш арсызды ата.
4. Сын есімнің мағыналық түрлерін ата.
5. Қосымша нешеге бөлінеді?
6. “Жақсы мен жаман адамның қасиеттері” атты өлеңнің авторы кім?
7. “Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры” атты әңгіменің авторы кім, шығарма не жайында.
8. Мұқағалидың қандай өлеңдері бар, мысал келтір
9. Абайдың анасының аты кім?
10. Ертегі дегеніміз не?

ІІІ бөлім Тіл өнері
Берілген мақалдарды жалғастыру
І топ - «Талап»
1. Жақсы сөз – жұбатады,
Жаман сөз - жылатады.
2. Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені
Еменнің иілгені – сынғаны.
3. Теңге тиыннан,
ынтымақ - ұйымнан.
3. Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
5. Жақсы топта танылады,
Мырза жоқта танылады.

ІІ топ –«Дарын»
1. Ұлыдан – өсиет,
Жақсыдан – қасиет.
2. Отанға опасыздық еткенің,
өз түбіңе жеткенің.
3. Бала әкенің білек еті
Ананың жүрек еті.
4. Білім ізденген өсер,
Бүлік іздеген өшер.
5. Көп жасаған білмейді,
Көпті көрген білер.

ІҮ бөлім Тірліктің өзі - Жұмбақ!

Тірлік бұл – тұнған жұмбақ жас балаға:
Өсеміз құпияның сырын ашып...
Сендер де жұмбақ шешіп көріңдерші,
Ойланып, ақыл қосып, ұжымдасып.

І топ «Талап»
1. Ұрсаң жерде заулайды
Жерде қарғып тұрмайды,
Тиіп кетсе басыңа ешбір зиян қылмайды. (доп)
2. Құрғақ жерде сақтайсың,
Менсіз тамақ татпайсың (тұз)
3. Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды. (сыбызғы)
4. Көлігі жоқ – көшеді,
Өзін кезбе деседі (бұлт)
5. Өзі - көзі
Көзі - өзі (күн)

ІІ топ «Дарын»
1. Ортасында ақ көлдің,
Қара көлге тап болдым. (көзің ағы мен қарасы)
2. Қант дейін десем,
Не қатты емес, не тәтті емес,
Қар дейін десем,
Не ерімейді, не төгілмейді. (мақта)
3. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. (ауа)
4. Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге. (білім)
5. Күн мен түн немен аяқталады? (“Н”әрпімен)

Ү. Өлең сөздің патшасы - сөз сарасы
Әр топтан оқушылар өздерінің жаттаған өлеңдерін жатқа оқиды.

ҮІ. Тапқыр болсаң тауып көр
Ұлы тұлғалардың бейнесін жасыру арқылы кім екенін табу және олардың қандай туындылары бар екенін айту.
ҮІІ. Марапаттау.
Қорытындылау
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тап білімнен таралар,
Білімменен аспанға жол салынар.
7 228
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жас биолог - 2018 интеллектуалды сайыс
Жас биолог - 2018 интеллектуалды сайыс
Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын, Білім – кен, қанша болса азбайтұғын. Қатарың оза шауып бара жатса, Арқаңның ауруы не қозбайтұғын
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі шет тілі пәні мұғалімі Жусупбекова Салтанат Зейнуллаевна
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
XXI ғасыр көшбасшы
XXI ғасыр көшбасшы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектеп биология пән мұғалімі Тілеген Қаракөз Ертасқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×