Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шешенің балаларын сүюі

12 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 4 сынып
Тақырыбы: Шешенің балаларын сүюі (слайд)
Мақсаты:"Шешенің балаларын сүюі" өлеңінің идеялық мазмұнын ашады.
Міндеттері:
- мазмұнына байланысты өлеңді оқып танысады, идеялық мазмұнын ашады, ананы сүйіп, қадірлеу керектігін түсінеді;
- сыни тұрғыда өлеңді оқу барысында бала өмірі үшін ананың құдіреттілігін айқындайды;
- берілген тапсырмалар арқылы оқушылар шығармашылық ізденістерін қалыптастырады, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытады.

Қолданылған модульдер:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау.
4. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
5. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
6. АКТ - ны пайдалану
7. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Стратегиялар:
Мағынаны табу
Топтастыру стратегиясы
Сергіту сәті

Мұғалімнің іс - әрекеті
Мен сабақты қалай бастаймын?
Оқушылармен амандасып, көңіл күйлерін сұраймын. Сыртқы және ішкі шеңбер құрамыз, жұп - жұптарымызбен тұрамыз. Ішкі шеңбер сыртқы шеңберге қарсы қарап тұрады. Сыртқы шеңбер айна, ал ішкі шеңбер адам. Адам қимылын айналар қайталап жасаймыз.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, өзін - өзі реттеу(әлеуметтік)

Оқушыларды түстерді таңдау арқылы 3 - топқа бөлемін. Топтың атын, топ басшыларын оқушылармен ақылдаса отырып сайлаймын.
Алтын ережені қайталатамын.

Осы мысал өлеңінің негізгі түйіні не?
"Еңбек ет те, мақтан,
Ойнап күл де шаттан."
Балалар қазір бәріміз мына бір әнді тыңдайықшы.
Ән тыңдау "Ана туралы"
Ш. Қалдаяқов.
Орындаған әнші Нұрлан Өнербаев.
Осы ән кім туралы екен?
Әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?
Ендеше біз бүгін М. Дулатовтың "Шешенің балаларын сүюі" өлеңін талдаймыз.
Сонымен бұл өлеңнің авторы кім екен?
М. Дулатов туралы не білеміз, қане ортаға салып айтып жіберейік?
М. Дулатов туралы білетін деректеріңді мына кестедегі деректермен толықтырғым келіп тұр.(кестемен жұмыс)
Сөздік жұмысы
Көз жасын көлдету - қатты жылау.
Өлеңнің тақырыбы не?
Ақын өлең арқылы қандай ой айтпақшы болды?

Өлеңнің негізгі идеясы.
Идеясы тақырыппен тығыз байланысты - ананың бар арманы, өмірінің мәні - баласы, баласының амандығы.
Ана - қоғам қайраткері
Топтастыру стратегиясы арқылы ананың қоғамдағы орны анықталады.
Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен аналардың қоғамдағы орны қандай?

Музыка әуені
Қане, аналарың сендерді қалай атап еркелетеді?
- Ендеше, аналарымыз бізді еркелетіп, аймалап, аялы алақанына салып отыр деп ойлаңдар.
1 - топқа 5 жол өлең жаздырту.
2 - топқа Ана туралы мақал - мәтел айту.
3 - топқа "Анаға" байланысты жақсы сөзді айта отырып, "Күннің шуағына" гүлді жапсыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 243
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру. Отбасы ата - анаға деген сүйіспеншілік құрметтерін еске түсіндіру.
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Жезқазған қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтоты Рахимберліқызы
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Атырау облысы, Атырау қаласы Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп - гимназиясының орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуллина Балауса Гайнеденовна
Шешенің балаларын сүюі
Шешенің балаларын сүюі
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, «В. П. Чкалов атындағы орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Тоқтасынова Гүлжанат Қабдыләшімқызы
Туған жердің ыстығы - ай
Туған жердің ыстығы - ай
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×