Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі

05 қазан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Атырау облысы, Атырау қаласы
Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған
№30 мектеп - гимназиясының орыс сыныптарындағы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Габдуллина Балауса Гайнеденовна

Қазақ әдебиеті 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі

Жалпы мақсаттары: Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығының қыр - сырын меңгеріп, тереңдей бойлату. Оқулықта берілген өлеңіне жан - жақты талдау жасай отырып, тақырыбын ашу;
Оқушыларды өз беттерінше әрекеттендіру арқылы сын тұрғысынан ойлауы мен жазуын дамыту, топта жұмыс жасаудың тиімділігін арттыру;
Оқушыларды ананы сүюге, құрметтеуге, сыйлай білуге, бағалауға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі
Өзгеріс жасау кезінде сыныпта не болатынын бағалау.
Болжағанның орнына, шындығында не болып жатқанын нақты анықтау.
Үдеріске қандайда бір жаңалықты ұсыну арқылы әсер етуге және жәрдемдесуге тырысу

Негізгі идеялар
Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады»

Тапсырмалар
1. Ақын өмірі туралы айту
2. Өлеңді мазмұндап, талдау.
3. Венн диаграммасы
4. Мақалдың жалғасын табу
5. Өлеңнің жалғасын табу
6. Жылдар мен оқиғаны сәйкестендіру
7. Бейнебаян бойынша ой қорыту
8. Топ көшбасшысына тапсырма
9. «Анаға тілек»
10. Эссе жазу.

Кейінгі тапсырмалар
Өзгерістерді бағалау
Басқа әріптестермен ақылдасу
Тәжірибе негізінде өзгерістерді сипаттау

Жүргізетін жұмысым
Мұғалімнің іс - әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сыныппен сәлемдесу.
ә) Сыныптың оқушыларын 3 топ бойынша отырғызу (сыныпқа оқушылар кірген кезде бағдаршамның 3 көзі: қызыл, сары, жасыл түстерді тарату арқылы)
б) Сабақ алды тренинг. «Жүректен - жүрекке».
- Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше болатынын байқаған шығарсыңдар. Бүгін сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Ендеше, бүгінгі сабақты бастамас бұрын бір - бірімізге оқу - білімге қатысты нақыл сөз ретінде сабақалды тілегімізді білдірейік Әр топ оқушылары бір - біріне оқу - білімге қатысты тілек ретінде нақыл сөз айтады.

Сабақтың жүрісі «БЛУМ» таксономиясы бойынша:

І. БІЛІМ. Мағынаны тану сатысы
А) - Мультимедиялық тақтадан Қ. Әжібековтің «Ана мен бала» картинасын көрсету
- Оқушылар, бұл суретте нені байқадыңыздар?
Дұрыс, ана мен бала. Ал, енді ана бала үшін кім?
Иә, ана - баланың ең жақын, ең қамқор адамы. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы ана мен баланың арасындағы махаббат төңірегінде болмақ. Бүгінгі сабағымызда Міржақып Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» атты өлеңімен танысамыз.

Ә) Әр топқа тапсырмалар таратылып, топтар жаңа сабақпен өз беттерінше танысады.
1 топқа: М. Дулатұлы өмірі туралы мәліметтер
2 топқа: М. Дулатұлының «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі
3 топқа: Ақын өмір сүрген жылдардағы елдегі жағдай мен халқымыздың қазіргі жағдайы қандай? салыстыр

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 116
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру. Отбасы ата - анаға деген сүйіспеншілік құрметтерін еске түсіндіру.
М. Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
М. Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Міржақып Дулатұлының өмір мен шығармашылығымен таныстыру, берілген өлеңнің мазмұнына үңіле отырып, тақырыбын ашу. Проблемалы сұрақтар арқылы ойлау жүйесін дамыту, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін, оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру.
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Жезқазған қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтоты Рахимберліқызы
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Ж. Кереев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатаева Гүлнар Есентайқызы
Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тусупбекова Сауле Айтбековна
Міржақып Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі"
Міржақып Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі"
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова Райхан Лекерқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×