Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су- өмірдің нәрі

03 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: "Су - өмірдің нәрі"
Мақсаты: Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру.
Міндеті: 1. Оқушылар судың адам өміріндегі маңызын түсінеді.
2. Тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерін біледі.
3. Суды аялау, қорғау керектігін үйренеді.
Сабақ әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, тыйым сөздер, сызбалар, тәжірибеге қажетті заттар
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа әзірлеп алу.
Психологиялық дайындық
Айдай арайлап,
Күндей күлімдеп,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз
- Балалар, қазір біз сабағымызды бастамас бұрын екі топқа бөлініп аламыз. Ол үшін мына белгілердің ұнағанын алып көріңдерші!? Қане, қарайық ненің суреттерін көріп тұрсыңдар? Су, бу
Ендеше, Судың бейнесі салынған суретті алғандар
І.топ Су. Будың бейнесі салынған суретті алғандар
ІІ.топ Бу тобы болып бөлінеміз.
Су - тіршілік, сусыз өмір болмайды,
Ауаны құм, жерді түнек торлайды.
Бағалай біл байлығыңды, ел - жұртым.
Сонда гүлің жайнап мәңгі солмайды.
ІІІ Жаңа сабақ
Жер бетінде ең көп таралған зат – су. Картаға қарасақ, Жер шарының 4/1 бөлігі көгілдір түске боялған. Ол - су яғни мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер. «Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі - су» Халқымыз ежелден - ақ суды қастерлеген. «Судың да сұрауы бар» деп бағалай білген. Жер астында да су бар. Адам денесі судан тұрады. Адам су ішпей 6 - 7күн ғана жүре алады. Қанның құрамындағы су бүкіл денеге қоректік заттарды жеткізіп тұрады. Сусыз жануарлар да, өсімдіктер де өмір сүре алмайды. Су жоқ болса бөлмедегі гүлдер де өсуін тоқтатады. Тамақ та сусыз піспейді, тазалық та болмайды. Суға адамдарда, жануарлар да шомылады. Сумен кір жуамыз. Судың адам өміріндегі маңызына баға жетпейді.
Оқушылардың су туралы білімдерін, түсініктерін анықтап байқау.
- Су қандай зат? ( Сұйық)
- Судың түсі қандай? ( Мөлдір)
- Суды қай жерлерден кездестіреміз? (көл, өзен, жаңбыр т. б)
Судың пішіні барма? (пішінсіз)
- Судың адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
- Балалар, біз суды қайдан аламыз.
Тәжірибе арқылы көрсету. 1 - топ
Судың түсі, дәмі, пішіні, иісін тәжірибе жасай отырып, судың қасиеттерін анықтайды.
ІІ топ көрсетеді Суда еритін, ерімейтін заттар
Сергіту сәті Интерактивті тақтада жеңіл әуен ойналады (Тыныштық сәті)
Топпен жұмыс Ал, қане, балалар судың қасиеттерін анықтау үшін мына сызбаны толтырып көрейік
І топ Судың иісін, түсін, дәмін білдіретін сөздер арқылы сызбаны толтырады
Иіссіз Ащы
Су Түссіз Тұ Тұщы
Мөлдір Дәмсіз

ІІ топ Судың қасиетін білдіретін сөздер арқылы сызбаны толтыру
Аққыш Жаб жабысқақ
Су Жұққыш Еріт еріткіш

Табиғатта су үш күйде кездеседі
Судың жай - күйі
Сұйық (су) қатты ( Мұз) газ (бу)

Сұрақтарға жауап алу Ой толғаныс Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Олар терең өзеннен өту керек болды. Үстіне тұз артқаны судан шыға салып бүлкілдеп жорыта жөнелді. Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып, қабырғасы қайысып кетті Неге? Себебі: Тұз суда еріп жеңілдеп қалды. Мақта суды сорып алып ауырлап кетті
І топ Мақал - мәтел
1. Сулы жер, нулы жер
2. Бұлақ көрсең көзін аш
3. Судың да сұрауы бар
4. Сыйлап берген су да тәтті
5. Су қадірін шөлдеген білер
ІІ топ Тыйым сөздер
Суға түкірме. Суды бекер ағызба. Судың бетін ашық қалдырма. Түнде су алуға барма. Суды лайлама. Бұлақты былғама. Ағынды суға кір жума.
«Су - тіршілік көзі» тақырыбына Эссе жазғызу
Қорытынды: Тест алу
1. Судың қасиетін белгіле
А) мөлдір ә) ақ б) Сұр
2. Суда еритін затты белгіле
А) қант ә) тас б) құм
3. Суда ерімейтін затты белгіле
А) құм ә) тұз б) қант
4. Су табиғатта неше күйде кездеседі?
А) 2 ә) 3 б) 5.
5. Судың қатты күйі қалай аталады?
а ) су ә) бу б) мұз
Интерактивті тақтада сылдырып аққан бұлақ көрсетіліп, жеңіл әуен ойналып тұрады. Оқушы өлең оқиды.
41 131
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Су. Судың қасиеті
Су. Судың қасиеті
Су тіршіліктің көзі екенін ұғындыру. Әр түрлі тәжірибелер жасау арқылы судың қасиеттерін анықтау. Су туралы мақал - мәтелдер мен тыйым сөздер үйрету. Су туралы мағлұматтар беру.
Cу – тіршілік негізі
Cу – тіршілік негізі
Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Гулжамал
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық № 7 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Аманиязов Даурен Зейнуллаевич
Су. Судың қасиеті
Су. Судың қасиеті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбішеева Құрманкүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×