Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұхтар Әуезов "Жетім"

08 тамыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы:Мұхтар Әуезов "Жетім"
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Тақырыптың мазмұнын ашу, көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу.
Ә) Дамытушылық: Баланың ой - өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.
Б) Тәрбиелік: Жаңа материалды игере отырып, балалар мейірімді адам болуға адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру сабағы:
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап түртіп алу старт.
Сабақтың көрнекілігі: Автор суреті, кітаптар, балалар үйінің суреттері.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
- Психологиялық дайындық;
II. Өткенді пысықтау.
Үй тапсырмасын тексеру
«Аяулы Жақаң» мазмұнын айту. Жоспар құру.

І. Қызығушылықты ояту.
Сұрақтарға дұрыс жауап берсең ұлы жазушының аты шығады.
Міржақып
Байтұрсынұлы
Ахмет
той
Спандияр
Ыбырай

1. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің авторы кім?
2. «Ақкөл жағасында» әңгімесінің басты кейіпкері.
3. Қазақ тілінің негізін салушы?
4. «Орындалған» арман мәтіні қалай басталды?
5. Ыбырай Алтынсарин ның шәкірті.
6. «Дүниеде жамандық неден?» мәтінінің авторы кім?
II. Мағынаны тану.
Ой қозғау.

- Мұхтар Әуезов туралы не білеміз?
М. Әуезов

Ұлы жазушы, драматург, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым
Абайдан үлгі өнеге алды
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында туған
Омархан әкесі, Дінәсіл әжесі, Әуез атасы
Абай жолы романын жазды.

1) Автор туралы мәлімет беру.
М. Әуезовтің балаларға арналған «Көксерек» әңгімесі - адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма.. Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Атасы Әуез бен әжесі Дірнәсілдің тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Ол сол арқылы алты жасынан Абайдың өлеңдерін жаттап ауылдастарына оқып беретін дәрежеге жетеді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.
-«Жетім» сөзіне тоқталу.
Ой түрту.
- Балалар, сіздер жетім деген сөзді қалай түсінесіздер?
- Сол замандағы сұрапыл соғыс кезіндегі тағдыр тауқыметінен жетім балалар көп болды. Әке - шешелері соғысқа аттанып жетім қалды. «Жетім» деп толық емес жанұяның балаларын айтамыз т. б. Сондықтан қай заманда болмасын бұл өзекті мәселе болып табылады.«Жетім көрсең, жебей жүр» демекші әрқашанда мұндай балаларға жылы шыраймен қарап көмектесіп жүру керек. «Ақбөбек» балалар үйі бар. Мұнда әртүрлі деңгейдегі балалар тәрбиеленеді. Мысалы, үй тұрмыс жағдайы нашар отбасылардың балалары, ата - анасы ішімдікке салынып кеткен отбасылардың балалары т. б.
1. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту
Ә) Сөздікпен жұмыс, түртіп алу стратегиясы бойынша.
Б) Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап алу.
Сұрақтарға жауап беру.
- Жетім кім?
- Қорлық көрсетуші кім?
- Қасымның тағдыры не болды?
1) Табиғат балаға қалай көрінеді?
2) Қасым неліктен жеті түнде жалғыз, жаяу келе жатыр?
3) Қасымның тағдыры неліктен қиын болды?
4) Әңгіме неліктен «Жетім» деп аталынды?
«Жетім есіркегенді ел елейді». Енді қазіргі кездегі жетім балалар мен сол замандағы балаларды салыстыру. (Ауызша)
ІІІ. Ой толғау
«Авторға хат»
- Сендер автор болсаңдар, осы әңгімені қалай аяқтар едіңдер?
- Әңгіме сендерге қалай әсер етті?
- Мәтіндегі негізгі ой не?
Үйге тапсырма.
Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
Бағалау
12 934
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жетім М. Әуезов
Жетім М. Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, «Жетім» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнын таныстыру;
Жетім Мұхтар Әуезов
Жетім Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірімен таныстыру, «Жетім» әңгімесін оқыту, түсінік беру;
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру. Отбасы ата - анаға деген сүйіспеншілік құрметтерін еске түсіндіру.
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
М. Әуезов туралы мағлұмат алу, әңгіменің тақырыбын ашу. Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Атырау қаласы, Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Эльмира Қадірліқызы
Тәкаппар. Ш. Смаханұлы
Тәкаппар. Ш. Смаханұлы
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исеғали Жайдар Серікқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×