Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарқын жүзді ұстазым

13 қыркүйек 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жарқын жүзді ұстазым
(бастауыш сынып оқушыларының ардагер ұстаз Байжанова Нағия апаймен кездесу кеші)

Мақсаты: Оқушыларды білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына, мектебіне деген балалық алғыстарын, сүйіспеншіліктерін білдіру.
Көрнекілігі: талапқа сай безендірілген сахна, қанатты , нақыл сөздер, слайдтар, т.б
Жүрісі:
Кіріспе
Мұғалім:
Санжан: Армысыздар, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым - парасатымен, талғам - танымымен танылатын асыл жандар!

Интелектуалдық әлеуеті мықты, эрудициясы жоғары, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!

Ұстаз барша мамандықтың көш бастаушысы. Құйылады жыр-ағын, көптендара пырағым. Құтты болсын мерекең, заңғар тұлға мұғалім, - деген өлең шумақтары бүгінгі қонағымыз ардагер ұстаз Нағия апайға арналады. Педагогикалық еңбек жолын Ақтөбе облысы, Октябрь ауданынан бастады. 1975 жылдан Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында еңбек етіп келеді. 1975-1979жылы Бейнеу аудандық білім бөлімінде әдіскер, 1979-1984жылдары аудандық «Айгүл» балалар бақшасының меңгерушісі болып еңбек етті. 1984 жылдан аудан орталығындағы Абай орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып ауысты. 1989-1993 жылдары осы мектептің бастауыш сыныптарының оқу - ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1998 жылдан Бейнеу гимназиясында жұмыс жасап келеді.
Оның шәкірттері талай додалардың биік шыңын бағындыра білді.
«Математика сабағындағы логикалық есептерді шығару» тақырыбындағы шығармашылық іс-тәжірибесі 2007 жылы ауданда, 2008 жылы аудан мектептерінде тәжірибесі таратылды.
1982 жылы «ҚазССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісі,
1998 жылы Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы,
2002 жылы Бейнеу аудан әкімінің Алғыс хаты,
2002 жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталды. Мінекей, осындай ұлы тұлға ардагер ұстазбен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!

Айбек: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты жандар!

Нұрай:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

Бақытжан:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

Айбек:
Сіздердің құрметтеріңізге Тұралина Алтынайдың орындауында
«Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

Нұрай:
Әл-Фараби: «ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма? Бұл сөзден біз Нағия апайдың бейнесін көреміз.

Бақытжан:
Нағия апай - мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсін дер ек.

Айбек:
Сізбенен біз бар әлемді шарлаймыз.
Мұз боп қатып, жанартау боп сабақтарда қайнаймыз.
Сіз кіргенде дәу сумканы қолға алып есіктен,
Білім алып, азамат боп шығамыз деп жайнаймыз.

Нұрай:
Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,
Қымыздың күштілігі сабасынан.
Бишінің биші болып атануы,
Үйреткен, тәлім берген ұстазынан, - демекші кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

Айбек:
Ортаға Нағия апайдың оқушыларын шақырамыз.
(9сынып, 6 сынып, 2сынып оқушылары тақпақ айтады)

Нұрай:
Ұстаз - өз уақытын аямаған,
Өзгенің бақытын аялаған,
Ұстаз – деген күн нұрымен пара – пар.
Жүрегінен мейірім, шуақ таралар.
Шәкіртімен мадақталып, мақталып
Тек шәкіртпен биіктерге бара алар.

Бақытжан :
Сахнаға көрінісімен 4/а сынып оқушыларын шақырамыз.

Айбек: Ұстаздарға өз құттықтауларын ала келген 2-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
1. Кім боласың?
Кім болсаң да аман бол.
Бастықпысың?
Өте жақсы тұра қал.
2. Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі,
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Ұстаздардан шықпаңыздар жоғары.
3. Махаббаты: бала және Отаны
Сүйікті ісі: қағаз, кітап қопару
Демалысы: шәкірттерге хат жазу
Ал кәсібі: от беру мен от алу
4. Бұл халықтың мектеп жалпы тұрағы
Мектеп деме жан-дүние құрамы
Үсті-үстіне соққылаған жүрекпен
Өзін өзі ұмытудан тұрады.
5. Ал мұғалім барса алдыңа дұрысы
Жүрегіңмен сездір дағы ұлы ісін
Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,
Тастай қылып тындырып бер жұмысын.
6. Кім боласыз ұмтылмаңыз жоғары
Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі
Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба
Бірге: Шықпаңыздар мұғалімнен жоғары!

• 1 оқушы: Ғұлама білгіш ғалымнан,
• 2 оқушы: Оқушы жас жалыннан,
• 3 оқушы: Ғарышкерден, батырдан
• 4 оқушы: Өнері асқан актерден,
• 5 оқушы: Ырыс қазған шахтерден,
• 6 оқушы: Оқыған жас-кәріден
Оқушының бәрінен
Ұстаздарға мың алғыс!

Нұрай :
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы, - демекші бүгінгі кешіміздің ерекшелігі балалар сіздер Нағия апайға өз сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Кәне, кімде қандай сұрақ бар?

Бақытжан :
Данышпан да, дана да оқып сенен
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең
Айбек: Ән: «БАЛАЛЫҚ ШАҚ» орындайтын 2/ә сынып оқушылары

Нұрай: «Ұстазым менің» хор:орындайтын 2сынып оқушылары
Бақытжан: «Шығыс биі» орындайтындар 4-сынып оқушылары
Айбек:
Сырымды менің бес саусақтай біледі,
Бір мен үшін бөлек жаны, жүрегі.
Ұстаздан асқан қамқоршы жанды көргем жоқ,
Біздер үшін бақыт іздеп жүреді., -деп ұстаздардың құрметіне ортаға 4/ә сынып оқушыларын көңілді әзілдерімен шақырамыз.
Нұрай:
Өміріне серік еткен үмітті,
Еңбегімен еліне ол сүйікті.
Өзгелердің бақыты үшін тер төгіп,
Өзгелерге тілеп жүрер биікті.
Бақытжан:
Біз сіздерді шыдамдылықтарыңыз үшін
Кешірімді мінездеріңіз үшін
Мазасыз күндеріңіз үшін
Біз үшін ағарған шаштарыңыз үшін
Бірге:
Қашанда қарыздармыз.
Айбек: Хор. Орындайтын Ұлдар тобы.
Бақытжан:
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ артып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан!, - дей келе шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстазымыз Нағия апайға сөз кезегін береміз.
Айбек:
Мәрт мінез елің барда өресі кең,
Шықпайсың қажыма, ұстаз ел есінен
Жетіңдер мұраттарға ұзақ жолда
Тағдырдың толқын ұрған кемесімен
Нұрай:
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.
Бақытжан:
Қуат алып күндерден алыстағы
Жүресіңдер мініп ап намысқа бір
Дерексіздер өткеннен, керексіздер
Болыңыздар бай қуатты арыстарым.
Соңы.
22 611
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!
Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!
Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету.
Ұстазым - алтын діңгегім
Ұстазым - алтын діңгегім
Мақсаты: «Ұстаз» деген ұғымды жан - жақты түсіндіру, ұстаз атаулыға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, еңбектерін бағалап, сыйлап, қадірлеу сезімдерін ояту.
Ұстаз – ұлы тұлға
Ұстаз – ұлы тұлға
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің мұғалімі Изтлеуова Замзагүл
Ұстазым – ұлағатым, үлгі – өнегем
Ұстазым – ұлағатым, үлгі – өнегем
Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру.
Ұстаздың ұлы келбеті
Ұстаздың ұлы келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш класс мұғалімі Аптимова Серікжамал Ихсанқызы
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
1. Армысыздар, құрметті ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері, қонақтар және оқушылар! Бүгінгі «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» тақырыбында өткізгелі отырған кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×