Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаздың ұлы келбеті

15 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ұстаздың ұлы келбеті
Мақсаты: Оқушыларды мұғалімдерді құрметтеуге баулу, өз елінің адал, әділ ақылды азаматы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі. Мерекеге арналған газеттер, суреттер, гүлдер, шарлар, қанатты сөздер, слайдтар.

Барысы:
1 - жүргізуші
- Армысыздар, аяулы ұстаздар!
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған.
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағаты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңмен бастау алар бар арман.

2 - жүргізуші
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы, дей - отырып,»Ұстазым мәңгілік жадымда қалар жаңғырып»! мерекелік кешті бастауға рұқсат етіңіздер!
Тахмина
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Аружан
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алсын, үйренсін деп,
Күнде ерте құшақ жая шықты алдан.
Бүгінгі шашуымыз, ұлағатты ұстаздар, сіздерге арналады.
Ән. «Тойға шашу»
Айнұр
Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің өр шақтарын қуғандар.
Тимур
Ұстаз бізге білім беріп өсірген,
Қатемізді әрқашанда кешірген.
«Өмір жолы - қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп ақылды ғып өсірген
Мейіржан
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып, өз мерекең қарсы алды.
Қуанышта жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.!
Саят
Жақсылыққа біздерді баптаған,
Ұстазым өзіңменен мақтанам!
Iзгілік сыйлаған біздерге,
Мың алғыс, мың алғыс сіздерге!

Ән. «Білімнің бұлағы»
Нақыл сөздер:
1 - оқушы: «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан басталады»
Абай Құнанбаев
2 - оқушы: «Ұстаз» деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
С. Қожамқұлов
3 - оқушы: Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин
4 - оқушы: Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға. Абай Құнанбаев
5 - оқушы: Ұстаздық ету - өзінің уақытын аялау, өзгенің бақытын аялау.
6 - оқушы: Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты табуға үйретеді. Д. Дистерверг
7 - оқушы: Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім. Ғабит Мүсірепов
8 - оқушы: Мұғалім - оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмтылмас із қалдырады.
Н. А. Добролюбов
Қорытынды: Ұстаз ақыл - ойы мен күш - қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі тәрбие сағатымызды тамамдаймыз.
14 891
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаздар – ұлы тұлғалар
Ұстаздар – ұлы тұлғалар
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлаған.
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
Ұстаз ұлағатты асыл жандар
Ұстаз ұлағатты асыл жандар
Құрметті аяулы ұстаздар! Сіздерді төл мерекеміз «Ұстаздар» мерекесі құттықтаймыз. Ендеше «Ұстаз - ұлағатты асыл жандар» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік
Кызылорда облысы, Казалы ауданы Басыкара ауылы, № 182 мектептің әлеуметтік педагогы Кемалова Роза Өмірбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×