Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, балғын балалық, Қош бол, сүйікті бастауыш!

26 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қош бол, балғын балалық,
Қош бол, сүйікті бастауыш!
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз:
Құрметті ұстаздар, ата – аналар! Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, ойларына ой, саналарына сана қосып, өздерінде жауапкершілік пайда болып, еліміздің саналы азаматтары боп, бастауышпен қоштасқалы отыр.
Қош бол, балғын балалық,
Қош бол, сүйікті бастауыш!
атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!

Жүргізуші
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4«а» сынып оқушыларын ортамызға!
(Әуен ойналып, оқушылар ортаға шағады)
1 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен ата - аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл - қыздарың көрсетпекші өнерін,
Бар қауым тамсана таңдай қағар.
Ұлдар: Ассалаумағалейкум, ағайындар!
Қыздар: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Барлығы: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
1 - жүргізуші
- Кеше ғана тұлымымыз желбіреп, жүректеріміз лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл - қыздарыңыз ойымыз толып, бойымыз өсіп, бастауыш сатысымен қоштасқалы келіп отырмыз.
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
2 - жүргізуші
Армысыздар, ұстаздарым – әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.
1 - жүргізуші
Бүгін, міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әнімен жырына тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жанар болашағы шамшырақ.
2 - жүргізуші
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар.
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған.
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады
Азамат боп кешегі сәби – еркелер.
1 - жүргізуші
4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз бүгін білімнің негізі болатын бастауышты тәмамдап, қанаттары қатайып бастауыш сыныппен қоштасқалы тұр.
2 – жүргізуші:
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
Оқушы
Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.
1 оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
2 оқушы: Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата - анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
3 оқушы: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
4 оқушы:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
Хор: Балдырғандар вальсі
5 - оқушы:
Жүрегімде ұстаз берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын, ақылын,
Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.
Атағым Алатаудай болса биік,
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.
Алдында әрқашанда тағзым етіп,
Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп.
Ән: Ұстазым
2 - жүргізуші
Ұстаздарды «Ұлы адам» деп ұғынамын, білемін
Дәл солардай болсам деумен соғушы еді жүрегім.
Бүгін, міне, мен мектепте оқушымын салмақты.
Талпынамын, ізденемін атануға ардақты.
Байқалса бір жақсылықтай бойымнан жылт еткен,
Дарыған ол - ұстазымнан, еске аламын құрметпен.
1 - жүргізуші:
«Ұстаз» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі - бір адамға қарыздар.
Ол - ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.
Хор: Қазақстан туы
1 - жүргізуші:
О, менің ардақтаған, асыл анам,
Ақылмен, ақ сүтімен асыраған
Айналдым қасиетіңнен әрқашанда,
Жыр арнап міне, бүгін отыр балаң.
2 - жүргізуші
Теңейміз аналарды аппақ таңға,
Теңейміз аруларды шапағатқа.
Ана деп ән саламыз, жар саламыз,
Бас иіп «ана» деген асыл затқа
6 - оқушы
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мына өмірден
Бастауышым – балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын
7 - оқушы
Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз алғашқы ұстазбенен,
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып
Төрт жылда міне тез – ақ өткірді.
Білім жолда өтті талай өткелді.
Әліппені, ана тілін үйреткен
Ұстазбенен қоштасатын сәт келді.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Ендігі кезекті пән мұғалімдеріне берсек артық болмас:
1 - жүргізуші
Ердің құты, сәні де
Елдің күй мен әнінде
Кезек берем ән – күйге
«Музыка» дейтін пәніме
Музыка өнері пәнінің мұғаліміне Ақболат Ғиниятұлына
Өмірдің мағынасы ән менен күй,
Одан артық болмайды ешқандай сый,
Музыка әлеміне жетелеген,
Ағайдың әр сабағы біз үшін сый.
Ақболат ағай саналы да жеке дара,
Мектепте онсыз өтпес ешбір шара.
Деніңіз сау болсын деп тілейді
Сіз ән, жырды үйреткен әрбір бала
Асылгүл Аралбайқызына
Өзіңді де, өзгені де аялауды
Адалдықтан өзгені ойламауды
Үйреттің әр сабақта ыждағатпен
Жақсыдан өзгелерге жоламауды

Еңбекпен өтетұғын әр бір күнің,
Ұстазым, өзі – өзімді танытамын,
Жылы жүрек, тілейтұғын жасы тілек,
Көтерер әр баланың көкке даңқын!

Ертегідей, ғажайып сабақтарды
Қияға қанатымыз самғайды нық,
Балалық, ақ жүректен алғыс айтып,
Тілейміз, апай, сізге мәңгі шаттық!
Күй: Халық күйі «Кеңес» Орындайтын: Арыстанова Перизат
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Мәнсия Мақсотқызына
«Гудмонинг» деп басталар әр сабақты,
Әр жұма біз асығып, күтіп – бақтық
Ағылшынға тіліміз келе бермей
Кей кезде апай сізге жылап жаттық.

Мейіріммен үйреттіңіз бұл тілді,
Таныстырып біз білмейтін шет тілді.
Төрт жылда – ақ, меңгергенбіз үш тілді,
Бастауышпен қоштасар да кез келді.

Мансия апай, еңбегінің жана берсін,
Үш тілде оқушылар сөйлей берсін.
Сіз оқытқан әр сыныптан күні ертең,
Ұлтжанды дипломаттар шыға берсін.
Хор: Билибой
Дене шынықтыру өнері пәнінің мұғалімі – Бердібек Уалиханұлына
Кім білмейді біздің Бердібек ағайды
Спорт десе жоқтан ол бар жасайды.
Қашанда спортзалдан табылатын
Жұрт оны «денсаулыққа жаршы» атайды
Бердібек ағай ұл – қызыңыз жүлдегер боп,
Түссінші алшасынан асығыңыз
Қашанда биіктерден қол бұлғасын
Азаматқа лайық әр ісіңіз!
Ән: Бақ далам Бөлешов Сергей
Ән. Мектебім Арыстанова Перизат
Ән: Туған жер Жарасқалиев Мәулен
Слайдтан көрініс:
Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы істі мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Билерімен шаттандырған.
Би: Испан биі

Оқушы
Қанатымыз қатайды,
Биікке енді самғаймыз
Білім жолы сара жол
Қалықтаймыз, талмаймыз.
Әлемге жолды жалғаймыз,
Көк аспанға жұлдызға,
Ақ құстай боп самғаймыз
Сенімді біз ақтаймыз,
жүргізуші
Бүгін біздің ортамызға кішкентай бүлдіршіндер келіп отыр.

Ж. Аружан
Кішкентай ізбасарлар! Бүгін сіздерге әріп танып білім алған бастауыш білім негізінің алғашқы сатысының кілті – білім кілтін тапсырғалы отырмыз. Бұл сендердің жарқын болашақтарыңа жол ашатын кілт болмақ.

1 – жүргізуші
Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған
2 - жүргізуші
Тілейтұғын әрқашан да бақ саған
1 - жүргізуші
Тіршіліктің тынысы мен ажары
Бірге: Ата – анам, ұстаздарым – теңдесі жоқ жақсы адам!
2 – жүргізуші
Жетекші боп жүреді түлегіне,
Оқушыларын ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер, тыңдаңыздар ұстаз сөзін
Сіздерге арнап айтатын тілегін де
Сөз кезегін береміз бастауыш сынып бірлестік жетекшісі Зәуреш Сидағалиқызына бе
1 - жүргізуші:
Бітіруші түлектер
Жүктелер бар аманат.
Айтылар ізгі тілектер.
Болмасын еш жаманат.
2 - жүргізуші
Бастауышта оқыдық,
Ойға білім тоқыдық.
Бұлар бізден жалындар,
Ертеңгі ірі ғалымдар.
Алдында ұзақ жолың бар.
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман – есен болыңдар,
Бәрі бірге:
Азаматы болсын деп саналы елдің,
Кілтін бердің білімнің, сан өнердің.
Қимай – қимай біздерді аяулы ұстаз,
Ақ жол тілеп, қол бұлғап қала бердің
Қош бол, балғын балалық,
Қош бол, сүйікті бастауыш!
Бұл әніміз біздің бастауыш сынып ұстаздарымызға арналады.
Хор: Ұстаз - Мектеп
Ата – анаң секілді таза бұлақ,
Перзентің бауырында жайнар құрақ.
Құттықтау сөз кезегін алады енді,
Ата – ана, ұл – қызына тілек арнап
10 459
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, бастауыш
Қош бол, бастауыш
Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныстыра отырып, сәт – сапар тілеу.
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Бастауышым - бастамам
Бастауышым - бастамам
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Токбаева Назира Туреевна
Қош бол, балғын балалық!
Қош бол, балғын балалық!
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Николаевка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Бастауыш сыныппен қоштасу
Бастауыш сыныппен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Бураханова Айгүл Абдулхаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×