Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ә дыбысы мен әрпі

26 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ә ә дыбысы мен әрпі»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Әә дыбысы мен әріп таңбасын меңгерту. Ә ә дыбысын сөз ішінде тауып, дұрыс оқуға, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Тұтас сөзді, мәтінді оқуға төселдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл - ойын, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын жетілдіруге ықпал жасау.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, өзгенің еңбегін бағалай білуге, сауаттылыққа, көркем жазуға, әсемдікке баулу.

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекілік
Технологиясы: сын тұрғысынан оқыту
Көрнекілігі: көкөністер, жемістер, заттық суреттер, Ә әрпінің баспа, жазба
түрлері, себет.
Қажетті құрал - жабдықтар: интербелсенді тақта, бор, тақта.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Психологиялық дайындық
- Сәлеметсіздер ме балалар. Бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі отыр, оған себеп, бүгін бізге қонаққа ата - аналарымыз, апайлар келіп отыр. Солармен амандасып алайық.
1. Қайырлы таң досым
Қайырлы күн болсын
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!

III. Жаңа сабақ.
Әже туралы жұмбақ:
Ертегі айтып береді
Сені жақсы көреді
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
«Әже» сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі?
Ә - ә - ә - ә
Қалай айтылып тұр?
Ә ә - жіңішке дауысты дыбыс.
Әріп таңбасымен таныстыру.
Ә дыбысынан басталатын тағы қандай сөздерді білесіңдер?
Ойын «Кім шапшаң»
Мен сөздерді айтып тұрамын, ал сендер, сөз ішінде «Ә»дыбысын естіген бетте, алақаныңды шапалақта:
Әділет, адам, дәрі, доп, әтеш, ине, сәби,
Дина, әже, сәбіз, дәрігер

Өлең оқу.
Әжем бесік тербетіп,
Әлди әнін салады.
Әй - әй сәби ер жетіп,
Әже еңбегі жанады.
Өлең кім туралы?

ӘЖЕ ТУРАЛЫ АЙТЫП КЕТУ
Әже - отбасы мүшесі, ақылшымыз. (әңгіме )
Мақал – мәтел (үлкен кісі туралы, тәрбие..)

IY Сергіту сәті
Тақтада сөздер жазылып тұрады
Әже әсем сәнді ән әнші
Әке әдемі дәмді сән әтеш

Y Оқулықпен жұмыс
Мәтінді мұғалім оқып береді
2 - 3 жақсы оқитын бала оқиды
Мәтінмен жұмыс
Сұрақ – жауап
1. Әкенің анасы кім ( әже)
2. Шешенің анасын қалай айтамыз? (нағашы әже)
3. Қандай әжені елдің анасы деп айтады? (ақылды )
YI. Тізбектеп оқу
YII. Сергіту сәті.
YIII. Дәптермен жұмыс

Оқушылар серігіп болсақ қане Ә дыбысының таңбалануымен танысайық, таңбасын біз әріп дейміз.
Әріптің баспа жазба түрі бар, біз мектеп алды даярлық тобында баспа түрімен таныстық. Енді жазба түрімен танысамыз.
Ә әрпін енді кәне мен тақтаға салып көрсетемін сендер соны мұқият қараңдар.
Ауады жазу
Кіші әрпін жазу

IХ. «Адасқан сандар» ойыны
т е к і
2 1 4 3
к е с і
4 1 2 3
г і ш і л
3 1 5 4 2
к л т і
1 3 4 2

Х. Сабақты қорытындылау:
ХI. Бағалау, мадақтау
28 347
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі
Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпін таныту. Ю дыбысынан енген сөздерді буындап тұтас оқуға машықтандыру. Сауатты, көркем жазуға төселдіру, мәтінді түсініп оқуға үйрету.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпін таныстыру. Ә әрпіне байланысты сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату, сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
А дыбысы мен әрпі
А дыбысы мен әрпі
А дыбысы мен әрпін таныстыру, алғаш рет танысайын деп отырған әріптерінен келетін сөздерді, дыбысына байланысты буындар мен сөздерді білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру. Сөздерде қанша әріп қанша дыбыс бар екенін ауызша
«Б» дыбысы мен әрпі
«Б» дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Кужакова Ляззат Кужабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×