Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ә дыбысы мен әрпі

18 қаңтар 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Ә дыбысы мен әрпін таныстыру. Ә әрпіне байланысты сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату, сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жылжымалы тақта, суреттер т. б.
Әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің әрекеті. Баланың әрекеті.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіздер ме балалар. Бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі отыр, оған себеп, бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Солармен амандасып алайық.

ІІ. Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң досым.
Қайырлы күн болсын.
Жеті күннің әр кезі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!

Шаттық шеңберінде тұрып жаттығу жасайды.

Ұйымдастырушылық, ізденушілік.
- Апайлармен бірге бізге қонаққа әже де келіп отыр. Ол кісі сендерден көмек сұрай келіпті. Әженің Әсет және Әсел деген екі немересі бар екен. Әкі бала ауыл сыртындағы орманға саңырауқұлақ теруге шығып адасып кетеді. Сол балаларды тауып беруіміз керек. Қане әжемізге көмектесеміз бе?
- Иә.
- Ол үшін балалар сендер менің сұрағымды мұқият тыңдап, жауап беріп отырыңдар

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру. «Кім зерек?» ойыны (сұрақ - жауап)
- Өткенде қай әріппен таныстық?
- І дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Неге дауысты дыбысқа жатқызамыз?(ереже)
- Қане, сол І дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші.

- Жуан айтылып тұр ма, жіңішке айтылып тұр ма?
- Дыбыс деген не? (Дыбысты естиміз, айтамыз)
- Әріп деген не? (Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз)
Өте дұрыс, біз әжемізге көмектесуге дайынбыз.

- Әжеміз келе жатса алдынан бір үлкен өзен шығыпты. Бұл кісіні өзеннен өткізу үшін тапсырма орындауымыз керек.
«Өзеннен өту».

Жұмбақтың шешуін дұрыс шешсеңдер әже өзеннен өтеді.
- Бұрап қойған сағаттай
Айқайлайды таң атпай.(әтеш)
Жарайсыңдар балалар біз әжемізді өзеннен өткіздік.
- Әтеш сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
- Ә дыбысынан. – Бүгін Ә дыбысы және әрпімен танысады екенбіз.
- Ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Бұны білу үшін бәріміз Ә деп әндетейік.
- Қандай дыбыс екен? – Дауысты
- Ә ауыз мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке дауысты дыбыстың таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады.
Өзеннен өтіп орманға келдік.
- Орманды қане көз алдымызға елестетейікші.
(балалар өз ойларын айтады)
- Қандай аңдарды білетін едік?
- Олай болса әжеге кедергі келтіріп тұрған әрі қарай орындап біз әжеге көмектесейік.

І - аң қасқыр.
Қасқырдың тапсырмасы: Әрпінен сөз ойлау, дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу.
- Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз. Ә әрпінен басталатын сөздер ойлап, дыбыстық талдау жасаймыз.(дыбыстық талдау)
- Ән, дәрі, әтеш, әке – Өте жақсы.
- Қасқырдың сыйластық жақсы сөзі: Жолың болсын!

Ә дыбысы мен әрпі. жүктеу
6 722
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ә дыбысы мен әріпі
Ә дыбысы мен әріпі
Ә дыбысымен таныстыру. Ә дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату; сөз, сөйлем құрап айтуға, буынға бөле білуге дағдыландыру; қол жаттықтыру дәптерлеріне Ә әрпін жаздыру.
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі
Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
А дыбысы мен әрпі
А дыбысы мен әрпі
А дыбысы мен әрпін таныстыру, алғаш рет танысайын деп отырған әріптерінен келетін сөздерді, дыбысына байланысты буындар мен сөздерді білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру. Сөздерде қанша әріп қанша дыбыс бар екенін ауызша
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Қостанай қаласы №9 мектепте бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Элия Жакыпкызы
И дыбысы мен әрпі
И дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы Жаңаталап селосы Жамбыл атындағы орта мектептің Мектепалды даярлық сынып мұғалімі Амангельдина Айсұлу Амангелдіқызы
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 5 орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Нұрымбетова Нұрлыгүл Оралбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×