Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі

30 қазан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 3. 3. 1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
1. 3. 4. 1 мұғалім көмегімен оқыған / тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
1. 9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары
Ресурстар: Аудиожазба, таныстырылым. Интерактивті тақта, проектор, электронды оқулық, рефлексия парағы, А - 4 қағаз, маркер, суреттер, ойыншықтар, стикер

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Психологиялық дайындық
- Сәлеметсіздер ме балалар. Бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі отыр, оған себеп, бүгін бізге қонаққа ата - аналарымыз, апайлар, ағайлар келіп отыр. Сол кісілермен амандасып алайық.
Қайырлы таң досым
Қайырлы күн болсын
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп көрейік

Сабақтың ортасы
III. Жаңа сабақ
Жұмбақ
Ертегі айтып береді
Сені жақсы көреді
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі /Әже/
«Әже» сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі?
Ә - ә - ә - ә
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай.
Бұл не? /Әтеш/
Ә ә - жіңішке дауысты дыбыс.
- Ә – Ауыз мол ашылып, тіл мен иектін төмен түсуінен пайда болады. Ә дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі.
Әріп таңбасымен таныстыру.
Ә дыбысынан басталатын тағы қандай сөздерді білесіңдер?

Қызылорда облысы
№8 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының
бастауыш сынып мұғалімі: Умирзакова Роза Жақсылыққызы
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі. жүктеу
2 837
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі
Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем
Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Бізді қоршаған әлем. Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі
Бізді қоршаған әлем. Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі
Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі
мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×