Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?

20 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты:
• Оқушылардың ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейтуге көмектесу.

Сабақтың міндеттері:
• Ғарыш әлемі туралы неғұрлым жан - жақты ақпарат жинауына қолайлы орта туғызу.
• Оқушылар мәтінмен таныса отырып, саралау, сипаттау, зерттеу, салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау.
• Оқушылардың жеке, жұпта, топта жұмыс жасауын, пікір алмасу ортасын ұйымдастыру.
• Жас ұрпақтың патриоттық, отаншылдық сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
• Сабақ соңында оқушылар ғарыш әлемі туралы алған білімдерін өзгелермен бөлісе алады.
• Ғарыш әлеміне сипаттау, саралау, талдау жұмыстарын жүргізе алады.
• Жеке ойларын ортаға сала алады. Топқа ойын еркін жеткізе алады..
Басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне алады.
Сабақтың әдісі: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» Халықаралық жобаның жобалау әдісі, АКТ (ИКТ)
Қажетті материалдар:
Ғарыш туралы буклет, интерактивті тақта, мәтін, маркер т. б.
Бағалау: Кластер, жеке жасаған жұмыстары

Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс әрекеті.
Оқушының іс әрекеті
Мақсаты
Қызығушылықты ояту сатысы
Сұрақ:
- Ғарыш туралы не білесіңдер?
Балалардың ойларын тақтаға тізбектеп жазады.

Сұрақ:
- Ғарыш туралы не білгілерің келеді?
Балалардың ғарыш туралы туындаған сұрақтарын тақтаға тізбектеп жазады.
Жеке ойларын компьютерге 1 минут жазады, жазған ойларын жұптарына оқып беріп, топта талқылайды.
Жеке ойларын 1 минут жазады, жазған ойларын жұптарына оқып беріп, топта талқылайды.
Әр оқушы жеке ойларын жазып, алғашқы білімдерімен бөлісу
Сабақтың соңында балалардың алғашқы білімдерімен алған білімдерін салыстыру үшін
Әр оқушы жеке ойларын жазып, алғашқы білімдерімен бөлісу
Жазған сұрақтарына сабақтың соңында қайта оралу және сол сұрақтарымен жұмыс жасау
Мағынаны ашу сатысы
Ғарыш әлеміне слайд шоу арқылы саяхат жасау (сұрақ - жауап әдісін қолдану)
Ғарышкерлер туралы пікір алмасу.

Балаларды 4 топқа бөлемін
Нұсқау:
І топ. Кітапханаға барып, ғарыш туралы ақпараттар жинайды
ІІ топ. Сұхбат жүргізеді./интервью/. Сол мектеп ішіндегі жүрген мұғалімдерден, жоғарғы сынып оқушыларынан, әкімшіліктен немесе сыртта жүрген кісілермен сұхбат жүргізуіне болады.
Сұхбат жүргізу үшін алдын ала сұрақтар тізбегін құру керек.
ІІІ топ. Мақала жазады. Мақаланы «Ғарышқа сапар» тақырыбына жазады.
ІV топ. Ғарыш әлемінің суретін салу /мәтін «Ғарыш дегеніміз не?»/
/Осы жұмыстарға 20 минут уақыт беріледі./
Оқушылар сыныпқа жиналған соң, топта жұмыс жасайды. Жасаған жұмыстарына қорытынды жасайды.
Әр топ жұмыстарын қорғайды.
Берілген сұрақтарға бірлесе жауап беріп, талдау жұмыстарын жүргізеді.
1 топ кітапханаға барып, ғарыш туралы ақпараттар жинайды. Оқып, талқылайды. Қорытынды шығарады.
2 топ сұхбат жүргізбес бұрын ғарыш туралы сұрақтар тізбегін жазады. Алған сұхбаттарына топта бірігіп талдау жасайды.
3 топ «Ғарышқа сапар» тақырыбына мақала жазады.
4 - топ Ғарыш әлемі туралы сурет салу.
Әр оқушы жан жақты ақпарат жинай алады. Өз ойларымен бөлісе алады.

Еркін пікір алмасуға дағдыланады
Ғарыш туралы алған білімдерін қорытындылау, жазу машығын қалыптастыру.
Ой толғаныс сатысы
Интерактивті тақтадағы жазған өздерінің алғашқы білімдеріне қайта оралып, алғашқы ақпараттарын толықтырамыз.
Әр оқушы жеке кластер жасайды.
Алған білімдерін бағалау

Бағалау
Өзін - өзі бағалау, топтық бағалау, кластер арқылы бағалау

Үйге тапсырма •
Ғарыш әлемі туралы жан - жақты ақпараттар жинақтау
• «Мен ғарыш әлеміндемін» тақырыбында эссе жазу және сурет салу.

Сабақта қолданылатын мәтін:
Ғарыш дегеніміз не?
Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздарды бар. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағы отқа ұқсайды. Жұлдыздар жерден өте алыс қашықтықта орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Шынында да олардың әрқайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған, орасан зор газ шарлар. Ең ірілері күннен ондаған, тіпті жүздеген есе үлкен. Мөлшері жермен қарайлас шағындары да бар. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен үш мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алынғандардың саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 694
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғарыш әлемі
Ғарыш әлемі
Шығармашылық идеяларды дамытуға әртүрлі дереккөздерден ақпарат жинау.
Ғарыш әлемі
Ғарыш әлемі
Бұл қысқа мерзімді сабақ жоспары 3 сынып мұғалімдеріне көркем еңбек пәнінен көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр. Сабақтың тақырыбы "Ғарыш әлемі". Сабақтың мақсаты қолданыста болған материалдар мен табиғи материалдарды пайдалана отырып ғарыштық
Менің Айға сапарым
Менің Айға сапарым
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 3 «Г» сынып оқушысы Жұмағали Дәулет Мұғалімі: Тұңғышбаева Балдырған Алтынбекқызы
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Эльмира Қадірліқызы
Ғарыш әлемі
Ғарыш әлемі
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы «Амангелді орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Жакашева Гульжанат Касымовна
Ғарыш туралы түсінік
Ғарыш туралы түсінік
Зырян қаласының № 9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Серғазина Ақерке Алтайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×