Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғарыш әлемі

12 наурыз 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғарыш әлемі
Оқыту мақсаты 3. 1. 3. 2. Шығармашылық идеяларды дамытуға әртүрлі дереккөздерден ақпарат жинау.
3. 3. 1. 1 Өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін арнайы терминологияларды пайдаланып таныстыру.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:
Әр түрлі материалдарды пайдалана отырып, ғарыш әлемін жасай алады
Оқушылардың басым бөлігі:
Ғарыш әлемін жасау барысында әр түрлі материалды тиімді пайдаланып, шығармашылық ойларын дамыта отырып жүзеге асырады алады
Кейбір оқушылар:
Шығармашылық идеяларын іске асыру барысында жасалатын бұйым туралы ақпарат жинай алады
Жетістік критерийлері
• Тақырыпқа сай әртүрлі материалдан бұйым жасау тәсілдерін зерттей алса
• Шығармашылық идеяларын іске асыруды жинаған ақпаратты тиімді қолдана алса
Тілдік мақсаттар Оқушылар: Оқушылар шығармашылық жұмыс жасау үшін әр түрлі материалдарды қалай қолданатыны туралы түсіндіре алады.
Олар өткен және жаңа негізгі сөздерді, әзірлеу барысында терминдерді пайдаланады,
мәселен, т.б.
Көптілділік:
Диалог үшін пайдаланатын тіл:
• Ғарыш әлемін қандай материалдарды қолданып жасар едің?
• Сен ол материалдарды... не үшін таңдадың?
• Сен қолданған материалдардың қасиеттерін айта аласың ба?
Талқылауға арналған сұрақтар:
• Ғарыш туралы сіз не білесіз?
• Күн жүйесінде қанша планета бар?
• Күн жүйесіндегі планеталардың қандай атауларын білесіз?
• Ғарыш әлемінің қандай нысандарын білесіз?

Пәнаралық байланыстар: Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары: Бұл сабақта АҚТ қолдану дағдылары дамымайды, себебі бұл сабақта АҚТ қолданбайды
Бастапқы білім: Оқушы шығармашылық жұмыс жасау барысында қандай материалдарды қолдануға болатыны туралы айта алады.
Алдыңғы білім: Қоршаған орта, эксперимент жасау және стильдеу туралы біледі.

Сабақтың басы 1 - 5 мин
Сабақ басында оқушылармен амандасу. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өтілген сабаққа шолу жасау.
Оқушыларға аудиодыбысты тыңдатып сұрақтар қоямын:
- Тыңдаған аудиодыбыстан сіз не естідіңіз және оны
немен байланыстыра аласыз?
- Ғарыш туралы сіз не білесіз?
Слайд №1.

Презентация көрсете отырып сұрақтар қоямын:
- Күн жүйесінде қанша планета бар?
Жауаптары: 8
- Күн жүйесіндегі планеталардың қандай атауларын білесіз?
Жауаптары: Күн жүйесіндегі Планетелердың аттарын атаңыз (Меркурий, Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун).
Слайд №2
- Қазақстандық ғарышкерлерден кімдерді білесіз?
Жауаптары: Оқушыларға олар білетін қазақстандық ғарышкерлер туралы айтып беруін ұсыныңыз
(Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, А. Айымбетов).

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Таңатаров Н. Т.

Ғарыш әлемі. жүктеу
Ғарыш әлемі. слайдты жүктеу
5 457
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Би музыкасы
Би музыкасы
Би музыкаларының мінездемелері мен тарихы жайлы сараптама жасайды.
Ғарыш әлемі
Ғарыш әлемі
Шығармашылық идеяларды дамытуға әртүрлі дереккөздерден ақпарат жинау.
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Астана қаласы, № 61орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Букенбаева Замзагуль Кабдолловна
Менің Айға сапарым
Менің Айға сапарым
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 3 «Г» сынып оқушысы Жұмағали Дәулет Мұғалімі: Тұңғышбаева Балдырған Алтынбекқызы
Ғарыш туралы түсінік
Ғарыш туралы түсінік
Зырян қаласының № 9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Серғазина Ақерке Алтайқызы
Шығармашылық жоба жасау ерекшеліктері
Шығармашылық жоба жасау ерекшеліктері
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын, өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×