Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?

20 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану. 4 - сынып.
Сабақ тақырыбы: Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Ғарыш, Күн жүйесі, Галактика, Жер шары туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Көп ізденуге, білуге, оқуға баулу.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ әдісі: Сатылай кешенді талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Жүрісі:
І. Қызығушылықты ояту. Өткенді пысықтау.
«Еліміздегі егіншілік пен мал шаруашылығы»
ІІ. Мағынаны тану.
1. Ғарыш, аспан, Жер, жұлдыз дегенде не елестейді? (оқушылар пікірін тыңдау).
2. Мұғалімінің кіріспе әңгімесі. (Берілген суреттер бойынша аспан денелері, жұлдыз т. б. туралы баяндау.)
3. Оқулықпен жұмыс.
- Мәтінді оқып - танысу.
4. «Ғарыш дегеніміз не?» мәтініне сатылай кешенді талдау жүргізу арқылы
түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Ғарыш дегеніміз не?
1. Анықтама.
2. Тану.
3. Ерекшелігі.
4. Салыстыру.
5. Экологиясы.
6. Қорытынды.
7. Нәтиже.
1. Анықтама.
Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады.
2. Тану.
Ғарыштың құрамына: жұлдыздық жүйелер: галактикалар, әлемдік шаң - тозаңдар, әлемнің әр түкпірінен таралған сәулелер кіреді.
3. Ерекшелігі.
Ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады. Жарық секундына 300000 км жылдамдықпен таралады.
4. Салыстыру.
Күн – қатардағы жұлдыздардың бірі.
Жер – шар тәрізді дене.
5. Экологиясы.
Күн - жан - жағына жарық сәуле және орасан зор мөлшерде жылу таратады.
Бұл болмаса жер бетін қара түнек басар еді.
6. Қорытынды.
Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Кеңес Одағында Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 жылы 12 сәуірде Ю. А. Гагарин ғарыш кемесімен жер шарын айнала ұшты.
7. Нәтиже.
Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Телехабарлар беріледі, радио, телефон байланыстары жүргізіледі. Ауа - райы алдын - ала болжанады.

ІІІ. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
ІУ. Шығармашылық жұмыс.
1) Дәптермен жұмыс.
- «Басқа планетаға хат жазу»
- «Жер - Ана» эссе жазу.
- «Нұрлы әлем» тақырыбына сурет салу.
2) Оқушылардың ғарышқа ұшу, ғарышкерлер жайла жазған жұмыстарына
\реферат\ шолу жүргізу.

У. Ой толғау. Не туралы айттық?
- Жердің Әлемдегі орнын былай өрнектеуге болады:
Жер шары - Күн жүйесі - Галактика - Галактикалар тобы - Ғарыш, Әлем.

- «Не артық?» ойыны.
Ғарыш, Жұлдыз, Күн, Жер, Ай, Юпитер, Адам

- «Кім көп біледі?»
«Жер» сөзіне байланысты бірнеше сын есім қатыстырып айту.
УІ. Үйге: Мәтінді оқып - танысу
УІІ. Оқушыларды бағалау.
28 388
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ғарыш дегеніміз не?
Ғарыш дегеніміз не?
Астрономия ғылымының ерекшеліктерін анықтайды. Астрономия ғылымы туралы әңгімелейді Қоршаған ортаны танып - білу үшін орындалатын әрекеттерді атайды.
Ғарыш туралы алғашқы түсінік
Ғарыш туралы алғашқы түсінік
Күн жүйесінің құрамына кіретін аспан денелері мен Галактика неден тұратыны жайлы білімдері қалыптастыру; Күн жүйесінің құрамына кіретін аспан денелерін атайды.
Ғарыш дегеніміз не?
Ғарыш дегеніміз не?
Аспан денелері туралы қарапайым түсініктерді түсіндіру, қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту, шығармашылық ізденіске бағыт беру.
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Астана қаласы, № 61орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Букенбаева Замзагуль Кабдолловна
Менің Айға сапарым
Менің Айға сапарым
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 3 «Г» сынып оқушысы Жұмағали Дәулет Мұғалімі: Тұңғышбаева Балдырған Алтынбекқызы
Ғарыш туралы түсінік
Ғарыш туралы түсінік
Зырян қаласының № 9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Серғазина Ақерке Алтайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×