Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төлді қалай шақырады? Түйе. Бота

10 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Төлді қалай шақырады? Түйе. Бота.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға төрт түліктің төлдерін қалай шақыруын және түйе мен ботаның бойындағы ерекшеліктері туралы мәтіндерді оқыта отырып, олардың келтіретін пайдасы туралы түсінік беру және дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін жаттығуларды орындауда пайдалана білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың тұтас сөзбен жүгірте оқуын жетілдіре отырып, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру. Түйенің пайдасы туралы өлеңдердің, мәтіннің мазмұны бойынша оқушыларға әңгімелету. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқу техникасын дамыту. Сауат ашу кезінде дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін дамыту. Дауыссыз дыбыс әріптерінің сөз ішіндегі жазылу ерекшелігі туралы білімдерін дамыту.
3. Түйенің ерекшелігін, пайдасын әңгімелей отырып, оларға қамқорлық, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекілік: оқулық суреттері, төрт түлік, құлынның суреттері.
Әдісі: сұрақ – жауап, сын тұрғысынан ойлау, проблемалық жағдаят тудыру.

Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Мал атасы» өлеңін жатқа сұрау, мәнерлеп оқу.
- Малдың әрқайсысының иелерін атаңдар. (Слайдпен жұмыс).
- Қойдың атасы, жылқының атасы, ешкінің иесі, түйе атасы, сиыр иесі қалай аталады?
- Дыбыстар туралы сұрай отырып, дауыссыз дыбыс әріптерін атату.

IV. Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстар:
1. Кіріспе әңгіме. Сұрақ – жауап түрінде суреттерді пайдалана отырып, дүниетану сабағынан алған білімдеріне сүйене отырып жүргізу.
- Малдың қандай түрлері бар?
- Үй жануарларына нелер жатады?
- Неге үй жануарлары деп атаймыз? (Слайд).

2. Оқулықпен жұмыс.
«Төлді қалай шақырады?» өлеңін оқимыз.
а) Мұғалімнің оқуы;
ә) оқушылардың кезектесіп оқуы;
б). Сөздік жұмысы: серігім – досым, жолдасым; тана – моншақ; елпеңдеген – жүгірген;
в) сұрақ - жауап.
- Малдың әрқайсысының төлдерін атаңдар.
- Қойдың баласы қандай екен? Оны неге Шопаната түлегі деп атайды?
- Ешкі қандай жануар? Оны қалай шақырады?
- Қамбарата өсірген жануар қалай аталады? Оның адамға қандай пайдасы бар екен?
- Зеңгібаба өсірген түлік қалай аталады? Оны қалай шақырады? Қандай пайдасы бар?
- Екі өркеші бар, көзі танадай жануар қалай аталады? Оның пайдасы бар ма? Пірі қалай аталады?
- Бұлардан басқа қандай үй жануарлары білесіңдер? Оларды қалай шақырады?
- Мысық пен итті қалай шақырады?

V. Сергіту. – Малдардың төлдері туралы жазылған «Қошақаным» әнін айту.
3. Дәптермен жұмыс. 21 – жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазу.
4. «Түйе. Бота» өлеңін оқып беру. Оқушылар кезектесіп оқиды. Тізбектеп оқиды. Тауып оқу.
- Түйенің пайдасы туралы айтылған жолдарды тауып оқу;
5. Сөздік жұмысы: зор – үлкен, дәу;
дертке дауа - ауруды емдейді;
жота - арқаң;
жантақ – ащы шөп;
6. Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу:
- Неге ботақаным деп аталған?
- Тостағандай көзіңе деге жолдан нені аңғардыңдар?

VІ. Дәптермен жұмыс. Дәптердегі арнайы жаттығуларды орындау. Дауыссыз дыбыс әріптерінен басталатын 10 сөз ойлап жазу. (№ 2 тапсырма - 9 бет).

VІІ. Қорытынды. – Бүгінгі сабақта не үйрендік? Не білдік?
- Осы жануарлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Төрт түлік. Ендеше төмендегі сызбаны толтырып көрейік:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
23 671
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері. Төрт түлік. Төлді қалай шақырады?
Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері. Төрт түлік. Төлді қалай шақырады?
Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар
Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар
Төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтіп, әр малдың ерекшеліктері, пайдасы туралы білімдерін тексеру, ізденушілік қызығушылықтарын арттыра отырып, төрт түлік малға байланысты мақал — мәтелдер, әңгімелер тақпақтар айтқызып, білімдерін толықтыру.
Түйе, бота
Түйе, бота
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру.
Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі: Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×