Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі амалмен шығарылатын есеп

10 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Екі амалмен шығарылатын есеп»
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Екі амалмен шығарылатын есепті шешуді үйрету.
Дамытушылығы: Танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу; логикалық ойлау кабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: Өз бетімен жұмыс жасай отырып, өзінің де, өзгенің де еңбегін қадірлей білуге, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:
I 1Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың назарын сабаққа аудару «Ата - ананы тыңдаймыз» әні.
Психологиялық ахуал.
1. Тірек білімді еске түсіру.
Ауызша есептеу.
Айдын көлге жұп аққу
Ұшып келіп қонысты.
Үш қаз және екі үйрек
Жүзіп жүрген жолықты,
Қарсы алуға оларды
Төрт балапан шығысты
Жауабын тез айта салшы
Барлық құс нешеу болыпты?

II Ұй жұмысы №5 бет (55)
2 санын қосу және азайту кестесін сұрау.

III Жаңа сабақ «Екі амалмен шығарылатын есеп»
Сабақтың тақырыбы және мақсатын хабарлау.
Біздің бүгінгі сабағымыз отбасы жайлы болмақ. Отбасы - тәрбиенің басты ұясы. Біз өз отбасымызда отырғандай сезімде болып жанұя мүшелерінің берген тапсырмаларын орындайтын боламыз. Отбасында кімдер болады? Ата, әже, әке, ана, аға, жеңеше, апа, іні тағы басқалар.

Мұз айдынындағы сырғанап жүрген балалардың суреті арқылы оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару. Есепті оқушылар ауызша шығарады. Сурет бойынша есептің шартын шешуін оқушылар жазу дәптеріне орындайды.

I V 3 Оқулықпен жұмыс.
Атаның тапсырмасы:
1 - тапсырма
Есептің шешу нұсқаларын түсіндіремін, талқылау жүргіземін.
а) Шарты:
Жүр еді - 12 бала
Кетті - 2 ұл бала
Қалды -?
Шешуі: 12 - 2=10 бала
Жауабы: 10 бала

ә) Шарты:
Жүр еді - 10 бала
Келді - 5 қыз
Неше болды -?

б) Жүр еді - 12 бала
Кетті - 2 ұл
Келді - 5 қыз
Неше болды -?
Шешуі: (12 - 2)+5=15
Жауабы: Енді 15 бала сырғанап жүр.

Жоғарыда 1 - 2 есептің бір амалмен орындалатынын түсіндіру 1 - 2 есепті 1 есепке біріктіруге болатынын түсіндіру. Оқушылар жазуды дәптерге орындайды.
Әженің тапсырмасы.

2 - тапсырма.
Шешуі тақтада түсіндіріледі.
Сергіту сәті.
Әкенің тапсырмасы:

3 - тапсырма
Санды және әріпті өрнектердің арасында қандай айырмашылық барын түсіндіру әрі қарай өзіндік жұмысы ұсынылады.
а - 2 мұндағы а=32, 59, 11
32 - 2 =30
59 - 2 =57
11 - 2= 9

Ананың тапсырмасы.
5, 6 тапсырмалар.
«Топ пен орындалады».
1 сағ 10 мин=10 мин = 80 мин
90 мин= 1 сағ 30 мин
100 мин=1 сағ 40мин
1 сағ 9 мин= 69мин
1 тәул 1 сағ= 25 сағ

«Баспалдақ тұрғыз»

V Үйге тапсырма. № 4 есеп
VI Бағалау
23 274
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі амалмен шығарылатын есептер
Екі амалмен шығарылатын есептер
Екі амалмен шығарылатын есеппен және оны шығарудың жолымен алғаш таныстыру, осындай есептің мәнді белгісін тағайындау. 2 - ні қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі амалдан тұратын өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан
Екі амалмен шығарылатын есеп
Екі амалмен шығарылатын есеп
Екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру. Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Оқушылардың тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын өлшейді және оның ұзындықтарының қосындысын табады, периметрін табу жолымен таныстыру, екі амалмен шығарылатын есептерді құру, шешу, бекіту.
Қосу мен азайту 26+30 56 - 30
Қосу мен азайту 26+30 56 - 30
Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін
26+42, 68-42 түріндегі өрнектерді жазбаша қосу және азайту
26+42, 68-42 түріндегі өрнектерді жазбаша қосу және азайту
Қарқаралы қаласының №1 қазақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Рапихова Куралай
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×