Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Армысың, алтын ұя - мектебім

30 тамыз 2023, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
1 - қыркүйек Білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя - мектебім» атты салтанатты жиынның бағдарламасы

Жүргізуші: Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән,
Тербетер әр жүректі бір әсем ән.
Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз,
Сағынып жыл құсындай қайта оралған.

Мереке зор қуаныш - Білім күні,
Сыңғырла қоңыраудың алғашқы үні.
Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,
Балдырған, балғын жандар - өмір гүлі.

Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, бірлік, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын Білім күнің – мерекең!

Құрметті қонақтар! Ұстаздар! Ата - аналар және оқушылар!
Қазақстан Республикасының Конституциясының 15жылдық мерекесімен құттықтай отырып, 2023 - 2024 жаңа оқу жылының «Армысың, алтын ұя - мектебім»атты салтанатты жиынды ашу үшін сөзді мектеп директоры Мәмбетов Әлішер ағайға береміз.
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.
(әнұран орындалады.)
Жүргізуші: «Мектеп – кеме, білім - теңіз» сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып, нұр құятын - мектеп. Жаңа оқу жылының басталу салтанатының құттықтау сөзі аудандық білім бөлімінен келген өкіл----------------------------мырзаға беріледі.
Келесі сөз кезегі Майлыбас ауыл округының әкімі -------------------- мырзаға беріледі.
Жүргізуші: Мектеп ана күліп тұр тағы,
Шақырады қыркүйектің нұр таңы.
Асығуда әліппені алуға,
Еліміздің тағы бір жас ұрпағы.

Көп жылын осында өткізген.
Ұстаздар - ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғаңдар.
Алғашқы әріпті үйретер,
Ұстазды шәкірттерімен қарсы алыңдар
Бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған
бүлдіршіндерді ұстазымен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Төмендемесін талабың.

Нұр шашып көкте күн,
Өміріңнің көктемін.
Гүлдендірем деп келдім,
Сәлем алтын мектебім!- деп алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге сөз кезегін береміз.
Тақпақ.
Жүргізуші: Оқу қайта басталды,
Мектебіміз қарсы алды.
Қоңыраудың дауысы
Күмбірлетті аспанды.

Қағылмақ міне әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау.
Нұр толып жүзің, гүл толып құшақ,
Шаттыққа толсын омырау.
Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі беріледі.

1 - сынып оқушысы:
Құттықтау сөз.
Жүрегі алауланып жалын атқан.
Үмітін көре білген болашақтан.
Тынбастан еңбек етіп шәкірт үшін,
Білімнің өшпей тұғын шамын жаққан.

Ән: «Ұстазым»

Жүргізуші: Көрейік тек жанарлардың жарқылын.
Тыңдайықшы ағалардың ақылын.
Айтылатын ақтілек бар қауымға
Жақсы лебіз жарым ырыс жарқыным.

Елім болдың егемен,
Болашаққа сенем мен
Тәуелсіз елдің перзенті
Бақыттымын бүгін мен!

Ән: «Елім менің»

Жүргізуші: Тәуелсіз туған елдің ұланымыз.
Жақсы оқу, озат болу ұранымыз.
Бейбіт күнде шарықтап көгершінім,
Шырқалар - Қазақстан жыр әніміз.

Ән: «Тәуелсіз Қазақстан».
Ән: «Әгугай»

Жүргізуші: Бар мектептің басталар бүгін жыры.
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Жаңа ғасыр алдында ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі білім күні
Күмбірле қоңырау, күмбірле,
Шаттанып күлейік, біз бірге.

Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны осымен аяқталды.
35 556
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні. Тәуелсіз еліміз - Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай - ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні – өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі
Алғашқы қоңырау 1 - қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын
Алғашқы қоңырау 1 - қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын
Мектеп деген білім күні, жыр күні Мектеп деген ғылымның ең үлкені Мектеп деген тәрбиеші адамға Мектеп деген даналардың мекені
Армысың, алтын ұя - мектебім
Армысың, алтын ұя - мектебім
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қадірлі ата – аналар! Салтанатты жиынға арнайы келіп отырған қонақтар! Баршаңызды бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен және білім күнімен құттықтаймыз! Білім есігін ашар жас бүлдіршіндер, алғашқы қадамдарыңыз құттыболсын!
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
Құрметті ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар. Міне, бүгінгі қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп және бірінші сыныпты аттағалы отырған мектепті асыға күткен мектептің мерекесі
Мектеп бітірушілер кеші
Мектеп бітірушілер кеші
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Алтынсарин орта мектебінің педагог – ұйымдастырушысы Шәудірбаева Гүлшат Иманғалиқызы
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Қазалы ауылы №100 орта мектептің тәлімгері Пшанова Айгүл Әубәкірқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×