Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

17 қазан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қазалы ауылы №100 орта мектептің тәлімгері
Пшанова Айгүл Әубәкірқызы

№ 100 орта мектебінде «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты 1 қыркүйек Білім күніне арналған жиынның бағдарламасы

Салтанатты жиын өтілетін мектеп ауласы түрлі жалаушалармен шарлармен тақырыпқа сай мәтіндегі үнпарақтармен безендірілді. Ата Заң аясындағы тәуелсіз Қазақстан өмірі және Мемлекет рәміздері бейнеленген суретті плакаттар, ұстаздар мен оқушылар жетістігін баяндайтын мәліметтер ілінген стенд орналастырылады. Жиынға шақырылған арнайы қонақтар, ардагер ұстаздар жайғасады.
Жиынға қатысушылар:
1. Ата – аналар
2. Қонақтар
3. Ұстаздар және ардагерлер
4. Оқушылар

Жүргізуші:
- Қайырлы күн, құрметті жиналған қауым! Әлемдік өркениетке ұмтылудың өзегі білім, ғылым екенін ұғына біліп, қуаты күшті Ата Заңымыздың аясында нық сеніммен болашаққа қадам басқан жас өрендер, ата – аналар. Және ұстаздар, алғашқы қоңырау салтанатына қош келдіңіздер.
- Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз.

Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Біз өзіңде бақыт, білім берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын «Білім күнің – мерекең!

Жүргізуші:
- Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы әкелінсін. Туды әкелу құрметі мектебіміздің озат оқушылары қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, сыныптастарына үлгі боп жүрген үлгілі шәкірттер 11 сынып оқушылары Алмас Әлия, Әнуарбек Ардақ, Бақтыбай Самалға беріледі.
«Елім менің» әні ойналып, озат оқушылар тобы саппен адымдай басып Туды алып кіреді.

Жүргізуші:
- Еңсесі биік еліміздің айбынды Ата Заңының 17 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, 2012-2013 жаңа оқу жылының басталу салтанатына арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты жиынды ашық жеп жариялаймыз.
(әнұран орындалады)
Жүргізуші:
- Талабы таудай, білімге құштар еліміздегі сан мыңдаған балғынды білімнің жаңа белесіне жетелейтін бүгінгідей салтанатты жиынымыздың алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Мәмбетов Әлішер ағайға беріледі.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекемізге құттықтау әнін орындайтын озат оқушымыз Айтас Родомирдің орындауында «Мектебім» әні

Жүргізуші: Бүгінгі салтанатты мерекеміздің мәртебелі қонағы боп отырған
Майлыбас ауыл округінің әкімінің міндетін уақытша атқаруды Қартабаев Қазбек ағайға беріледі.
Келесі құттықтау сөз кезегі қарт - зейнеткер ұстазымыз Оразбаев Мақсат ағайға сөз беріледі.

Жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем арай шаттығын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Мерекеңіз құтты болсын ата – ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын – деп отырып бүгінгі мереке мектеп табалдырығын аттайын деп отырған 1 сынып бүлдіршіндеріне арналады.

Біраз жылын осында өткізуге,
Ұстаздар ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап.
Білімнің көшін жалғаңдар.
Алғашқы әріп үйретер
Ұстазды шәкірттерімен қарсы алайық.
(1 сынып оқушылары жетекшілерімен бірге сап түзеп ортаға келіп тұрады)
Қош келіпсің бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың
Шуақ шашып күн күлсін,
Таудай болсын талабың.

- Бүгін алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндердің құттықтау тақпағы.
Жүргізуші:
Аңқыған жұпар гүлімен,
Бірінші қыркүйек күнімен
Қуана қарсы алған мектебім,
Сүйкімі қоңырау үнімен.

Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау соғу құрметіне Дүйсен Диана,
Ердәулет Расул ие болды.

Қиындықтар мойытпасын сендерді
Батылдықпен асыңдар сан белдерді
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер
Біліміңмен қуантыңдар бізді енді.
Құттықтау сөз: 1 сынып оқушысы Бердіғали Аружан

Ән: «Мерекем» орындайтын Қуантқан Айда, Ібайдулла Дәуіржан

Тек жүректен арналар сөзімізде,
Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз
Сөз берейік құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
- ендігі сөз сапалы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ардагер ұстаздарымыз Нұрбаев Қойтанбай ағайға беріледі.

Жүргізуші: - Бүгінде елімізде мектеп табалдырығын аттаған сан мыңдаған бүлдіршіндер арасындағы әлеуметтік топтағы балаларды қолдау өтуі соңғы жылдары дәстүрге айналғаны баршаға аян. Осындай бүлдіршіндердің бір тобына қамқор көңілімен, тілеулес ниетімен сыйлық тапсыру үшін сөз мектеп директоры Мәмбетов Әлішер ағайға беріледі.
Мектеп директоры бір топ оқушыларға сыйлық тапсырады.

Бүгін қандай шаттық тола күн еді,
Бүкіл әлем ерекше бір түледі.
Балдырған жетектеген ата – ана,
Қуаныштан жарылардай жүрегі.
Білім көзін ашатынын біледі – деп сөз кезегі ата – аналарға беріледі.

Жүргізуші: Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкетілсін.
(әнұран орындалады)

Жүргізуші: Сөз кезегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карчалова Бақытжан апайға беріледі.

Жүргізуші: Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,
Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп
Білімнің көзін аша білсең тереңнен
Жетелейді армандарға бұл мектеп – деп бүгінгі «Білім күніне» арналған мерекемізді аяқтаймыз. Шәкірттеріміз бен ата – аналар мектепке кіріп, мұражайдан бастап, сынып бөлмелерімен танысу сәттеріне жол берелік.
7 602
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
- Армысыздар, құрметті ата – аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және жас ұрпақ, жасөспірімдер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, сағынышқа, шаттыққа толы алғашқы қоңырау мерекелеріңіз құтты болсын!
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні. Тәуелсіз еліміз - Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай - ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні – өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Армысыздар, құрметті қонақтар! Аяулы ұстаздар! Қадірменді ата - аналар! Сыңғырлай соққан қоңырау үніне келген жас бүлдіршіндер мен оқушылар! Сіздерді 1 - қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
Құрметті ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар. Міне, бүгінгі қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп және бірінші сыныпты аттағалы отырған мектепті асыға күткен мектептің мерекесі
Сыңғырла  соңғы қоңырау
Сыңғырла соңғы қоңырау
Қызылорда облысы, Қазалы аудандық балалар әуез мектебі «фортепиано»класының оқытушысы Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×