Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буын. Төзім

18 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Буын. Төзім
Мақсаты: а) Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтай отырып, төзім, ықылас туралы түсініктерін қалыптастыру.
ә) Оқушылардың сабақ барысында ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту
б) Төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: оқулық, суреттер
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту

Білу I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау. Топқа бөліну. (Таратпа қағаздар арқылы) Топтың аттарына түсінік беру.
1 - топ: «Сәлем» 2 - топ: «Әдепті» 3 - топ:«Төзім»

II. Үй тапсырмасын сұрау
Ойын «Жалғасын тап»
Мақал – мәтелдердің жалғасын табу(Интербелсенді тақтадан көрсетіледі)
1 - топ: Күннің шуағы - жылы,
(Ананың құшағы - жылы.)
2 - топ: «Сіз» деген - әдеп,
(«Біз» деген - көмек.)
3 - топ: Әдепті бала
Ата - анасын мақтатар.
(Әдепсіз бала
Ата - анасын қақсатар.)
1. Нұрмаш әкесінің тымағын не үшін кигісі келді?
2. Әкесінің тымағын киген Нұрмашты сипаттаңдар? Бекбай атай неліктен тымаққа тіл қатты?
3. Өздерің үлкендерге ұқсағыларың келе ме? Неліктен?
1 - 2 топ: «Не деу керек?»өлеңінің екі шумағын бөліп оқиды. 3 - топ: «Тымақ» әңгімесінің мазмұнын айтады.

III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
«Сыңарын тап» ойыны арқылы буындардан сөздер құрастыру.

IV. Мақсат қою кезеңі:
- Сөздегі буын санын қалай білуге болады?
- Буынға бөлінетін сөздерге мысал келтірейік?
1 - топ: бір буынды сөздер; 2 - топ: екі буынды сөздер; 3 - топ: үш буынды сөздер; Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
Жалғасын табады.
Бірлесіп сұрақтарға жауап береді.
Мәнерлеп оқиды. Мазмұнын айтады.
Түсіну
Қолдану
Мағынаны тану
Талдау
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу: 1 - топ: «Сәлем» 2 - топ: «Әдепті» 3 - топ:«Төзім»
62 - жаттығу. Сөздерді буынға бөліп жазыңдар.
1 - топ: Ай - на, ар - лы, ой - лы, қа - ла, жи - ен.
2 - топ: Ар - ман, ұс - таз, ұр - пақ.
3 - топ: Пи - яз, тұ - яқ.
Сергіту сәті
63 - жаттығу.
3 - топ: Жең - ге, жез - де, сің - лі.
2 - топ: Бал - дыз, жег - жат, жұм - бақ, құр - мет.
1 - топ: А - ян, ұ - ят, ұ - ял.
Сөз буындарының неше дыбыстан құралғанын айтыңдар. Екі дауыссыз дыбыс қатар келген сөздерді атаңдар.

Ой қозғау
Төзім сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Әңгімені нақышына келтіре оқып, мазмұнын әңгімелеу.
Оқулықпен жұмыс: Іштей оқыту, тізбектей оқыту.

Сөздік жұмыс
«Құйыршық» ертегінің аты.
Төзім - шыдамды болу. Ынта - ниет, ықылас.

Н. Ақышев - 1950 жылы 15 маусымда Тарбағатай ауданына қарасты, Маңырақ селосында туған. Оның шығармалары негізінен балаларға, жастарға арналған. Шығармалары:«Үндемейтін ұл», «Таң алдындағы дабыл»,«Жұмбақ іздер».

Әр топ өз аттарын көркем етіп жазады.
Әр топ өздеріне берілген жерге дейін оқып, әңгімелейді.

Сергіту сәті Әуенге билеу Ой сергітеді.
Ой толғаныс

Жинақтау Рөлге бөліп оқыту
VI. Жаңа материалды пысықтау.
1 - топ: Аяулы ертегіні неліктен тыңдай алмады?
2 - топ: Гүлдана ертегіні қалай тыңдады?
3 - топ: Аяулы Гүлданаға неге таңғалды?

VII. Бекіту кезеңі: 1. Әже ертегісін тыңдау үшін Аяулыға не қажет деді?
2. Буынның санын қалай анықтаймыз?
Тест сұрақтарын белгілеу.
1. Бір буынды сөздерді көрсет.
А) ақ, нан, май.
Б) ата, апа, әже.
С) бала, қалам.
2. Мына үзінді қай мәтіннен алынған: « - Әже, әже, қайтадан айтыңызшы. Мен естімей қалдым ғой,- деді.»
А) Тымақ
Б) Төзім
С) Көрші атам. Рөлге бөліп оқиды.
Үйге тапсырма

Бағалау
Кері байланыс Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Қағаздарға пікірін жазып өзі қалаған нұсқаға жабыстырады. Бағалау парақшасын толтырады.
7 107
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әке мен бала. А - Ә дыбыстары
Әке мен бала. А - Ә дыбыстары
Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын, сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту.
Төле бидің төрелігі
Төле бидің төрелігі
оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу; сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету;
Ақын тілегі. Заттың атын білдіретін сөздер
Ақын тілегі. Заттың атын білдіретін сөздер
Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту
Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі
Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз.
Не деу керек? Буын
Не деу керек? Буын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы № 90орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Айгул Шындалықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×