Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Не деу керек? Буын

05 маусым 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Не деу керек? Буын
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға буын туралы түсініктерін қалыптастыру
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту
б) Үлкен кісіні сыйлауға, әдептілікке тәрбиелеу, дұрыс амандасуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: кеспе әріптер.
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап,
Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге қандай тапсырма берілді? Біз бір - бірімізбен қалай амандасамыз, қане көрсетейік.
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: Дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін пысықтау
IV. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «буын» туралы болмақ. Буын дегеніміз не?- Қане кім айтады?

V. Жаңа сабақ: Ереже Сөзде неше дауысты дыбыс болса сонша буын болады: от, ба - ла58 - жаттығу 1. Сөздерді буынға бөліп оқу. Апа, әже, ата, көке, шеше, нағашы, жиен.
Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атау. Суретке қарап әңгіме құрап көрейік - Ата және бала. Бала атаға қалай көмектесіп жатыр?- Дұрыс, жолдан өтуіне көмектесіп жатыр. Сергіту сәті59 - жаттығу мақал - мәтелдерді оқыңдар. 1. Ананың сүті - бал, Баланың тілі - бал2. Күннің шуағы жылы, Ананың құшағы жылы. 2. Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын барын айтыңдар.

VI. Жаңа материалды пысықтау:
Не деу керек?
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді
- Не деп барып, жеу керек?
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу, айқай
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай
- Мұндайда не деу керек?
Әжең сенің түскі асқа
Қант - кәмпит салды мол
Жұрттан бұрын ыдысқа
Өз бетіңмен салдың қол
- Жөн еді не айтқаның?

VII. Бекіту кезеңі:- Балалар, өлеңдегі сауалдарға жауап беріп көрейікші - Бұдан басқа қандай сыпайы сөздерді білесіңдер? Мақалдар
1. «Сіз» деген - әдеп,
«Біз» деген - көмек.
2. Әдепті бала
Ата – анасын мақтатар
Әдепсіз бала
Ата - анасын қақсатар
VIII. Үйге тапсырма, бағалау
3 091
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буын
Буын
Оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, буын түрлерін меңгерту.
Сөз. Буын
Сөз. Буын
Сөз, буын, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру. Сөздің дыбыстардан құралатынын, сөзді бірнеше бөлікке бөлуге болатынын, ол бөлік «буын» деп аталатынын ұғындыру. Буын ұғымын меңгерту.
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету;
Көрші атам. Ұ - ү дыбыстары
Көрші атам. Ұ - ү дыбыстары
Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықтау. Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту
Буын буын түрлері
Буын буын түрлері
Буын түрлерімен танысады, дауысты дыбыс пен дуыссыз дыбыстың буын жасаудағы атқаратын ролін таниды. Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі – буын. Дауысты дыбыстар буын құрайды.
Сөйлем. Сөз. Аққала
Сөйлем. Сөз. Аққала
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Раушанова Жанаргүл Мақсотқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×