Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұрын және тыныс алу мүшелері

31 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұрын және тыныс алу мүшелері
Сабақтың мақсаты: Балаларды тыныс алу мүшелерімен таныстыру. Адам ағзасына ауаның өту жолын көрсету. Мұрынның ағзаны сақтаудағы маңызына түсінік беру.

Сабақтың барысы: Жылулық шеңбері:
Түсі бар көрінбейтін,
Бір тұтас бөлінбейтін.
Тынысы ол тіршіліктің,
Ешқашан жерінбейтін (Ауа)
Ауасыз ешқандай жанды зат, өсімдік өмір сүре алмайды. Адам ұдайы ауамен демалады. Үйде, мектепте, ұйықтап жатқанда, ойнап жүрсе де. Тек қана адам ғана емес, жануарлар да, құстар да өсімдіктерде ауамен демалады. Ауа мұрын арқылы өтеді.
Мұрын:
- Сәлеметсіздер ме балалар. Мені таныдыңдар ма?
- Мені қалай атайды?
- Мұрын
- Мен сендерге не үшін керекпін
- Демалуға, иіс сезуге.
Мұғалім:
Ал балалар мұрын мен ауызымызды басып демалмай отырайықшы. Не күйде болдың?
- Ауа жетіспейді демалалмай қалдық.
- Демек, мұрын біздің өмірімізде маңызды роль атқарады екен.
Ауа мұрын арқылы өкпеге өтеді. Ауа мұрын арқылы тазаланып, сүзіліп өтеді. Ал ауызбен демалуға болмайды. Себебі ауыздан сүзілмеген ауа өкпеге өтсе, онда адам ауруға шалдығады. Енді балалар мұрынмен бірігіп “Иісін айыр” деген ойынды ойнап жіберейік.
Әртүрлі заттарды иісін иіскеу арқылы аттарын табу.
Демек мұрын арқылы біз дем аламыз, иіс сеземіз.
Мұрын:
Есіңе сақта!
Тәжірибе жасау: Балаларға жарғақ қапшықтарды таратып беріп, алдымен ауаны толтыру, кейін оны шығару тапсырылады.
Бұл біздің өкпеміз. Ол осылай жұмыс жасайды. Біз демді ішке алғанда ауаға толады, демді шығарғанда ол босайды.
Мұрынның тапсырмасын орындау.

Сергіту сәті:
Тұрады алшақ аяғым,
Керіледі көкірек.
Еркін тыныс аламын,
Санаймын:
Бір, екі.
Енді балалар демалуға арналған жаттығу жасаймыз. Шармен ойын:
“Шарды кім тез үрлейді”
Қорытындылау: Денің сау болып өсуі үшін, өз ағзаңды шынықтыр, күнде ертеңгілік жаттығу жаса, қыста жазда спортпен шұғылдан.
5 467
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер.
Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер.
Тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру үшін топта жұмыс істей (айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын) алады.
Менің кішкентай көмекшілерім
Менің кішкентай көмекшілерім
Балаларды көз құлақ мұрын тіспен таныстыра отырып дене мүшелері туралы білімдерін жетілдіру.
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі
Оқушыларға адам ағзасының тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі, тыныс алудың маңызы туралы терең білім беру
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, көмекей, кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы мен қызметі. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу.
Мұрын және тыныс алу мүшелері
Мұрын және тыныс алу мүшелері
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Идрисова Несіп Мейрамовна
Тыныс алу жаттығулары
Тыныс алу жаттығулары
Мазмұны: Балалармен тыныс алу, соның ішінде мұрынмен тыныс алу жаттығуларын орындау. Комплексті жүйелі мұрын мен тыныс алу жаттығуларын қарқыны.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×