Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағаш ек. Селеубек Шаумаханов

13 маусым 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ОҚО, Шымкент қаласы.
Бастауыш сынып мұғалімі: Унгарбекова Бақыткүл

Әдебиеттік оқу 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ағаш ек Селеубек Шаумаханов
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын түсініп, идеясын ашу арқылы балаларды дүниежүзілік мәселелер туралы сөзге тарту
Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, білуге құштарлығын арттыру, дамыту.
Тәрбиелік мәні: Туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту, табиғатты қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу. Экологиялық мәселелердің шешімін іздеуге талпындыру

Әдісі: Куббизм әдісі, Топтастыру әдісі, СТО стратегиясының элементтері
Көрнекілігі: Слайдтар, бағалау парақшалары, плакат

Сабақтың барысы:
1 - Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу рәсімі
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Сыныпты әр түрлі ағаштар арқылы топқа бөлу, топ басшыларын сайлау, топ ережесін құру, бағалау парақшаларын тарату, таныстыру

2. Үй тапсырмасын сұрау «Куббизм әдісі»

* Қызығушылығын ояту
1. Ақын бұл өлеңде не туралы айтқысы келген?
2. Қ. Мырза Әли туралы не білеміз?
3. Бірінші басқан қадамың, әрекетің сәтсіз болса не істейсің?
4. Өнерді үйренудің алғашқы қадамы қандай болады деп ойлайсың?
5. Алғаш балға ұстаған бала мен өзіңнің алғаш әріп үйренген кезіңді салыстыр?
6. Бірінші рет кітап ұстаған балаға не айтар едің?

*Ой қозғау
6¹ 9³ 6¹ 3² 5² 2²

Топтастыру Ағаш егу керек пе? Не үшін керек?
Оқулықпен жұмыс Көнеден қалған мынадай сөз бар екен Адам өз өмірінде 3 нәрсе істеу керек. Ол – үй салу, ағаш егу, бала тәрбиелеп өсіру. Неге екенін білу үшін мәтінді оқиық
Мәтінді тізбектей оқу, жаңа сөздерді түртіп отыру

Сөздікпен жұмыс
1. Аптап -
2. тәжім -
3. Жапан түз -
Ыза су...
Сендер нені ойламаған едіңдер? Ақынмен ойларың қай жерде түйісті?

Сергіту сәті:
*Ағаштың ең жұмсақ жері ортасында болады да, ал оның сыртынан қатты қабықшамен қапталады. Жыл сайын көктемде осы қабықша жаңа жұмсақ қабат түзеді. Осы ағаштардың жасын сақиналарына қарап білуге болады.
* Ең ауыр ағаш - АҚШ - тың Калифорния штатында өсетін «генерал Шерман»алып бағында орналасқан.
*Ең кәрі ағаш - Калифорния тауларынан табылған қарағайлар. Олар 5000 жылдан астам уақыт өмір сүріп келеді екен.
*Үндістанда өсетін бельгиялық фикустың бұтақтарынан төмен қарай салбырап тұратын жерүсті тамырлары болады. Бұл тамырлар ені 60 метрлік шағын орман құрады екен.
«Ататүрік» туралы түсінік беру
Түрік халқының ұлт - азаттық күресін1918 - 1922 жылдары басқарып, туған елін сан ғасырлар бойғы езгі мен қанаудан құтқарған - Мұстафа Кәмәл Ататүрік(1881 - 1938)
Ол бастаған күрестің негізінде демократияға негізделген бүгінгі Түркия Республикасы дүниеге келді. 1923ж 29 қазанда Оның тұңғыш президенті Ататүрік болды. 1934ж Парламенттің арнайы қаулысымен оған «Ататүрік» деген фамилия беріледі.
Ағаштан жасалған ұлттық аспап түрлері

Топтастыру Ш. Ж
1 - топ Ағашсыз өмір сүруге болар ма еді? Ағаш туралы мақал – мәтелдер айт
2 - топ Мәтінді Ататүрік сөзімен байланыстырып әңгімелеп бер. Ағаш туралы өлеңдер
3 - топ “Ағаш пен Былқылдақ пластмассаның айтысы”атты шағын күлдіргі әңгіме құрастыр

Қорытынды: Кері байланыс Не білдік? Не үйрендік? Өз ойларын жазып, тақтада ілінген смайликтердің астына жапсырады. Осыдан бүгінгі сабақтың қаншалықты оқушыға ұнағанын байқаймын

Үйге тапсырма беру: С. Шаумаханов туралы іздену, мәтінді оқу, әңгімелеу
Бағалау: топбасшылары бағалау критерийлері бойынша бағалайды.
6 628
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
С. Шаумаханов Ағаш ек
С. Шаумаханов Ағаш ек
Отан мен туған жер, табиғат ұғымдарының бірлігін жасампаз адамзат істері арқылы түсінуге мүмкіндік беру. Экологиялық мәселе шешімін іздеуге талпыныс арқылы оқу, жазу, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» мәтінін түсініп оқуға үйрету. Мазмұнын негізгі идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Табиғатты қорғауға түсінік жасау.
Торғай. Жүсіпбек Аймауытов
Торғай. Жүсіпбек Аймауытов
ОҚО, Шымкент қаласы, Бастауыш сынып мұғалімі: Унгарбекова Бақыткүл
Мекен үстеу
Мекен үстеу
ОҚО Шымкент қаласы Бастауыш сынып мұғалімі: Унгарбекова Бақыткүл
Қыс мезгілі
Қыс мезгілі
Астана қаласы №3 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі мұғалімі Асанова Назира Куанышовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×