Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Қазақстаным

24 шілде 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қостанай облысы, Рудный қаласы,
"№10 мектеп - гимназиясы"КММ – нің
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Кужамратова Жансауле Ролифовна

Ашық сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным.
Сабақ формасы: Жарыс сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен тақырып бойынша, Қазақстан туралы алған білімдерін түрлі ойын әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын, сөйлеу тілін, логикалық ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отанға деген патриоттық сезімдерін ұялату.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ. «Бәйге».
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, математика.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, ойын.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, сахналық көрініс, карточкалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Армысыз, қайырлы Күн!
Армысыз, мейірімді Жер Ана!
Армысыз, қайырымды, Аспан Ата!
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе, мұғалім!
- Отырыңдар.(Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлеу).

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
- Сәлеметсіздер ме, балалар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Менің Қазақстаным. Сабақтың ұраны: «Бірлігі күшті ел озады».
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ. «Бәйге». Бәйгеге үш топ қатысады. Қыран, Тұлпар, Сұңқар тобы. Әділқазылар алқасымен таныстырып өту. Сабақ бес кезеңнен тұрады.

Сабақтың кезеңдері:
1кезең. Кластер бойынша Қазақстан туралы сөйлемдер құрастыру(Интерактивті тақта қолдану «Суреттер»).
2кезең. «Сандар сыр шертеді». Әр санға байланысты әріптерді қойып оқыса, орыс тіліндегі мақалдың аудармасы шығады.
3кезең. «Ғажайып сандық» ойыны. Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушы асық атады, өзінің қанша мерген екендігін сынайды.

4кезең.«Сиқырлы қоржын». Әріптерден сөздер құрастырып, сөйлем айту.
5кезең. Мәнерлеп оқу. Отан туралы өлең, тақпақ айту.
Әр кезеңнен өткен топ 10 ұпайдан жинап отырады.

ІІІ. Танысу. Ал, ендігі кезек үш топқа беріледі. Өздеріңізді таныстырып өтіңіздер.
1 - топ Қыран тобы:
Қуат – күшін арнаған сүйікті елге
Қыран болып, самғаймыз биіктерге.
Қыран тобынан Тұлпар, Сұңқар тобына жалынды сәлем!
Ұранымыз: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

2 - топ Тұлпар тобы:
Тұлпарға тән адуын, еркін, екпін,
Бойымызда бәрі бар, кереметтің.
Тұлпар тобынан Қыран, Сұңқар тобына жалынды сәлем!
Ұранымыз: Елің сүйген – ер болар.

3 - топ: Сұңқар тобы:
Талпынамыз, шыңдарға, асқарларға,
Талпынамыз табысқа кенелуге.
Сұңқар тобынан Қыран, Тұлпар тобына жалынды сәлем!
Ұранымыз: Ата қоныс – алтын мекен.

ІҮ. Топ жарысы.
1кезең.«Білімділер» - Ал, енді жарысымызды бастаймыз.
Тәуелсіздік алғалы 20 жыл толып, Отанымыз жылдан жылға көркеюде.
Тақтаға қараңыздар, мына тірек сөздер арқылы Қазақстан туралы әңгімелеп беріңдер.

2-кезең. «Сандар сыр шертеді». Әр санға байланысты әріптерді қойып оқыса, орыс тіліндегі мақалдың аудармасы шығады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 762
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Жол және бала
Жол және бала
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жылтыр селосы, «Балбөбек» балабақшасы Қожабергенова Игілік Рыскелдіқызы
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Атырау қаласы, Жалпы білім беретін №6 ора мектеп шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Айжан Базарбайқызы
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Астан қаласы, №63 балабақшасының ән күй жетекшісі Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Біз бесеуміз, бесеуміз
Біз бесеуміз, бесеуміз
Математиканың мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу бағдарламасында белгіленіп берілген бес тармағын негізге ала отырып, пәндердің байланысқан көмегі арқылы (құрастыру, тіл дамыту, дидактикалық ойындар) логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×