Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз бесеуміз, бесеуміз

12 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мукатова Ж.Б.
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№20 «Дидар» МДҰ тәрбиеші

Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дәстүрлі емес кіріктірілген ойын-сайыс сабағы
Тақырыбы: «Біз бесеуміз, бесеуміз»

Мақсаты: Математиканың мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу бағдарламасында белгіленіп берілген бес тармағын негізге ала отырып, пәндердің байланысқан көмегі арқылы (құрастыру, тіл дамыту, дидактикалық ойындар) логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, зейінділігін арттыру. Сабақта ойындарға арналған түрлі – түсті суреттер, шарлар, жолақшалар көрнекілігі ретінде пайдаланылады.

Сабақтың әдіс – тәсілдері:
түсіндіру, сұрақ – жауап әдіс – тәсілдері қолданылады.

Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Балалар, жұмысымызды бастамас бұрын сәлемдесіп алайық.
Армысыз, қайырымды Аспан – ата.
Армысыз, мейірімді Жер – Ана!
Армысыз, шұғылалы Нұрлы – Күн.
Армысыз, балабақша, дос – жаран.
Армысыздар, құрметті қонақтар.
Рахмет балалар, бүгінгі есеп сабағы басқа сабақтардан ерекше болмақ олай болса біз екі топқа бөлінеміз.

Бірінші топ – Ақбота тобы.
Екінші топ - Ұшқын тобы.
Үшінші топ – Күн тобы
Төртінші топ – Болашақ тобы

Тәрбиеші:
- Балалар, міне, керемет сендер не байқап тұрсыңдар. Мынау не?
Қызыл, сары, көк түсті.
Шарларымыз көп тіпті.
Қане, қайсысын таңдайсың.
Түсін біліп алғайсың.
- Балалар шарлардың түсі қандай?
- Қызыл, сары, көк, жасыл.
- Жарайсыңдар, байқадыңдар ма бұл шарлар сиқырлы шарлар. Балалар шарлар қай жерде тұр?
- Жоғарыда
- Біз шарларды алуымыз үшін алдымен тапсырмаларды орындауымыз керек. Күніміз әрқашан көңілді болсын деп біз сары шардан бастаймыз. Сары шарымызда тапсырма қандай геометриялық пішінде жазылған екен?
- Дөңгелек пішінде жазылған.

I – тапсырма: Топтардың сәлемдесуі
Балалар мен сендердің ұпайларыңды геометриялық пішіндермен белгілеп отырамын.
Ақбота, Ұшқын тобы:
Дайын біздің команда,
Шығыңдар, кәне жарысқа,
Кімдер епті кім күшті,
Озып шығар сайыста.

Күн, Болашақ тобы:
Жақсы білім алайық,
Болыс бізге халайық,
Не үйрендік, не білдік,
Кәне ортаға салайық
II – тапсырма:
- Көктемнің келгендігін білдірген секілді жасыл түсте берілген бұл қандай геометриялық пішінге жазылған?
- Төртбұрыш пішінде жазылған.

Санамақ айту:
Балалардың қалауы бойынша әртүрлі санамақтар айтылады.

III – тапсырма:
Тапсырма көктемнің құлпырған қызғалдағындай қызыл сопақша пішінге жазылған оқып көрейік.

IV – тапсырма:
1. Қай ағаштың жапырағы?
2. Жіптерден геометрия пішінін саламыз.
Сергіту сәті
Бұғының үлкен үйі бар,
Терезеден қарайды ол...

V – тапсырма.
1. Таяқшалармен есеп шығару
2. Дәптермен жұмыс.
VI – тапсырма.
Құрастыру жұмысы. (геометриялық пішіндерден)

VII – тапсырма.
Аңдарға зоопаркке жетуге көмектес.
1. Вагондарды ретімен орналастыру.
2. Билет бойынша аңдарды вагонға отырғызу.
Сабақты қорытындылау, балаларды мақтау – мадақтау алғыс хатпен марапаттау.
10 273
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күн жарқырап, шөп шықты
Күн жарқырап, шөп шықты
Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес (қағазбен бастыру, шиыршықталған қағаздар арқылы) тәсілдерімен жұмыс істеуге үйрету. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шығармашылық қиялын саусақ моторикаларын дамыту.
Қызықты математика
Қызықты математика
Балабақша тәрбиешісі: Меңдәлі Г.С.
Жол және бала
Жол және бала
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жылтыр селосы, «Балбөбек» балабақшасы Қожабергенова Игілік Рыскелдіқызы
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Атырау қаласы, Жалпы білім беретін №6 ора мектеп шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Айжан Базарбайқызы
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Астан қаласы, №63 балабақшасының ән күй жетекшісі Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×